Дауыссыз дыбыстар 5 - сыныпқа арналған

Сабақтыңтақырыбы: ДауыссыздыбыстарСабақтыңмақсаты:1. Білімділік: оқушылардың фонетика саласы бойынша алған лингвистикалық білімдерін кеңейту, дауыссыз дыбыстар және дауыссыз дыбыстардың түрлері туралы оқығандарын қайталау.2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.Сабақтың типі: қайталауСабақтың түрі: дәстүрліСабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу.Сабақтың...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың фонетика саласы бойынша алған лингвистикалық білімдерін кеңейту, дауыссыз дыбыстар және дауыссыз дыбыстардың түрлері туралы оқығандарын қайталау.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Түрік, зейнетақы,қауіп фонетикалық талдау жасау. Лексика мен фонетикадан өткенді пысықтауға арналған сұрақтар.
ІІІ. Жаңа сабақ. Дауыссыз дыбыстар
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы лингвистикалық білім беру.
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.
Дауыссыз дыбыстар мыналар: б, в, ғ, г, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ, (у).
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, салдыр пайда болады. Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.
Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай: қатаң, ұяң, және үнді болып үш топқа бөлінеді.

Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз. Қатаң дауыссыздар мыналар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.

Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздар мыналар:
б, в, г, ғ, д, з, ж.

Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді дауыссыздар мыналар: р, л, й, у (тау), м, н, ң.
ауыз жолды: р, л, й, у
үнді дауыссыздар
мұрын жолды: м, н, ң

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

262-жаттығуды орындату. Тақтаға 6 оқушыны шығару.
п-б: пайдасыз, баласыз, балың, сапар, саптау, қабылда, лапылда, сабақ.
т-д: батпақ, қадақ, садақ, дақ, табыс, талап, дәрі, даналық.
к-г: әке, егін, көктем, көгер, күл, керемет, төк, тергеу.
қ-ғ: қағаз, қақты, бағдарлама, бақыр, ғасыр, ғарыш, қасық, қақ.
с-з: азамат, бастыр, сүзбе, сүзісті, сағыз, қаз.
ш-ж: шашпау, қажымас, қашқын, жапырақ, жиен, шаттық, жалтылда.

Әр топқа 2 жұмбақтан беріп,олар жауабын жазып,дыбысқа талдау жасайды.
1. Жаңада жоқ,
Ескіде бар.
Танада жоқ,
Ешкіде бар.
(к -дауыс-з, қатаң)
2. Тарақта бар,
Шашта жоқ.
Тамақта бар,
Аста жоқ.
(қ - дауыс-з, қатаң)

3. Ләзатта бар,
Жанатта жоқ.
Азатта бар,
Қанатта жоқ.
(з - дауыс-з, ұяң)

4. Нанда бар,
Етте жоқ.
Айранда бар,
Сүтте жоқ.
(н - дауыс-з, үнді, мұрын жолды)

5. Жазуда бар,
Сызуда жоқ.
Жылуда бар,
Қызуда жоқ.
(ж - дауыс-з, ұяң)

6. Өмірде жоқ,
Өңірде бар.
Ауырда жоқ,
Жеңілде бар.
(ң - дауыс-з, үнді, мұрын жолды)

1-топ Ұяң дауыссызға аяқталатын сөздер бар. Тауып көріңдер.
Жаз, қаз, қораз, наз, аз, таз, тәж, саз.

2- топ Сөз ортасында қос дауыссыз кездесетін атауларды тауып жазыңдар.
Тастақ, жастық.


3-топ У, й дыбыстары дәл ортада тұратын сөздерді тауып жазыңдар.
Жауын, қайық, тауық, қайың.

2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.

1. Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап бер.
Әдепті балалар
Біздің елімізде ақылды, әдепті балалар өте көп. Үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда, олар шуламайды. Үлкен кісілер әңгімелескенде, сөзге араласпайды. Автобуста, трамвайда, троллейбуста үлкендерге орын береді.

а) Біздің елімізде қандай балалар көп?
ә) Олар не істейді?
б) Қайда үлкендерге орын береді?
2. Өзің туралы айт.
Менің атым -.... Фамилиям -.... Мен... жастамын. Туған жерім - ...

3. Фонетикалық талдау жаса.
Басқұр, оймыш, мұғалім
Ү. Сабақты қорытындылап, бағалау.
VІ. Үй тапсырмасын беру:
267- жаттығу, ереже жаттау. 268- жаттығу. фонетикалық талдау жасаңдар.

© 2010-2022