Жай сөйлем

Мақсаты: оқушыларға жақты және жақсыз сөйлем туралы түсінік бере отырып, жақты сөйлемді жақсыз сөйлемге айналдыруға үйрету; кішіпейілдік пен адамгершілікке тәрбиелеу; сөздік қоры мен тіл байлығын дамыту.Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, топтық жұмыстарТүрі: саяхат сабақКөрнекілігі: интертақта, мәтіндер жазылған парақшаларСабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу түгендеу, топқа бөлу.
Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БҚО Жаңақала ауданы Жаңақала ауылы Жаңақала ЖОББМ қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі

Искарина Аксана Абдулхамитовна

Жай сөйлем

Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлері.

Жақты және жақсыз сөйлем.

Мақсаты: оқушыларға жақты және жақсыз сөйлем туралы түсінік бере отырып, жақты сөйлемді жақсыз сөйлемге айналдыруға үйрету; кішіпейілдік пен адамгершілікке тәрбиелеу; сөздік қоры мен тіл байлығын дамыту.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, топтық жұмыстар

Түрі: саяхат сабақ

Көрнекілігі: интертақта, мәтіндер жазылған парақшалар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу түгендеу, топқа бөлу.

Үй тапсырмасын «Қар көшкіні» әдісі бойынша сұрау. (92-ж)

Жаңа сабақ

Ерте, ерте, ертеде Сөз елі деген қалада Сөйлем деген ата өмір сүріпті. Сөйлемнің екі баласы болған екен. Біріншісінің аты - Жай сөйлем, екіншісінің аты - Құрмалас сөйлем. Жай сөйлем өз алдына бір отау болыпты. Бір күні Сөйлем ата Жай сөйлем атты баласына қонаққа барады. Байқап қараса,баласы тату -тәтті өмір сүріп жатқан көрінеді. Жай сөйлемнің екі баласы бар екен: Жақты және Жақсыз. Жақты сөйлем- бастауышы бар сөйлем; Жақсыз сөйлем- бастауышы мүлдем жоқ сөйлем.

Осы арада тақтаға мынадай сөйлемдер жазып сөйлем мүшесіне талдау арқылы дәлелдеу.

Емтихан жүріп жатқанда сендерге сөйлеуге болмайды.

Отаным үшін аттанамын.

Сол оқиғадан соң көңілі суып кетті.

Жаттығуды қайта жазғым келмеді.

Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары

Мысалдар

Сөйлемнің баяндауышы тұрақты тіркестерден жасалғанда

Сансыз қатеден аяқ алып жүргісіз.

Сөйлемге тек баяндауыш ұйтқы, негіз болғанда

Сабатан кешігуге болмайды.

Баяндауыш етістіктің қалау райының -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтарынан болғанда

Менің оны тыңдағым келмеді.

Қимыл атауына барыс септік жалғауы жалғанып,оған, бол, жара, келе сөздері тіркеседі

Қайта жазуға келмеді.

Атау, барыс тұлғасындағы тұйық етістікке (қимыл атауынан соң) керек, жөн, мүмкін бейтарап сөздері тіркесіп келуі арқылы

Ата-аналарын балалары құрметтеуі керек.

Көсемшенің -ып, -іп, -п жұрнақтарынан кейін етістіктің болымсыз тұлғасы келеді

Жазғанынан ештеңе оқып болмайды.

Сөйлем ата: Балалар, Жай сөйлем балама келгенше бірнеше аялдамаға тоқтадым. Сондықтан сендер мен жүрген жолдардан мүдірмей өтіп, жолда мынадай аялдамалардың бар екенін білгендерің жөн.

«Ұшқыр ой» аялдамасы

Өлең жолдарын қара сөзбен, жай сөйлемдер түрінде жазып, сөйлем мүшесіне талдаңдар.

Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,

Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.

Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде,

Ойын ойнап, шыбын - шіркей қуған жер.

Жаратылдым топырағыңнан, сен - түбім,

Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім.

Сенен басқа жерде маған қараңғы,

Жарық болар Шолпан, Айым, сен - Күнім.

Тәтті суың дәмі аузымнан еш кетпес,

Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес.

Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,

Жазу болып адамзатқа ер жетпес!..

Балақ түріп, қозы қуып, жарысып,

Батпағында тең құрбымен алысып.

Түнде - ақсүйек, алтыбақан, ал күндіз

Үйретем деп асау тайға жабысып.

«Адам басы - алла добы» - деген рас,

Қалай қуса, солай кетпес сорлы бас.

Кім біледі, мен де шетке кетермін,

Туған жерім,сені тастап басым жас.

М. Жұмабаев

«Кім тапқыр» аялдамасы

  1. топ: жақты сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талдаңдар (96-ж)

  2. топ: мәтіндегі жай сөйлемдердің ішінен жасырын тұрған

бастуышы бар сөйлемдерді теріп сөйлем мүшесіне талда

(98-ж)

3-топ: жақты сөйлемдерді кестеге сай түрлеріне бөліп, үш сөйлемге синтаксистік талдау жаса (99-ж)

4-топ: жақты сөйлемдерді тауып, жақсыз сөйлемге айналдырыңдар, жасалу жолын түсіндіріңдер (101-ж)

5-топ: берілген мәтіннен жақсыз сөйлемдерді теріп жазып, жасалу жолын түсіндіріңдер (118-ж)

«Даналық әліппесі» аялдамасы

Ым мен ишара арқылы сөйлем құрау. Топ мүшелері қарсы топтағыларға ыммен, ишарамен қимылдар көрсетеді. Соған қарап басқа топтағылар бірлесіп жай сөйлем құраулары керек. Бұл жерде шапшаң әрі дұрыс құрау керек.

Білімді бекіту

Тест сұрақтарына жауап беру. Жауаптарыңды қолдарыңдағы әріпті парақшаларңды көтеру арқылы көрсетіңдер.

1.Жақты сөйлем дегеніміз не?

А) бастауышы жоқ сөйлем

Ә) бастауышы бар сөйлем

Б) баяндауыш негіз болатын сөйлем

2. Жақсыз сөйлемді көрсет

А) балалар ойынға кірісті

Ә) бүгін баруға болмайды

Б) биыл қар қалың жауды

3. Жай сөйлемнің неше түрі бар?

А) 5 Ә) 6 Б) 7

4. Меніңше бұл - өте мықты адам. Қандай тыныс белгісі жетіспей тұр?

А) үтір Ә) сызықша Б) леп белгісі

5. Қазақтың әндері, шіркін, неткен әдемі. Бұл сөйлемде оқшау сөздің қай түрі кездеседі?

А) қыстырма сөз Ә) қаратпа сөз Б) одағай сөз

Үйге тапсырма: көркем әдебиеттен жақты сөйлемдерге 5 мысал, жақсыз сөйлемдерге 5 мысал теріп жазып баяндауыштарының жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

Бағалау



© 2010-2022