Доклад на тему ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Доклад на тему ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдарыДоклад на тему ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдарыДоклад на тему ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдарыДоклад на тему ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдарыДоклад на тему ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдарыДоклад на тему ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдарыҚазақ тілі пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда білім

сапасын арттырудың тиімді жолдары.

Үлгермеуші оқушылармен жұмыс

Ел тәуелсіздігінің 24 жылдық тарихында туған тілдің тұғырын биіктетіп, мәртебесін арттыру мәселесі әрқашан басты әрі маңызды мәселе болып көтеріліп келеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев : «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде»,-деп тұжырымдады. Ал, қазақ халқының тіл келешегі -бүгінгі мектеп оқушыларында.

Бүгінгі таңда қазақ мектептеріндегі қазақ тілі мәселесі, орыс тілді мектептердегі қазақ тілі мәселесі деп бөліп, жаруға болмайды. Қандай тілді мектеп болмасын, негізгі талап - өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап ,кез-келген ортаға тез бейімделетін ,белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін,мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу.

Ұлттық бірыңғай тестілеу- жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттестаттауының бір түрі.Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек.Қазіргі кезде өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінен дайындап шығару мұғалімнің шығармашылығына, жауапкершілігіне, ізденушілігіне байланысты.

ҰБТ-ның жоғары нәтижесі 11-сыныпта ғана пайда болмайды. Қазіргі мектепте мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілігі қалыптасқан. ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы - оқытушы.

Сонымен мұғалім ҰБТ-ға дайындалуда қандай мақсат қоюға тиіс?

Мақсаттар:

1. Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тиіс;

2. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыру;

3. Оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне талаптандыру;

4. ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарылату.

ҰБТ нәтижесіне нелер әсер етеді?

- Күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру;

- Интерактивті технологияларды қолдану,

- Жеке тұлғаның даралығын дамыту;

- Оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру.

Мұғалімнің жұмысында көп қиындық тудыратын орташа оқитын оқушы емес, потенциалды және қауіп тудыратын балалар, өйткені тест сұрақтары орташа оқитын оқушыларға бағытталған. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін және білім сапасын көтеру жұмыстарын келесі кезеңдерден көруге болады.

1-кезең. Диагностикалық:

- Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау,

-Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқыы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;

-ҰБТ-ны өткізу ережелерімен және ұсыныстарымен танысу.

2-кезең. Практикалық:

- Тест жинақтарымен жұмыс;

-Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;

-Топтық және жеке дайындық;

-Тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.

3-кезең. Синтетикалық (анықтаушылық):

- Тақырыптар бойынша бақылау тестілері,

- Мониторинг;

- Қатемен жұмыс парағын жүргізу;

- Психологиялық тренинг ұйымдастыру және өткізу.

Үш кезең бойынша өткізілетін жұмыстар оқушыларды үш топқа бөлінетінін анықтайды: 1-топ үнемі 18 ұпайдан жоғары алатын оқушылар , 2-топ 12 ұпайдан 17 ұпайға дейін алатын оқушылар, 3-топ 12 ұпайдан төмен алатындар.

Мен 11 «А» сыныбында жұмыс істеймін. Жалпы оқушылардың саны - 17

1-топ 18 ұпайдан < 2-топ 12< 3-топ >12

Абу Жанна Бахышева Малика Аюпов Д.?

Борисова Валя Колан Елжан Бурлаченко К.

Закира Настя Нұрланқызы Мереке Гарелик А.?

Кожамуратова Шолпан Садыкова Марина Исаенков А.?

Талачкова Арина Сарсембина О.

Хилинская Вика Пак Ю.

Насыров В.

Жұмысты неден бастадым?

ҰБТ-ға дайындыққа арналған жоспар құрастырдым.
Өткен тақырыптардан теориялық білімдер беремін.
Оқушының сабақ үрдісінде жаңа білімді меңгеруіне басты көңіл бөлемін.
Тест жұмысын орындағаннан кейін коррекциялық жұмыстар жүргіземін.
Тақырыптық тест аламын.
Әр тараудан кейін сынақ қабылдаймын.

Алдын-ала өзім бақылау тест -«Кіріспе тест» өткіздім. Сыныпқа жеке папка дайындадым. Оның ішінде: ҰБТ нәтижелерінің жеке парағы, қателерді талдау парағы , сонымен қатар әр оқушының жеке ереже дәптері бар.

Бірінші, әр оқушы мониторинг парағын алғаннан соң, өзіне мақсат қояды.Тест нәтижелерін белгілегеннен соң қатемен жұмыс жасалады.Қатемен жұмыс парағы бойынша түрлі жұмыс жасауға болады

Мысалы:

-грамматикалық ережелерді аудару,жаттау;

-ережелерін еске түсіріп жазу;

-мысалдар келтіру;

-бірін-бірі тексеру;

-өзін тексеру.

Келесі кезеңде жекелеген сұрақтарды қалай тез орындауға болатынын талдап түсіндіру:

-сұрақты асықпай, түсіне оқу

-сұраққа қатысты грамматикалық материалды еске түсіру.

Мысалы: «Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз» деген тапсырма берілсе , дұрыс жауапты қалай тез табуға болады?

1-қадам: жалғаулық шылауы бар сөйлемді іздеу;

2-қадам: жалғаулық шылауы бар сөйлем жоқ болса , бірінші жай сөйлемгің баяндауышына қараймыз, ол тиянақты формада тұруы керек.

«Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз » деген тапсырма берілсе, дұрыс жауапты қалай тез табуға болады?

1-қадам: жай сөйлемдерді алып тастаймыз;

2-қадам: баяндауышы тиянақты сөйлемдерді алып тастаймыз, себебеі бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз формада тұрады.

Тест оқушылардың білімін салыстыруға , білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады. Бағдарламалық материалдан тыс ауық-ауық өткізіліп отыратын осындай жұмыстар оқушылардың қазақ тілі бойынша сауаттылығын арттыруға біршама септігін тигізеді.

Қазақ тілінен сұрақтарының ішінде күрделі сұрақтарды шешу жолдарын қарастырайық.

1.Фонетикадан бастайық. Тіл дыбыстарының жіктелуін буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды жаттау керек. Ережені жатқа білген оқушы мысалды да есінде сақтай алады.
2. Лексикада ережелерін қайталап, әр тақырыптан 15-20 сөзден аспайтын жаттығу жұмыстарын 4 рет орындаған жағдайда оқушы есіне жиі сақтап алады.Егер оқушыға тақырып қиындық туғызса, жаттығуды орындаған кезде көмектескен дұрыс. Бірақ үй тапсырмасына мысалдар жазып келумен қатар ережелерді жаттауға тапсырма берген дұрыс.
3.Морфологияны талдау барысында Н.Оразахынованың «Сатылай кешенді бойынша» талдауын пайдалану,әр сөз табының кестесін сызғызып, жаттығулар жасатқызу жақсы нәтиже береді.
4.Синтаксис тарауын қайталауда сөйлемнің ережесі мен мысалдарды жазғызып отыру керек. Жай сөйлемнің түрлерін қайталағанда сөйлем мүшелерін қалыпты астын сызғызып, жақша ішіне сөйлем ретінде жазғызған дұрыс. Құрмалас сөйлемді де солай талдатып, тек сабақтастың түрінде тиянақсыз баяндауышына морфологиялық талдау жасатып, сұрақ қою арқылы айыра біледі. Жалаң түрде ережені айтып, лекция түрінде мысалдар жазғызу жеткіліксіз.
5. Тыныс белгілерін қайталаған кезде, тыныс белгілерінің ережесін жаттатқан соң, тыныс белгілерінің сызбасын ғана беріп, мысалдар құратып жазғызу керек. Қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындық кезінде мысалдар мен жаттығуларды көп орындаған дұрыс. Мысалы, мына тұрақты тіркестің антонимін табыңыз: Ат ізін құрғатпады - Ат ізін салмады. Бұл сұрақта оқушы екі тақырыпты білу керек. Біріншіден, тұрақты тіркесті, екіншіден антонимді білу шарт. Ережелерді мысалдармен қатар жатқа білетін оқушы тапсырманың кез-келгенін дұрыс орындайды.Соңғы жылдары ҰБТ кезінде берілетін сұрақтардың ішіне логикалық тапсырмалар да енгізіле бастады. Соған орай дайындық кезінде оқушыға осындай сұрақтардың кездесуі мүмкін екенін түсіндіре отырып, логикалық тапсырмалармен де жұмыс жасап үйреткен дұрыс.

Кез келген жұмыстың нәтижесін шығару міндетті түрде жүргізілгені дұрыс. Өйткені мұғалім де, оқушы да өз жұмысының нәтижесі қандай екенін білгісі келеді. Мұғалім оқушылардың қаншалықты меңгергенін көргісі келсе, оқушы өзіңнің қандай жетістікке жеткенін білгісі келеді. Сондықтан кез келген жұмыстың мониторинг шығарылғаны дұрыс.Мен өзім алған тест болсын, басқа жұмыстар болсын оқушының көз алдында тексеріп, нәтижесін шығарып берем немесе дайын жауаптар арқылы өздеріне тексертемін. Тест тапсырмасын жиі алып отыру оқушының білімін шыңдай түседі.

Абу Жанна

23

5

21

5

23

5

Аюпов Д.

9

3

3

2

7

3

Бахышева М.

8

3

14

4

10

3

Борисова В.

18

5

20

5

18

5

.Бурлаченко Н.

7

3

10

3

9

3

.Гарелик А.

10

3

13

4

2

2

Закира А.

18

5

16

4

20

5

Исаенков А.

4

3

14

4

11

3

Кожамуратова Ш.

21

5

17

4

21

5

Колан Е.

15

4

16

4

15

4

Насыров В.

15

4

11

3

12

4

Нурланқызы М.

10

3

10

3

20

5

Пак Ю.

8

3

6

3

6

3

Садыкова М.

13

4

13

4

12

4

Сарсембина О.

9

3

14

4

11

3

Талачкова А.

17

4

18

5

13

4

Хилинская В.

11

3

12

4

17

4

Үлгерім сапасы

100%


94%


94%


Білім сапасы

47%


71%


53%

















Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі

К.Маркс атындағы орта мектебі КММ

Тақырыбы:

Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды

ҰБТ-ға дайындауда білім

сапасын арттырудың тиімді жолдары.

Үлгермеуші оқушылармен жұмыс



Орындаған: Қазақ тілі пәні мұғалімі Жалалова К.М.



Қаратау-2015ж



© 2010-2022