Урок по казахскому языку на тему: Жетім

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:





«Мелкомбинат негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі






Тақырыбы:

Мұхтар Әуезов

«Жетім» әңгімесі

(Ашық сабақ)

4 «А» сынып


Пән мұғалімі: Г.Қ Омарбаева




2012-2013 оқу жылы


Мерзімі:_______________ Пәні: ана тілі Сынып: 4 «А»

Сабақтың тақырыбы: «Жетім» М.Әуезов

Мақсаты:

Білімділігі: Мұхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет бере отырып, «Жетім» әңгімесін мәнерлеп оқып, мазмұнын таныстыру;

Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту,сөздік қорын молайту, ойлау, көру, сезіну, қабылдау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелігі:жақсы мен жаман әдет қылықтарды ажырата білуге, ұлы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ой қозғау сұрақ-жауап, көрнекілік, деңгейлік тапсырма, ой толғау.

Сабақтың көрнекіліктері: М.Әуезовтың портреті,сөзжұмбақ, тірек сызбалар, мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Сыныпты түгендеу

3.Сабаққа әзірлік.

Психологиялық дайындық:

  • Балалар, бүгін ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.

Олар -ұстаздар, ата- аналар. Қонақтарға өзіміздің білімдерімізді көрсетейік.

  • Қазір қай сабақ?

  • Қазір ана тілі сабағы.

Ана тілі айдыным,

Ана тілі ай-күнім.

Ана тілім болмаса,

Керегі не байлықтың?

- Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі- туған тіліміз ана тілі сабағы екен, олай болса, ана тілін кім қалай білетінін байқап көрелік. Қане, балалар, сабаққа көңіл аударайық.

ІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ Жаңа материалмен жұмыс:

- Бүгін біз Мұхтар Әуезовтың «Жетім» әңгімесін оқып, мазмұнымен танысамыз.

1) Ой қозғау.

- М.Әуезов кім? Ол туралы не білесіңдер?

- 2-3 сыныптардағы өткен әңгімелерін еске түсірейік.

- «Көксерек» әңгімесі есіміздеме? Бұл әңгімедегі басты кейіпкер кім?

- «Боран», «Әке арманы», «Жолда» әңгімелері қай романның үзінділері?


Тірек сызба (Слайд)

Урок по казахскому языку на тему:Жетім

2)Мұхтар өміріне шолу. (Слайд)

  1. Әуез қыстауы. Осы үйде Мұхтардың балалық, жастық шағы өткен. Бұл қыстау кейіннен жөнделіп, жазушының мұражайына айналды

  2. М.Әкезов - семинария оқушысы.

  3. Жас мұхтар үй іші мен достарының арасында.

  4. Жазушының Алматыдағы мұражайының бір бөлмесі.

  5. М.Әуезов жұмыс үстінде. 1939жыл

  6. М.Әуезовтың кітаптары. ( «Абай жолы» 4 томдық, «Көксерек», «Қорғансыздың күні», «Қилы заман»)

3) Сөзжұмбақ шешу. (Слайд)

Урок по казахскому языку на тему:Жетім

(Слайд)

Урок по казахскому языку на тему:Жетім

4)Сөздік жұмыс

  1. Қиянат - әділетсіздік, зорлық, өктемдік

  2. Қаға беріс - шеттеу, бұрылыс, тасалау жер.

5)Оқулықпен жұмыс

"Тізбектей оқу" әдісі

6)Дәптермен жұмыс

Күн ретін жазу. Сөздікті жазып алу.

III. Түсінгендеру тексеру.

Мәтінге жоспар құру:

  1. Үш салт атты.Жалғыз жаяу

  2. Қасымның қаралы күйге тусуі.Әжесінен айырылуы

  3. Иса мен Қадишадан көрген қорлығы

  4. Қасымның тауға қашуы.

  5. Тау ішіндегі қорқыныш.

  6. Ағашқа сүйеніп қатып қалған бала.

Деңгейлік тапсырма

  1. Жалғыз жаяу бала келе жатқан кездегі табиғат көрінісін тауып оқы.

  2. Жанашыры жалғыз әжесі өлгендегі Қасымның қиналған жері.

  3. Қасымның қаңғып кетуіне себеп болған жері

  4. Әңгіме неліктен "Жетім"- деп аталады

IV. Сергіту жаттығуы

Қане, сапты түзейік,

Тіземізді бүгейік.

Ыршып алға түсейік,

Ыршып артқа түсейік.

Көбелекше ұшамыз,

Отырамыз, тұрамыз.

Сергітуге мың алғыс!


V. Ой толғау.

Авторға хат"

Сендер автор болсаңдар, осы әңгімені қалай аяқтар едіңдер?

VI. Сабақты бекіту. Топтастыру.

Пысықтау сұрақтары:

- Жетім кім?

- Қорлық көрсетуші кім?

- Қасымның тағдыры не болды?

- Әңгіме сендерге қалай әсер етті?

VII. Сабақты қорытындылау.

Кейіпкер моделі

Кейіпкер

Іс- әрекеті үзінді

Оқушы сезімі

Қасым

Иса мен Қадиша

VIII.Үйге тапсырма:

Әңгімені жоспар бойынша мазмұндау. М.Әуезов жайлы оқып білу.

VІ. Оқушыларды бағалау.

Оқушыларды сабаққа қатысымы бойынша бағалау.Мадақтау.






Урок по казахскому языку на тему:Жетім

© 2010-2022