• Преподавателю
  • Другое
  • Мұғалім дефектологтың: «Тұлғаның өзін-өзі дамыту тәсілдері» тақырыбындағы тренинг - сабағы

Мұғалім дефектологтың: «Тұлғаның өзін-өзі дамыту тәсілдері» тақырыбындағы тренинг - сабағы

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: «Тұлғаның өзін-өзі дамыту тәсілдері»

Мақсаты:Оқушының өзінің икемділігі бойынша қабілетін дамыту.Тіл байлықтарын арттыру,ортада сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Түрі:Тренинг-сабақ.

Өтілу барысы:

І.Амандасу.

Қайырлы күн бүгінгі шарамызға жиналған оқушылар,қонақтар.

Оқушылар ортаға шығып шеңбер құрайық.Бір бірімізбен әр ұлттың амандасу салты бойынша амандасып алайық.

1.Қазақ ұлтының амандасу дәстүрі.

2. Жапондар таныстарын көрген жерде қолын алдымен беліне, одан кейін иіліп тізесіне дейін апарады.

3.Түріктер қол алысып сәлемдеседі. Көп көрмеген, сыйлы адамдарының қолын сүйіп, қолын маңдайына апарады

4.Ауғандар алдымен қолын маңдайына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді.Бұл «Басымыз аман болсын» дегені. Т.б

ІІ.Топқа бөлу.

Балалар сіздерге суреттер таратып береміз.Сол суреттің жалғасын тауып соған сәйкес келетін тақырып бойынша орнымызға жайғасамыз.

Арнайы қабілеттілік өз бейімділігі арқылы,шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет демекші Алиханның тақпағын тыңдайық.

Сурет салып өсеміз,

Кесте тіге білеміз.

Ән айта да аламыз,

Талаптанып келеміз,

Қанаттанып өсеміз.

ІІІ.Негізгі бөлім.

Өз жолыңды өзің табасың, өз болашағыңды өзің жасайсың сондықтанда оқы, үйрен, ойлан дейміз.

1-топ: «Бала саусағын ойната отырып, тілін дамытайық»

Ұсақ моториканы дамыту мақсатында ермек сазбен жұмыс.

2-топ: «Сиқырлы қыл қалам»

Оқушылар суреттер салады.

3-топ: Құлақтан кіріп бойды алар.
Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй - деп Абай атамыз айтқандай ортаға 5 сынып оқушысы Оралбаев Әділханды "Қазақстан" әнімен қарсы алыңыздар

4-топ. Мың бұралған, билеген
Өнерді кім сүймеген
Аққудайын қалықтап
Түрлі ұлт биін билеген

1 сынып оқушыларының биін тамашалайық.

5 топ:Қолөнер - мол өнер.

IV. Ойын.

1.Екі оқушы ортаға шығайық,бірінші оқушы суретті көрмей төбесіне қояды. Екінші оқушы сол суретті суреттейді.

2.Әуен ойнап тұрады.Ортада оқушылар билеп тұрады.Әуен тоқтаған уақытта нұсқаушың сұраған затын тауып алып келу керек.Таба алмаған оқушы ойыннан шыға береді,соңында қалған оқушы жеңімпаз атанады.

V.Қортынды.

Әнмен қортындылау.

Бір мектептің білім алған жастары едік,
Бір дәуірдің көңілді ұланы едік.
Бәріміз де жазылмаған дастан едік,
Армандастар - шәкірттер
Қайырмасы:
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік.
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?
Қайраттанып,талаптанып еңбек еттік,

Шат-шадыман көңілденіп,билеп кеттік.

Сол алғашқы жайнаған көңіл қайда?
Армандастар - шәкірттер.
Қайырмасы.




Мұғалім дефектологтың :«Тұлғаның өзін-өзі дамыту тәсілдері» тақырыбындағы тренинг - сабағы

Мұғалім дефектологтың :«Тұлғаның өзін-өзі дамыту тәсілдері» тақырыбындағы тренинг - сабағы

Мұғалім дефектологтың :«Тұлғаның өзін-өзі дамыту тәсілдері» тақырыбындағы тренинг - сабағыМұғалім дефектологтың :«Тұлғаның өзін-өзі дамыту тәсілдері» тақырыбындағы тренинг - сабағы

Мұғалім дефектологтың :«Тұлғаның өзін-өзі дамыту тәсілдері» тақырыбындағы тренинг - сабағы Мұғалім дефектологтың :«Тұлғаның өзін-өзі дамыту тәсілдері» тақырыбындағы тренинг - сабағы

Мұғалім дефектологтың :«Тұлғаның өзін-өзі дамыту тәсілдері» тақырыбындағы тренинг - сабағы



© 2010-2022