8 сыныпқа қазақ тілінентест тапсырмалары

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық тест.

1.Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Бұдан әрі екеуі де үндескен жоқ.

В) Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты.

С) Ізденіс түбі- жеңіс.

Д) Танк өз- өзінен жұлқынып қалғандай болды да, гүрс етіп шаң- топырақ бұрқ ете қалды.

Е) Жақсы, үлгілі комбайншы бола алсақ, бұдан артық не абырой бар?

2. Не, немесе, я, яки жалғаулықтарымен келетін салаластың түрін табыңыз.

А) Кезектес В) Ыңғайлас С) Себеп-салдар

Д) Қарсылықты Е)Талғаулы

3. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Шоқан біздің қасымызда жасы кіші болса да, үлкен кісідей болатын.

В) Ол қолынан келсе, қазақ халқына жақсылық жасауға ұмтылатын.

С) Осыған дейін ол ауыл мектебінде оқыса, қазір қалада дәріс алуда .

Д) Оның білімге деген құштарлығы арта түсті, өз білімін кеңейтудің басқа да жолдарын іздестіре бастады.

Е) Ұдайы ізденген адам өз бетімен білімін жетілдіріп, өздігінен дами алады.

4. Сөйлем түрін анықтаңыз: Балалар келді.

А) Жайылма В) Жақсыз С) Жалаң

Д) Атаулы Е) Құрмалас

5.Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.

А) Ол қызына 2 түрлі нәрсені үйретуге тырысты: бірі-тұрақтылық, бірі-махаббат.

В) Халықтардың жарқын өмірінің кепілі-бірлік пен береке.

С) Өтірікші өзін алдайды.

Д) Дүниеде айнымайтын қорғаушың-ақыл.

Е) Айтар ештеңесі жоқтар әрқашан нашар сөйлейді.

6. Себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.

В) Амалсыз қонуға тура келді, өйткені мезгіл кешкіріп кетті.

С) Мен қорқып тұрмын, неге десеңіз қолың қатты дейді.

Д) Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, неге десең, оның уылдырық оралатын не балдыр, не шөп жоқ.

Е) Кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде кездесуі сирек.

7. Қарсылықты салаласты табыңыз.

А) Бұл шөп әдемі екен, бірақ зияны да бар.

В) Біресе ол барады, біресе Айгүл барады.

С) Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр.

Д) Мен кеше сабаққа келген жоқпын.

Е) Талабы барларды жинап, курсқа жіберді.

8. Жалғаулықтар қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.

А) Үлкенмен де, баламен де әзілдесетін.

В) Алғашқы көргеннен -ақ мен оның үлкен адамгершілік мейірімін сездім.

С) Осы шабысымды біз көпке дейін ұмыта алмай жүрдік.

Д) Түндегі жаңбырдан кейін ашылған күн беткейді құлпыртты.

Е) Абай туралы ұзақ сөйлеген Мұхаңның сөзі ерекше әсер етті.

9. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемде алайда, бірақ деген жалғаулықтар түсіп қалса, екі сөйлем арасына не қойылатынын белгілеңіз.

А) Нүкте В) Дефис, үтір С) Қос нүкте

Д) Үтір Е) Үтір, сызықша

10. Көктем келді, дегенмен күн жылына қоймады.Салаластың өай түрі?

А) Ыңғайлас салалас; D)Түсіндірмелі салалас;

В) Себеп-салдар салалас; Е) Талғаулы салалас

С) Қарсылықты салалас;


© 2010-2022