Біз бір-бірімізді түсінеміз бе ? психологиялық сабақ 5 сынып

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Психологиялық сабақ


Тақырыбы: « Біз бір-бірімізді түсінеміз бе?»

Қатысушылар: 5 сынып

Өткізген: Нурмухамбетова Р.Ж.

Мақсаты: Өзінің меншікті «Мен» көрсету; оқушыларға өмірде өзімен және басқалармен келісімде өмір сүру қажеттілігін түсіндіру.

Міндеті:Оқушыларға мінез-құлықтың жаңа түрлерін көруге және моделдеуге мүмкіндік беру; өздерінің қылықтары үшін жауап беруге деген жауапкершіліктерін дамыту.

Сабақтың барысы:

Жаттығу : «Мен қайдамын?»

Бұл жаттығуда жүргізуші ойыншы - детектив көзі жабылып тұрып дыбыс шығарып тұрған адамның қайда тұрғандығын айтуы қажет.

Жаттығу. «Нұсқаулық бойынша сурет»

Бұл ойын, берілген тәртібі бойынша зейін қоюды және ереже бойынша әрекет ете білу қабілетін есепке алуды талап етеді. Ең алдымен барлығы өз үйлерін салады. Содан кейін суретті алып тастап, таза қағаз алып, жұппен жұмыс істейді - біреу көзі жұмылып тұрып, бірақ көрші-автордың айтып тұруымен істейді. Соңында суретті автордың суретіне сәйкес келетіндігімен салыстырады. Содан кейін балалар орындарымен ауысады: серіктестеріне өздерінің бірлескен жұмыстарын талқылауға салуға мүмкіндік болады.

Тест. «Сендер біреуді тыңдай аласыңдар ма?»

Әрбір оқушы сұрағы бар бланкі алады. Барлығы 7 сұрақ, балалар сабақ үстінде сұрақтармен танысады .

Әрбір оқушы сұрақтар жазылған бланкіні алады:

1. Біреумен сөйлесіп отырғанда көңіліңді жиі бөлесің бе?

2. Сен тыңдап тұрған болып, басқа нәрсені ойлап тұрасың ба?

3. Әңгіме айтып тұрғанның сөздеріне сезіммен берілесің бе?

4. Өзіңмен сөйлесіп тұрған адамды жиі бөлесің бе?

5. Сен тыңдайсың ба немесе тыңдап тұрған болып көрінесің бе?

6. Басқаларды тыңдап тұрғанда, өзің басқа нәрсені армандап тұрасың б?

7. Әңгімелесушіні тыңдап тұрғанда, не жауап беретіндігіңді ойласың ба?

Енді нәтижесін есептейміз: сенде «иә» деген жауап неғұрлым көп болса, соншалықты сіз басқа адамдарды тыңдай алмайсыз. Сіздің басқаларды тыңдауыңызға не бөгет болатындығын ойлап көрейік.

Психолог оқушылардың жауаптарын қорытындылайды.

Ойын «Түсін мені»

Қатысушылар үш адамнан топқа бөлінеді. Оларға достарына сыйлық жасау туралы тапсырма беріледі.

Сабақтың талдауы (кері байланыс)

Сабақты талдау?

- Өзіңді бағалау қиын болды ма ?

- Өзің туралы жаңадан нені білдің ?

© 2010-2022