Асан Қайғы жерұйықты іздегені

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Асан Қайғы жерұйықты іздегені

Асан Қайғы жерұйықты іздегені

Асан Қайғы жерұйықты іздегені

Асан Қайғы жерұйықты іздегені

Асан Қайғы жерұйықты іздегені

Асан Қайғы жерұйықты іздегені

Асан Қайғы жерұйықты іздегені

Асан Қайғы жерұйықты іздегені

5-сыныптар.

Тақырыбы: «Асан Қайғының жерұйықты іздегені»

Мақсаты: Білімділік -Асан Қайғы баға берген жерлер тарихына кеңірек тоқталып, жалпы қазақ жерін әңгімелеу арқылы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық - өз туған жерлеріне ойтолғау түрінде баға бергізу арқылы логикасын дамыту.

Тәрбиелік - туған жер табиғатымен, ел тарихымен таныстыру арқылы отансүйгіштікке, өз елі мен жерін құрметтеуге, қадір тұтуға тәрбиелеу.

Қолданылатын әдістер: түсіндіру, баяндау, салыстыру, сұрақ-жауап әдістері.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі: слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Өткен сабақтар бойынша сұрақтар мен тапсырмалар.

  • «Қырық өтірік» атты әңгіменің тууына себепші болған оқиғаны баянда.

  • Өтірік әңгімеден тұтастай қарағанда қандай құндылықтар аңғаруға болады (тапқырлық, тұрмыс даналығы, байқампаздық, пайымдылық т.б.)?

  • Ертегінің басталуы мен аяқталуында өздерің бұрын оқыған ертегілермен ұқсастық бар ма?

  • Тірек сөздердің мәнін аш. Кенжекей, шеңгел, Асан Қайғы, Ойсылқара, Шекшеката, ауыз әдебиеті.

ІІІ. Жаңа сабақ:

№1-№4 слайдтар бойынша жұмыс.

«Асан Қайғы - дала данышпаны» Ш.Уәлиханов, ғалым.

« Асан қайғы» деп аталуы - халықтың қамын көп ойланған екендігін айтады. Асан Ата ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың ойшыл данасы»

Ә. Марғұлан, ғалым

Аңыз әңгімелер. «Асан Қайғының жерұйықты іздегені»

Ауыз әдебиетінің бір алуан саласы - аңыз. Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады.

Асан Қайғы туралы мәлімет: Сәбитұлы Асан қайғы (14-15 ғғ.) - жырау, ақын, би, философ, қоғам қайреткері, көріпкел,күйші. Шын есімі - Хасан. Еділ бойында дүниеге келген. Кіндік кескен өңірі Атырау аймағы көрінеді. Қазақ үшін Асан ата - халықтың қамқоршысы, батагөйі, данышпаны, елдің бірлігін, қамын,тыныштығын ойлаған қайраткер. Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Бүгінгі ұрпаққа «Ел айрылған», «Зар», «Желмаяның жүрісі», «Асанқайғы» тәрізді санаулы күйлері ғана жеткен.

Асан ата кесенесі Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Бәйгеқұм» кеңшарынан 5 км жерде «Жеті әулие» қорымында орналасқан. Асан ата кесенесі Асан Қайғы мазары делінеді.

ІV. Оқулықпен жұмыс.

  1. Сөздікпен жұмыс: Желмая - түйе.

Жиһан - дүние, жер-жаһан

Жерұйық -жайлы қоныс.

Түз - дала, мидай дала.

  1. Мәтінмен танысу.

  2. Тірек-сызба.

Асан Қайғы:

«Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас»,

«Мынау Жетісудың ағашының әр бұтағы жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс»,

«Ей, Аспара, көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер»,

«Баянға жаймай, қой семірмес»,

«Жерің семіз, шөбің шүйгін, қарың мол, топырағың май екен, қадіріңді егін салған ел білер»,

«Айналаң жапан түз екен, тауыңның асты жез екен. Жұртың ашықпас»,

«Жылқының өзі өскен жоқ. Шыңғырлау, сен құт болған екенсің, сен өсірген екенсің!» - депті.

1. Каспий теңізіне сұғына орналасқан Маңғыстау түбегінде Маңғыстау таулары жатыр. Аласа жас таулар қатарына жатады. Ең биік тау жотасы-Қаратау, биік нүктесі Бесшоқы -556м. Маңғыстау таулары құм, кристалды тақта тастардан тұрады. Қара әктастан Қаратау, ақ әктастардан Ақтау түзілген. Маңғыстау тауларының оңтүстігінде теңіз деңгейінен төмен орналасқан терең ойыс Қарақия ойысы бар-132 м. төмен. Маңғыстауда мұнай мен газ өндіріледі, мол қоры бар. Түбекте Ақтау қаласы әктастан салынған.

2. Жайық өзенінің сол жақ саласы Шыңғырлау өзені болып табылады. Өзен қар, жауын суымен қоректенеді. Шыңғырлау ауданы, Ақсай қаласының маңымен ағып өтеді, кейде Жайыққа жетпей қалады.

3. ІІ дүниежүзілік соғыс басталар алдында 12 көмір шахтасы жұмыс істеп, түсті металлургияның ірі орталықтарының бірі Қарсақбай кен орны пайда болды. Орталық Қазақстандағы Жезқазған кен орны «Қазақстан магниткасы» деп аталады. Қарсақбай кен орны түсті металға бай.

4. Қырғыз тау жотасынан басталатын Аспара өзені ағып өтеді. Мерке жерінде ежелгі Аспара қаласы болған. Аспара өзені Жібек жолы бойында орналасқан. Аспара өзенінің халық шаруашылығында маңызы зор. Мал жайылымына қолайлы.

5. Баянауыл - Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі таулы өлке. Батыстан шығысқа қарай 40-50 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 20-25 км созылып жатыр. Таудың биіктігі 600 м -1000м дейін. Ең биік тауы -Ақбет 1026 м.

Киелі жерім менің Баянауыл,

Тау-тасы, өзен-көлі бәрі асыл,

Осындай жер жаннатта туып өскен

Бақытты ғой, шіркін барша қауым.

6. Сарыарқаның оңтүстік-батысында Ұлытау жүйесі орналасқан. Ұлытау құмтастан, аралас жыныстардан, кристалды тақтатастан, граниттен тұрады.

Ұлытаудың биіктігі-1134м. Ұлытау қуаңшылық климатымен көзге түседі. Жылдық жауын-шашын мөлшері 180-230мм. Шоқ-шоқ қарағай өседі. Жусан, бетеге, боз, көде, еркекшөп, сораң өседі.

7. Әулиеатаның батысындағы Жуалы Жамбыл облысындағы аймақта орналасқан. Ауыл шаруашылығы және ірі қара мал шаруашылығымен айналысады. Жуалы теміржол станциясы бар, ірі жол торабының бірі.

8. Жоңғар Алатауының солтүстік-шығысындағы созылып жатқан Жетісу тау сілемі Алакөл ойысының оңтүстік-батыс жағындағы ендік бағытта созылып жатыр. Биіктігі -2605м. Қызыл қоңыр топырағында әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өседі. Шыршалы орман өседі. Жетісу халық шаруашылығында мал жайылымына қолайлы.

9. Жетісу Алатауы, Жоңғар Алатауы - Қазақстандағы ірі, әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйесі. Солтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км-ге, батыста ені 100 км, шығысында 250 км-ге жетеді.

V. Жаңа сабақты бекіту.

1. Венн диаграммасы


Ертегі Ортақ Аңыз әңгіме

Екеуі де ауыз әдебиеті үлгілеріне жатады, біздің дәуірімізге ауызша жеткен.

Ойдан шығарылған, қиялдан туған, шындыққа жанаспайды, көне жанр.

Дүниеде болған адамның басына құрылады, шындыққа жанасады, тарихқа қатысты.




2. Топтастыру



Баянауыл



Жуалы



Шыңғырлауөзені



Ұлытау



Маңғыстау



Аспара

Жерұйық



Қарсақбай



Жетісу




VІ. Өткенді пысықтау. Тест.

1. Кендебай мінген тұлпарды ата.

а) Керқұла б) Кербесті в) Шалқұйық

2. «Ер Төстік» ертегісіндегі кейіпкерлерді ата.

а) Тазша бала б) Жалмауыз кемпір в) Кендебай

3. Жаман адамның хан болған кездегі аты.

а) Ерназар б) Мадан в) Аяз би

4. «Ер Төстік» ертегісіндегі жалмауыз кемпірдің қызының аты.

а) Бекторы б) Күңке в) Кенжекей

5. Қырық уәзір қай ертегідегі кейіпкерлер?

а) «Ер Төстік» б) «Аяз би» в) «Қырық өтірік»

6. «Аяз би» ертегісіндегі құстың жаманын белгіле

а) Қырғауыл б) Шеңгел в) Сауысқан

7. Қай шығарма аңыз әңгімеге жатады?

а) «Асан Қайғының Жерұйықты іздегені» б) «Аяз би» в) «Қырық өтірік»

VII. Үйге тапсырма: «Туған жер - алтын бесік» ойтолғау жазу.

VІІІ. Бағалау


© 2010-2022