• Преподавателю
  • Другое
  • Тәуелсіздігіміздің айғағы – ол біздің жетістіктеріміз тақырыбында жазылған мақала

Тәуелсіздігіміздің айғағы – ол біздің жетістіктеріміз тақырыбында жазылған мақала

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәуелсіздігіміздің айғағы - ол біздің жетістіктеріміз

Тәуелсіз ел болу дегеніміз - кеудеңді кере дем алып, еңсенді көтере ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді, әдет ғұрпыңды айқындап көрсетіп, өзіңнің өзгелермен тең екендігінді сезіну және ана тілінде емін-еркін сөйлеуің деп білемін.

Тәуелсіздік - мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Еліміз тәуелсіздігін алып, өркениет көшіне дербес мемлекет ретінде ілескеніне, азаттықтың азат таңы атқанына біршама уақыт өтті. Осы уақыт бедерінде елімізді әлем танып, әлемді біз де таныдық. Тәуелсіздік - бұл ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні - ең қастерлі күн.

Елбасының: «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жетізген өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы. Бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», - деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатқаны белгілі.

Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасымен тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмасы анық. Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, ал аман қалғандары қазіргі таңда өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан - жарасы қайта жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің.

Ия, ежелден азаттықты аңсаған халқымыздың тәуелсіздігіне биыл 2 жыл. Тарих үшін қас - қағым сәт болғанымен, азаттық аңсаған Алаш жұрты үшін ғасырдан да қымбат мың жылға айырбастамас 21 жыл. Тәуелсіздік алып келген жетістік те оң өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі - еркіндік! Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздік нәтижесі.

Атап айтатын болсақ, бүгінгі таңда тәуелсіз, егемен мемлекетте жастарды білім нәрімен сусындатып жатқан білім ордасының бірі «Р.Қошқарбаев атындағы орта мектепте атаулы мерекеге арналған түрлі мектепішілік іс-шаралар өткізілді. Тәуелсіздік күніне арналған апталық «Мәңгілік ел - бар байлығым, ырысым» атты ұранмен басталды. Тәуелсіздік ұғымын болашақ ұрпаққа тереңірек сезіндіру мақсатында әр сыныпта « Біздің ең басты құндылығымыз - Тәуелсіздігіміз!» атты тәрбие сағаттары өткізілді. «Қазақ хандығына - 550 жыл» тақырыбында театрлаған қойылым көрсетілді.

Осы мерекеге орай «Жас ұлан» Кемел келешекке - «Жас ұланмен» тақырыбында оқушыларды «Жас ұлан» ұйымына қабылдау рәсімі өткізіліп, оқушылар бойындаға жауапкершілік,адамгершілік, Отанға деген сүйіспеншілік, білімге деген қызығушылықтарын, өз-өздеріне деген сенімдерін арттырды.

«Қазақстан қарулы күштерінің бүгіні мен ертеңі» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларын Отанға адал қызмет етіп, Қазақстанның құндылықтарын қорғауға әрқашан дайын болуға тәрбиелеу мақсатында аудан мектептерінің АӘД мұғалімдеріне семинар өткізілді. Семинар барысында оқушыларға Қазақстан қарулы күштері туралы бейнероликтер көрсетіліп, дөңгелек үстел және салтанатты жиынға келген қонақтар қатысып, өз жылы лебіздерін білдірді.

Тәуелсіздігіміздің айғағы - ол біздің жетістіктеріміз.Республикалық «Платон» халықаралық дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елім - Қазақстан» шығармашылық байқауына 7Б сынып оқушысы Магамадова Имани қазақ тілі пәнінің мұғалімі С.Қ Абылханованың жетекшілігімен қатысып жүлделі III дәрежелі дипломымен марапатталды және 1Б сынып оқушысы Цой Алина сынып жетекшісі Е.В.Шадринаның жетекшілігімен аталған байқауда III орынды иеленді.

Қорытындылай келе кейінгі өскелең ұрпақтың «тәуелсіздік» атты тәтті сөздің тұңғиығында ата - бабамыздың ғасырлар бойғы аманаты мен талай - талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған арманы жатқандығын естен шығармаса екен дейміз.

Р.Қошқарбаев атындағы орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Калаулинова Н.Ж


© 2010-2022