Урок по казахскому языку «Менің бос уақытым»

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Менің бос уақытым.

Мақсаты:1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер қолдану арқылы оқушыларды ойлауға,әңгімелеуге,дәлелдеуге үйрету.

2.Сөздік қорын ,ауызекі сөйлеу қабілетін,диалог түрінде сөйлеу әрекетін дамыту.

3.Оқушыларды бірін- бірі сыйлауға және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Негізгі ойы: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өзін-өзі реттеу үдерісін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілік: презентация,суреттер,мәтін,үлестірмелі материал(кәртешкелер)

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жұптық, топтық жұмысы,

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Тренинг «Тілек»(шеңберге тұрып бір-біріне тілек айтады).

II.Үй жұмысын тексеру.

1.Жұптық жұмысы.Үлестірмелі кәртешке «Етістіктің шақтары».(оқушылар бір-бірінін жұмысын тексереді)

2.Сөздік жұмысы. «Ыстық орындық» сөздерді тексеру.

III. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі.

1.Суреттер арқылы сабақтың тақырыбын,мақсатын анықтау. (әр түсті стикер арқылы топқа бөлу )

2.Жаңа сөздермен танысу.

Саяжай саңырауқұлақ

балық аулау

компьютерде ойнау бейнетаспа

көмектесемін тиімді

2.Тренинг «Мен және менің бос уақытым»

  • Жұптық жұмыс (балалар бір-біріне өз бос уақыты туралы әңгімелейді)

(әр түсті стикер арқылы топқа бөлу )

  • Топтық жұмысы (топқа оралып, оқушылар бір-біріне білгендерін және суреттерін көрсетіп жеткізеді)

3.Мәтінмен жұмыс «Менің бос уақытым». Оқып,аудару

Мен мектепке аптасына алты күн барамын ,демалыс күнім - жексенбі.

Жексенбі күні кешірек тұрамын.Қыста жексенбі күні шаңғы тебуді ұнатамын.Серуеннен түскі тамақтан кейін ораламын.Кейде достарыммен кездесіп,ән тыңдаймыз,бейнетаспа көреміз.

Жазғы демалысымды таза ауада қызықты өткізуге тырысамын.Сенбі күні кешке ата- анаммен ,саяжайға кетемін.Орманға барып саңырауқұлақ,жидек теремін.Кейде досыммен спорт кешеніне барып жаттығулар жасаймыз,кейде киноға барамыз,футбол ойнаймыз.Бос уақытым аз болса да, мен бос уақытымды тиімді өткізуге тырысамын.

4.Диалог «Менің бос уақытым»

5.Жазылым.

  • Жіңішке,жалпақ сұрақтар құрастыру

  • Үлгерімі жоғары,төмен оқушылармен жұмыс.

1.Үлгерімі төмен оқушыға тапсырма.

-Мәтінді пайдалана отырып,сөйлемдердің дұрыс,бұрыстығын анықта.

Сөйлем

Бұрыс

Дұрыс

1

Серуеннен түскі тамақтан кейін ораламын

2

Орманда саңырауқұлақ,жидек термеймін.

3

Бос уақытым көп.

4

Достарыммен әр түрлі ойындар ойнаймын.

5

Бос уақытымды тиімді өткізуге тырысамын.


2. Үлгерімі жоғары оқушыға тапсырма.

-Эссе жазу «Менде көп уақыт болса ...»

IV. Материалды түсінгенін тексеру. «Өзін-өзі реттеу» үдерісі.

  • Сурет бойынша 3-4 сөйлем құрастыру

  • Кластер құрастыру. (сөйлемдерді қиып қағазға жапсыру)

V. Бекіту.Бес жол өлең жазу «Мезгіл»

VI.Рефлексия.бағалау

© 2010-2022