Разработка на казахском языке Ойнай білу де өнер

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып: Ойнай білу де өнер

Құндылық:Cыйластық,достық
Қасиеттер: Сабырлылық,шыдамдылық, ақылдылық

Мұғалiм: Н.Уразниязова

Сыныбы: 3 «а», «ә», «б», «в»


  • Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «сыйластық», «достық» туралы түсініктерін кеңейту.

  • Міндеттері:

  • Сабырлылық, шыдамдылық, ақылдылық адами қасиеттерінің маңыздылығын жан-жақты ашу;

  • Жағымды қаымқатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • Көпшілдікке, кешірімділікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Тыныштық сәтi. Баяу әуен ойналады. Терең тыныс ала отырып демалу, жүйкені тыныштандыру, жағымды көңіл - күй орнату.
Түзу, ыңғайлы отырып, көздерін жұмады.
«Көз алдарыңызға жазғы бір таза ауада дем алып, серуендеп жүрген уақыттарыңызды елестетіңіздерші! Қандай керемет сәт, таза ауа! Терең тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер! Терең тыныс алыңыздар. Ауамыз таза, тынысымыз жақсы, көңіл - күйіміз де шат. Жанымыз тыныштықта. Енді сабағымызға оралайық! Оқушылар өз қалпына келеді.

Дәйексөз

" Бәрінен күшті адам - өзіне-өзі ие болатын адам "

Сенека

Адам ойын кезінде де, өмірде де өзінің ашуын ызасын көрсетпей, ұстамды болуы тиіс. Ашуды ақылға жеңдіре білу- адам бойындағы ең жақсы қасиет.Ойын кезінде досының жіберген қателігі мен кемшілігін кешіре білу-адамдықтың белгісі.

Жаңа сабақты түсіндіру

Әңгімелесу

  • Сендер қандай ойын ойнағанды қалайсыңдар?

  • Ойын кезіндегі басты нәрсе не деп санайсыңдар?

  • Ойын кезінде достар арсында әртүрлі келіспеушіліктер мен келеңсіз жағдайлар болып жатады. Сондай сәттерде қандай шешімдер қабылдайсыңдар?

Ойын кезінде кешіре білген өмірдің бар жағдайларында да кешірімді болады. Мұндай қасиет болашақта да оның жақсы өмір сүруіне себепші болады, көмектеседі. Ойнап жүріп өкпелеген дұрыс емес. Өйткені ол-ойын ғой! Ойында біреу жеңіледі, біреу жеңеді. Сондықтан шыдамдылық танытқан жөн.Қызғанып,іштарлық етіп, ызақор болу жақсы әдет емес. Соны мәңгі есте сақтау керек.

Мәтінмен жұмыс

Қызғаншақтың кесірі

  • Назым мен Шынар неге ренжісіп қалды?

  • Достар ойын кезінде өздерін қалай ұстау керек деп ойлайсыңдар?

  • Апасы Назымға қандай ақыл айтты?

  • Сендерде осындай жағдай кездесті ме? Естеріңе түсіріп көріңдерші.

Жағдаят талдау

І топ Аяқталмаған ойын

ІІ топ Кім ақылды?

Ойын

Дәптермен жұмыс

Ойын кезінде балалардың арасындағы ұнамды және ұнамсыз әрекеттер туралы өз ойларыңды жазыңдар.

Үйге тапсырма: Мәтінді оқып мазмұндап келу



© 2010-2022