• Преподавателю
  • Другое
  • Қазақ әдебиетінен Абай әндері мен аудармалары қысқа мерзімді сабақ жоспары 10-сынып

Қазақ әдебиетінен Абай әндері мен аудармалары қысқа мерзімді сабақ жоспары 10-сынып

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы : 10 Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Абай әндері мен аудармалары

Жалпы мақсаты:

Оқушыларға орыс әдебиетін оқып, зерттеуге ден қойған кезінде орыс ақындары өлеңдерінің Абай бойындағы талантын өршіте түсуі жөнінде түсінік беру. Ұлы ақын өлеңдеріне талдау жасау, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Өз ойларын жеткізіп айта білуге жетелеу, шығармашылыққа баулу. Әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу (эстетикалық тәрбие) және патриоттық тәрбие беру.

Оқыту нәтижесі:

Абайдың әндерін біліп, оқып, тыңдап, айтып рахаттанады;

Абайдың кімнен қандай шығармаларын аударғаны жайлы мәлімет алады;

Өз өміріне үлгі етер ақыл-кеңестерді жадына тоқиды.

Ресурстар

Сызбалары, кестелері, Абай Құнанбаев портреті, Абай туралы айтылған ой-тұжырымдар мен дәйексөздердің жинақтама сызбасы, кітап көрмесі, «Абай» шығармалар жинағы

Сабақта пайдаланған модульдер

Оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, Оқытудағы басқару және көшбасшылық, Сын тұрғысынан ойлау, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Талантты және дарынды балаларды оқыту, Оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Сабақта пайдаланған стратегиялар мен әдіс-тәсілдер

«Миға шабуыл» әдісі, «6 неліктен» стратегиясы, сұрақ-жауап, Блум таксономиясы, дамыта оқыту, проблемалық оқыту.

Оқушылармен жүргізілетін жұмыстар:

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының әндері мен аудармалары жайлы өздері оқып, ортада бір-біріне ұғындырады. Өлеңдерін оқып, талдайды, көркем фильмнен үзінді көреді, әндерін үнтаспадан тыңдайды.

Бағалау

Формативті бағалау

Шапалақ тактикасы, смайликтер арқылы бағалау

1.Ұйымдастыру кезеңі

- түгендеу, сабаққа назарларын аудару.

-Шаттық шеңберіне тұрғызу.

-Алтын ережені еске түсіру

Топқа бөлу.

1 - оқушы: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне - өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

2 - оқушы: Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

(Абай өлеңдерін жатқа оқитын «Абай» оқуларына қатысып жүрген оқушы жайынды айту)

Сабақтағы іс-әрекет


Мұғалім

Оқушы

Психологиялық ахуал тудырады.

Оқушылар өлеңді жатқа айтып жатқанда жаймен бая әуен ойнап тұрады

Слайд 1-2-3 -4-5

Абай оқу жайлы түсінік беру (өлеңдері мен әндерін орындау сайысы)

Бүгінгі күнге бір-біріне сәттілік тілейді

1,2 оқушы жатқа оқиды

  1. Үй тапсырмасын сұрау

Абай өмір жолы жайлы видео әкелу.

«Абай» киносы 1- бөлім (үзінді) уақыты: 00-05.33; 09-11

АКТ мен жұмыс жасайды, видео көрсетеді

«Абай» киносы 1- бөлім

Видео көреді

3.Жаңа сабақ түсіндіру. «Білім»

Абай - туған елін, жерін, тілін, дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды дана ақын. Абай қолына қалам алып, ғылым мен білімнің ауыр азабын арқалап, өз халқын өркениетті елдердің қатарына қосуға тырысқан, қазақтың рухын жоғары көтерген дана қолбасшымыз болғандығы баршамызға мәлім. Сондықтан, Абайды ұлттық жазба әдебиетіміздің атасы деп танып білуіміз керек. Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар.

  1. Топ «Абай әндері» постер толтыру

  2. Топ «Желсіз түнде жарық ай өлеңі» талдау, орыс тілінде оқу, ән айту

Жаңа сабақты тақырыбы беріледі, мәнін түсініп, идеясын ашады

Топтарға тапсырма береді

Жаңа тақырыпты өз беттерімен меңгереді

Постер толтырады

«Түсіну»

1-топ Абай әндері

  • Көзімнің қарасы

  • Айттым сәлем, қаламқас

  • Қараңғы түнде тау қалқып

  • Біреуден біреу артылса

  • Сегіз аяқ

  • Сен мені не етесің

  • Қор болды жаным

  • Ата-анаға көз қуаныш

  • Бойы бұлғаң

  • Татьянаның Онегинге жазған хаты

  • Онегиннің татьянаға жауабы

  • Мен көрдім ұзын қайың құлағын

  • Сұрғылт тұман дым бүркіп


  1. топ

Абай Құнанбаев

Желсіз түнде жарық ай

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді-өзі.

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.

Тау жаңғырығып, ән қосып

Үрген ит пен айтаққа.

Келмеп пе едің жол тосып

Жолығуға аулаққа?

Таймаңдамай тамылжып,

Бір суынып, бір ысып.

Дем ала алмай, дамыл қып,

Елең қағып бос шошып.

Сөз айта алмай бөгеліп,

Дүрсіл қағып жүрегі.

Тұрмап па еді сүйеніп,

Тамаққа кіріп иегі?

Тихой ночью при луне

Луч в воде лежит слегка.

За аулом в тишине

По камням гремит река.

Листья дремлющих лесов

Меж собою говорят.

Темной зелени покров

Землю всю одел до пят.

Горы ловят дальний гул,

Крик пастуший в тишине…

На свиданье за аул

Приходила ты ко мне.

И отважна и кротка,

Ты прекрасна, как дитя,

Прибежав издалека,

Дух с трудом переводя.

Места не было словам.

Помню сердца частый стук

В миг, когда к моим губам

Молча ты прильнула мне.


  • Әнді таспадан тыңдату.

Топтарға тапсырма береді

Слайд 6







Слайд 7-8









Постер қорғайды


Қазақ тілі мен орыс тілінде айтылуын салыстырады



2-топ өз жауаптарын береді













Әнді қосылып шырқайды

«Қолдану» Абайдың орыстың ұлы ақындарымен рухани байланысы қандай еді?

1-жұпқа

«Абай және Пушкин» ( «Татьянаның қырдағы әні») оқып, жұптасып талдау, жұппен жұмыс жасау, талдау жұмыстарын жүргізу.

2-жұпқа

«Лермонтов пен Абай» оқып, өз ойларымен дәлелді пікір айту.

3-жұпқа

«Крылов және Абай» оқу, тақырып бойынша сөйлеу.

Жұмыс тобына тапсырма береді

Әр жұп өз тапсырмасын оқып ортада талдайды

Сергіту сәті

Абайдың

Сергіту сәтін ұйымдастырады

Сергиді

«Талдау»

  1. жұп «Абай және Пушкин»

2- жұп «Лермонтов пен Абай» («Абай» 4- бөлімнен үзінді көрсету. Ақынға қарсы сойыл көтерушілер тобы жайлы, Ескі достары Жиренше мен Оразбайдың жауласып кетуі жайлы)

3-жұп «Крылов және Абай»

Мәтін бойынша сұрақтар қояды

АКТ мен жұмыс

Абай 4- бөлім

Видео уақыты 8.15

11.25

Тақтаға шығып тапсырманы қорғайды.

Кино көреді

«Қазақ әдебиетінен Абай әндері мен аудармалары қысқа мерзімді сабақ жоспары 10- сыныпЖинақтау»

«Өгіз бен бақа» Абай аудармасы салыстыру

«Өгіз бен бақа» Ахмет аудармасы

Лермонтов әуені Абай шығармашылығында жарасымды үндестік тапқан. Абай неліктен Лермонтовқа соншама ден қойды екен? Зерттеушілер бұл мәселеге мән бермей келеді. Абай Лермонтов өлеңдерін аудару барысында әлеуметтік-эстетикалық танымы мен шығармашылық нысанын білдіретін ұғымдардың аттарын аударуда ықшамдау принципін ұстанады. Түпнұсқаның негізгі мазмұнын, мағыналық өзегін сақтауда, сөйтіп автордың ойын жинақтап жеткізуде бұл принцип оңтайлы және едәуір тиімді көркемдік қызмет атқарады. Мұндай сипатты аудармада түпнұсқа мәтіндегі тікелей аударуға болмайтын ұғымдарды сөзбе-сөз немесе сипаттай аудару аударманың мазмұны мен мағынасы арасындағы келісім мен жарасымға көлеңкесін түсіруі ғажап емес. Түпнұсқада үлкен мағыналық жүк көтеріп тұрған мұндай тілдік құралдардың сөзбе-сөз аудармасы аударма мәтіні жүйесіндегі «бөтен сөзбен былғануына» алып келеді. Осы тұрғыдан келгенде, аудармада ықшамдау, жинақтау принципін қолдану да бір жағынан тиімді және мұның өзі айтарлықтай шығармашылық нәтижеге алып келетінін Абай аудармаларынан байқауымызға болады.

Кейде ұқсастарын, кейде тіпті образдарын да дәлме-дәл шығарады: Қазақшасы: "Қараңғы түнде тау қалғып, Ұйқыға кетер балбырап, Даланы жым-жырт дел-сал ғып, Түн басады салбырап. Шаңдай алмас жол-дағы,Сыбдырламас жапырақ. Тыншығарсың сен-дағы... Сабыр қылсаң азырақ..." Орысшасы: Горные вершины Спят во тьме ночной, Тихие долины Полны свежей мглой. Не пылит дорога, Не дрожат листы; Подожди немного - Отдохнешь и ты Осы өлеңнің, әсіресе, соңғы төрт жолын алсақ, орысшасына дәлме-дәл. Әрине, алдыңғы жолдарын да дәл емес деуге болмайды. Лермонтов поэзиясының құдіретті күші де, өр мінезі, ызғарлы ызасы, от лепті күрсіну де аудармада дәл берілген. Абай аудармаларының жоғарыдағыдай үздік болуының, меніңше, үш түрлі себебі бар: 1) өзінің үлкен таланттығы; 2) орыс тіліндегі өлеңдерде қолданылатын сөздердің тек жай мәнін ғана емес, көркемдік қасиеттерін терең ұғынуы; 3) қазақтың өз тіліне ақынның мейлінше байлығы.

Берілген тапсырма жауабын табу үшін мәтінді басшылыққа алады

Дайындалып болғаннан кейін әр жұп өзінің жауабын көрсетеді

«Бағалау»

«6 неліктен?» техникасын пайдаланып, «Бақа мен өгіз» мысалының мазмұны бойынша сұрақтар құрастыр

Әрбір сұрақ «нелітен?» сұраулы сөзінен басталып, алдыңғы жауаптан туындап отыруы қажет.

Мысалы:

1.Неліктен өгіз айдын шалқар көлге келді?

2. Неліктен көлдің жағасына шықты?

3. Неліктен бақа көршісіне жетіп келді?

4. Неліктен бақа қарнын керіп су ішті?

5. Неліктен бақаның жұқа қарны жарылып кетті?

6. Неліктен көре алмайтын жанды күншіл дейміз?

Оқушылардың ой-өрісін жетілдіреді.

Мәтін мазмұны бойынша 6 сұрақ дайындайды.

Үйге тапсырма:

Абайдың 2 аудармасын дәптерге талдап келу;

Бүгінгі өткен тақырып бойынша 5 тест тапсырмасын құрап келу.

Үйге тапсырма береді

Кейінгі оқуға тапсырма алады

Рефлексия.

Не сәтті өтті?
Неліктен?
Не сәтсіз өтті?
Неліктен?
Сабақта кездескен қиындықтар

Стикер таратады

Кері байланыс жасайды





Қазақ әдебиетінен Абай әндері мен аудармалары қысқа мерзімді сабақ жоспары 10- сынып

© 2010-2022