Эссе Менің педагогикалық кредом

ЭССЕ «Менің педагогикалық кредом»         Қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы ең алдымен мұғалімге байланысты. Сондықтан, қазіргі заман мұғалімнен өз пәнінің терең білгірі болуымен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық біліміділік, ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Сонымен қатар, оқушы өз табысын сезінбесе оқытудан еш нәтиже болмайтыны анық. Әр оқушыға табысқа жетуге мүмкіндік беруіміз керек. Оқытудың ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЭССЕ

«Менің педагогикалық кредом»

Қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы ең алдымен мұғалімге байланысты. Сондықтан, қазіргі заман мұғалімнен өз пәнінің терең білгірі болуымен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық біліміділік, ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Сонымен қатар, оқушы өз табысын сезінбесе оқытудан еш нәтиже болмайтыны анық. Әр оқушыға табысқа жетуге мүмкіндік беруіміз керек. Оқытудың сапалы болуының тағы да бір шарты - оқыту мен тәрбиенің қатар жүруі. Яғни, сабағымыздың әр кезеңінде оқушыларға адамдық тәрбие беруді үйреткеніміз абзал.

Менің мұғалім болуым кездейсоқ оқиға болған жоқ. Осы сұраққа жауап берген кезде көз алдыма алғашқы мұғалімім Лень Галина Сергеевна келеді - оның ұқыпты киімі, оның сөйлеу мәнері, оның мадақтау арқылы оқуға ынталандыра алуы. Осы ұстаздың тірі үлгісі маған алғашқы бағыт бағдар алуыма ықпалын тигізді.

Ал кейін мұғалім болуды армандап жүрген мен, физикамен өмірімді байланыстыруымды орта буында оқып жүргенде шештім. Өйткені , дәл осы уақытта мектебімізде физика пәні мұғалімі Галиев Жангелді Мұқұжанұлы атты ұстаз білім берді. Бұл ұстаздың сабақ беру шеберлігі соншалықты қызықты болғаны: мен физика пәнісіз өз өмірімді елесте алмадым.

Еңбек жолымның алғашқы күнінде жүрегіме нық орнаған ұстаздық ұстанымым - мамандығыма деген сүйіспеншілік сезімі мен тәжірибелі ұстаздарға деген құрмет еді.

Міне, сол уақыттан бері көп жылдар өтіп мен де ұстаз атандым.

Кез келген ұстаздың педагогикалық әрекетінің табыстылығы - оның жоғары дәрежедегі құзырлылығында, кәсіптілігінде, толеранттылығы мен мәдениеттілігінде, ал физика пәні мұғалімі үшін - ғылымилығында. Тап осы қасиеттер оқушылардың жаратылыстану - ғылыми көзқарастың қалыптасуына және зияттың дамуына мүмкіндік береді.

Мұғалімнің басты мақсаты: әртүрлі педтехнологияларды пайдаланып, оқушылардың оқу материалын меңгеруіне мүмкіндігін кеңейту.

Түсінік бар жерде ғана қызығушылық болатыны бәрімізге мәлім. Ал егер оқушы мұғалімді түсінбесе, онда мұғалімнің оқытатын пәнге де қызығушылығы болмайды. Сондықтан, мен өз тәжірибемде оқушыларды ынталандыруға көп көңіл бөлемін. Өзімді оқытқан мұғалімдердің ұстанымын есте сақтай отырып, оқушыларға физика пәнін барынша түсінікті, сонымен қатар өмірмен байланысты мысалдар арқылы түсінуіне жағдай жасауға тырысамын, өйткені заманауи педагогиканың мақсаты - алған білімдерін өмірде табысты қолдануына үйрету болып табылады.

«Нашар оқушылар жоқ , нашар оқытатын мұғалімдер бар» деп бекер айтылмаған. Демек, кез келген оқушыны үйретуге болады. Осы ұстанымды ұстана отырып, сыныптағы барлық оқушыларға бірдей көзқараспен қарауға тырысамын. Және оқушыларға да олардың оқиалатынын , түсіне алатынын жеткізуге тырысамын. Үнемі іздену, шығармашылық қасиет, теориялық білім - менің серігіме айналды.

Көпжылдық тәжірибенің нәтижесінде тек өзін-өзі дамытатын мұғалім ғана өз оқушыларының шығармашылық дамуына үлгі бола отырып, ынталандыра алатын тұлға бола алатынына көз жеткіздім. Сол себептен мұғалім өмір бойы оқу керек.

Мен өзімді бақыттымын деп санаймын, өйткені менің ізімді жалғастырған оқушыларым бар. «Жақсы ұстаздың шәкірті озар» дегендей сол оқушыларымның жетістіктерін көріп, менің еңбегімнің зая кетпегінін, өз міндетімді табысты орындап келгенімді көріп, өмірімде дұрыс таңдау жасағанымды түсіндім. Менің мамандығын - менің дұрыс таңдауым!

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші ұстаздардан алған тәлім-тәрбие, ата-анамнан алған өнеге - бәрі де менің ұстаздық жолымды нық басуыма үлкен үлесін қосты деп ойлаймын.

«45 жыл мұғалім болсаң да, 45 минутыңа дайындал» деген нақыл сөз менің ең басты ұстанымым болып табылады.

Қайырбек Оразов атындағы

Аралағаш орта мектебінің

Физика және математика пәні мұғалімі

Мейрманова Ғалия Маратқызы


© 2010-2022