Сабақтың тақырыбы: Ауыспалы осы шақ. ( 7 сынып)

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ауыспалы осы шақ. ( 7 сынып)Сыныбы: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы: Ауыспалы осы шақ

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Осы шақ етістіктер туралы алған білімдерін тереңдету, ауыспалы осы шақ, оның ауыспалы келер шақтан айырмашылығы жайлы білім қалыптастыру

ә)Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, шынайы достыққа, еңбексүйгіштікке, табиғат сұлулығын сезіне білуге, әсемдікке тәрбиелеу

б)Дамытушылық: Оқушылардың сөйлем мағынасына мән беріп, логикалық ойлай білуін, талдай білуін дамыту

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, терме жұмысы, ауызша тіл дамыту, өзіндік жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кесте,семантикалық карта ,балама тест

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгелдеу

б) Сабаққа зейіндерін аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге етістіктің шақтары туралы оқып келуге және 110-жаттығу жұмысын тексеремін.

Сұрақ- жауап әдісі

1.Етістік дегеніміз қандай сөз табы?

2.Шақ сөзінің синонимі

3.Етістіктің шақтары қаншаға бөлінеді?

4.Осы шақтың жасалу жолдары

5.Келер шақ пен өткен шақтың айырмашылығы неде?

6.Нақ осы шақтың түрлері

7.Қалып етістіктерін ата

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау

Семантикалық карта

Сөздер

осы шақ

өткен шақ

келер шақ

қалып етістігі

нақ осы шақтың күрделі түрі

Ахмет бұрын келіпті

+

Ол қалада тұрады

+


жатыр

+

Мен оқып отырмын


+

ІV. Жаңа сабақ

Үнемі болып тұратын қимыл-әрекетті білдіретін етістіктің шағын ауыспалы осы шақ дейміз.

А.о.ш. = етістік + -а, -й, -е тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады.

Ауыспалы осы шақ, яғни көсемшенің жіктелген түрі сөйлемде екі түрлі қызмет атқарады:

  1. а.о.ш.

  2. а.к.ш сондықтан ауыспалы деп аталады.

Мағынасы сөйлемде ажыратылады.

Көлдің жағасында отырған ауыл бұлдырап көрінеді. - а.о.ш.

Мен Балжанды үйше алып қайтамын. - а.к.ш.

Ауыспалы осы шақтың күрделі түрі етістікке -ып, -іп, -п жұрнағы жалғанып, көмекші етістікке -а, -е, -й жұрнағынан кейін жіктеліп келіп жасалады.

Көр-ін-е-ді көр-ін-іп кел-е-ді

Айт-а-ды айт-ып отыр-а-ды.

Ауыспалы осы шақ тұлғасы сөйлемде екі түрлі мәнде қолданады:бірде дағдылы қимылды білдіріп, осы шақ мағынасын берсе, енді бірде алда болатын қимылды білдіріп, келер шақ мағынасын білдіреді.

Ү. Жаңа сабақты бекіту

111-жаттығу.Берілгені:көшіріп жазып, ауспалы осы шақты білдіріп тұрған етістіктердің астын сызыңдар.

Үлгі: жаз+ба+й+ды, оқы+и+ды

112 -жаттығу.Берілгені: Сөйлемді оқып шығып,нақ осы шақ етістіктерді бір бөлек, ауыспалы осы шақты бір бөлек жазу

Үлгі:

Н.о.ш А.о.ш

әкет-іп жатыр елесте-й-ді

иіл+іп тұр ойна-й-ды

мәпеле+п күт-е-ді

114-жаттығу

А.о.шақты тауып, нақ осы шаққа айналдыру

Ағады - ағып жатыр

Шығады

Ысқырып ойнайды

Қудалайды

Сайрайды

Қосылады

Жырлайды

Қосады

Өзіндік жұмыс Тапсырма бойынша әңгіме құрау (ауызша)

Ү. Сабақты қорытындылау

Балама тест

1.Етістіктің сұрақтарын көрсет

а) қашан?қайда

ә) неге?немен?

б) не істеді?қайтты?

2.Шақ сөзінің мағынасын көрсет

а) кеше, бүгін

ә) сәт,мезгіл, уақыт

б) түн, кеш

3.Етістіктің шақтары қаншаға бөлінеді?

а) 5

ә) 3

б) 4

4.Етістіктің шақтарына қандай жұрнақ жалғану арқылы жасалады?

а) -ып,-іп,-ған,-ген

ә) -мақ,-мек,-ды,-ді

б) -ар,-ер,-р

5.Осы шақтың түрлерін көрсет

а) 2

ә) 3

б) 4

6.Қалып етістіктерін көрсет

а) жаз,оқы, оқу

ә) жатыр,отыр жүр

б) келді,келген,барған

ҮІ. Үйге тапсырма

113- жаттығу 74 бет

ҮІІ. Бағалау

Белсене қатысқан оқушыларды бағалау.





© 2010-2022