Өзімді өзім танумен өсіп келем

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:

1- сабақ Өзімді өзім танумен өсіп келем...

Мақсаты :

Өзін - өзі тануды үйренуге,өмірдің мәнін түсінуге,қарым - қатынас жасауға үйрету.


Көрнекіліктер :

Әл - Фарабидің дәйексөзі:

Дүниедегі ең оңай нәрсе -біреуге ақыл айту,

Ең қиын нәрсе - өзіңді-өзің түсіну.

Шаттық шеңбері:

Балалардың жағымды көңіл күйлерін қалыптастыру үшін және сабаққа көңілді орта ұйымдастыру мақсатында «Өзімді өзім танумен өсіп келем...» өлеңін оқимыз

Өзімді өзім танумен өсіп келем...

Ж. Қалжанова



Өз- өзіңмен, балашым,

Жаның тапсын жарасым.

Теңдесі жоқ ешкімге,

Бұл өмірде дарасың.



Желден жүйрік көңіл күй,

Есті сөзді ойға түй.

Жылуына бөлеген,

Жаным,жарық күнді сүй.



Тарихты біл,тілді сүй,

Төрт түлігің төлді сүй.

Орманды сүй, белді сүй,

Айдын шалқар көлді сүй.



Халқыңды сүй,елді сүй,

Ел басқарған ерді сүй.

Қасиетті мекенің -

Туып өскен жерді сүй...

Мәтінмен жұмыс:

Таным тағылымы атты аңыз әңгімемен танысып талқылаймыз.

Мәтін бойынша сұрақтар:

«Алыстан көруін үйренді» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сендер танымның қай жолын таңдап алар едіңдер?Неге?

Қай данышпанның тағылымы табандылыққа, болашақты болжауды үйретеді? Неліктен?

Оқу ақпараты:

Өзін - өзі тану өмірдің мәнін түсінуге, қарым қатынас жасау кезінде жақсы мен жаманды ажыратуға көмектеседі.

Өзін - өзі тануды үйрене отырып, адам өзімен және қоршаған ортамен үйлесімді, жарастықта өмір сүруге талпынады. Ол адамдардың өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануға, өз қабілеттерін шыңдауға көмектеседі.

Тапсырма:

Абайдың қара сөзінен берілген үзіндіні оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

Дәйексөз:

Дүниедегі ең оңай нәрсе -біреуге ақыл айту,

Ең қиын нәрсе - өзіңді-өзің түсіну.

Әл-Фараби

Үй тапсырмасы:

Әл-машанидың өлеңін жаттау.

Жүректен жүрекке:

Ә.Орманшина жазған «Мен де өсіп келемін»атты өлеңін оқимыз.



Мен де өсіп келемін

Желдей жүйткіп жылдармен

Мен де өсіп келемін

Отанымды сүйемін

Қадірін оның білемін.

Мектепке де барамын,

Білімнің бойлап тереңін,

Үйренемін,ұғамын,

Өмірдің жинап керегін.

Керек болса көмегім,

Қол ұшымды беремін.

Адал туған Отанға

Ұлы болсам, деп едім.



© 2010-2022