Конспект по казахский на тему керқұла атты кендебей ертегісі

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конспект по казахский на тему керқұла атты кендебей ертегісіКонспект по казахский на тему керқұла атты кендебей ертегісіҚазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Байназарова Гүлзираның қысқа мерзімді жоспары

13.10.2015

Әдебиет 5 «д»

Сабақ тақырыбы

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі

Жалпы мақсат:

Ертегі мазмұнының түсіндіру басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білуді үйрету.Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытуКендебай арқылы адамгршілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сілтеме:

Әдебиет

Авторлары: Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, слайдтар, сабақ жоспары

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

1.Мұғалім оқуға бағыттап отыру;

2.Оқушылардың өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерін жасау;

3.Сабақтан ой түйіп, қорытынды жасау

Негізгі идеялар:

Батыр туса -ел ырысы.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Жұмыс дәптері,тақта,мәтін

Оқыту әдістері:

сұрақ -жауап, топтастыру

Орындалатын тапсырмалар

Уақыт

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

І Ұйымдастыру

Ынтымақтастық

Атмосферасын қалыптастыру.

4 минут

ІІ Тұсау кесер

ІІІ Негізгі бөлім



















Қорытынды

А/ Амандасу

Ә /Сынып оқушыларын түгендеу

Психологиялық дайындық:

Әрбір адам?-Туыс,дос,жұрағат

Әрбір сабақ?-Үйрету,ұғу,ұлағат

Әрбір ісің?-Тірлік,тірек,адамдық

Әрбір сөзің?-Шындық,бірлік,адалдық.

  • Ертегі дегеніміз не ?

  • Ертегінің түрлерін ата ?

  • «Керқұла атты Кендебай» ертегісі қандай ертегіге жатады ?

  • Оқушылардың ойын білу,талқылау,тақырыппен байланыстыру

  • Жаңа сабақ

Ой қозғау Кендебай қандай адам ?

Балалар үйге Керқұла атты Кендебай ертегісінің мазмұнын мұқият оқып, түсінгенімізді айту тапсырылған. Ендігі біздің мақсатымыз-ертегінің мазмұнын толық меңгеріп, талдау. Тақырыбымыздың негізгі кейіпкері Кендебай мінез-құлқына сәйкес сабағымыздың

Эпиграфы «Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды» деген нақыл сөзді алдым

ІІ Мағынаны тану

Ертегінің композициялық құрылымына талдау.

  • Ертегі мазмұны бойынша қате орналасқан жоспар атауларын ретімен орналастыр.

  • Кендебай мен жетім бала

  • Керқұланың тағдыры

  • Кендебайдың дүниеге келуі

  • Хан бұйрығы

  • Баланың ата-анасымен қауышуы

  • Кендебайдың бұйрықты орындауы

  • Кендебайдың аралға баруы

  • Кендебайдың биені күзетуі

  • Кендебай мен ханның бір-біріне қойған шарты

  • Керқұла атты Кендебай батырдың елі.

ІІІ Өнерлі өрге жүзер

Кендебай мен жетім бала кездескен сәтінен көрініс

Мақал-мәтелмен түйіндеу

  • Кеңпейілділік-кемшілік емес, кісілік.

Мейрімділік-жүректен, мейірімсіздік-білектен

Теориялық жұмыс. Көркем шығармадағы айтылатын ойды идея дейміз. Көркем шығармадағы адамдардың көркем бейнесін кейіпкер дейміз.

  • Топтастыру стратегиясы

Кендебай бойында қандай жақсы қасиеттер бар ?

Үлестірмелі топшамалар. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Күндердің бір күні Қазанғаптың әйелі босаныпты. Торсық шеке, аппақ ұл тауып Ата-аналары қуанып, төбелері көккке жетіпті. Баласына Кендебай деп ат қойыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіп алты күнде күліпті, алпыс күнде жүрыпты. Алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұрыпты, күрескенін жыға беріпті. Шыңырау құдыққа құлаған атандарды жалғыз өзі тартып шығара беріпті. Аң аулап әкесіне жәрдем етіпті. Бара-бара құлан атыпты. Құралайды көзінен тигізген мерген болыпты.

  • Тест сұрақтары

  • Кендебайдың әкесінің аты кім

А) Байбөрі

Ә) Ерназар

Б) Қазанғап

В) Саржан

  • «Мынау таудан әрі ассаң, ағып жатқан өзенді көрерсің, ортасында бір арал бар», бұл қай кейіпкердің сөзі ?

А) Шалқұйрық

Ә) Керқұла ат

Б) Ханның баласы

В) Тазша бала

3. Қозы бағып жүрген баланың әкесі кім?

А) Мергенбай

Ә) Тасқара

Б) Кендебай

В) Шойынқұлақ

  • Ой, оңбаған-ау, қырасыңғой малды. «Айырылғырдың суы айырыл деп неге айтпайсың ?»-кімнің сөзі

А) Күңке

Ә) Меңді сұлу

Б) Кенжекей

В) Ханның кіші қызы

Сабақты бекіту:



Начало формы

Бағалау

4 минут

Сабақ кретийлеріне сәйкес оқушыларды бағалау.

Үй жұмысы

2 мин

Ертегіні әрмен қарай жалғастыру. «Кендебай» сөзіне сөзжұмбақ



© 2010-2022