Урок любимое занятие дедушки

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4 сынып.

Сабақтың тақырыбы:Атамның сүйікті ісі № 28. 1 тоқсан № 28.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: «Отбасы» тақырыбында әр оқушыны өз білім деңгейінде сөйлетіп, тілдесім әрекетіне жетелеу. Тәуелдік жалғауы туралы түсінікті оқушылардың санасында берік қалыптастыру. Оқу техникасын жандандыру.

  2. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын байыту. Сауатты жазу қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Үлкенді сыйлау, «сіз» деген сөздің мағынасын оқушыларға жете түсіндіру. Үлкендермен қарым-қатынас, сыпайылық әдеттерді сіңіру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: жаңа сөздер, суреттер көрсетіп әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: жаңа сөздер, суреттер, тақта, кітап.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқу құралдарын, оқушыларды түгелдеу.

Жаңа сабаққа дайындау: *1-тапсырма, 13-бет. Мәтін бойынша оқылым әрекетін мәнерлеп оқудан бастап, оқушыларды айтылым әрекетіне жетелеу. Өз отбасы жайлы айтып үйрету. Жаңа сөздермен егжей-тегжейлі жұмыс жасау.

5. Жаңа сабақ: Атамның сүйікті ісі.

6. Жаңа сабақты түсіндіру:

Жаңа сөздер:

Теледидар, теледидар көру, жаңалықтар.

Дәптерлеріне күні, тақырыбын жаздырту.

*2-тапсырма, 13-бет. Оқылым әрекетіне берілген диалогпен жұмыс жасау. Тапсырмада берілген диалог арқылы ұжымдық кейін жұптық жұмыс ұйымдастыру. Оқушыларды тілдесім әрекетіне баулу. Айтылым әрекетін де қоса қамту. Өз атасы мен әжесі туралы айтуға үйрету. Әр оқушыны саналы түрде сөйлеуге жетелеу. Өз атасы мен әжесі туралы өздік жұмыс орындату.

Қосымша тапсырма. Әдептілік әліппесіне байланысты «Үлкенді сыйла, кішіге қамқор бол!» деген тәрбиелік мәні бар тапсырмамен жұмыс жасау. Өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіру арқылы оқушыларды әдептілікке, ізеттілікке, қамқорлыққа баулу.

3-тапсырма, 14-бет. Сурет бойынша берілген сұрақтармен жұмыс жасау. Сұраққа дұрыс жауап беріп үйрету. Сөйлем бойынша сұрақ жасатып дағдыландыру. Тапсырманы сөйлесім әрекетінің барлық түрімен жандандыру.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрып,

Демімізді алайық.

*4-тапсырма, 14-бет. «Сөйлеп үйрен» айдарымен берілген тапсырманы 1, 2 және 3 жақта орындау. Оқушыны тілдесім әрекетіне баулуға арналған тақырып бойынша жұмыс жасау. Бұл тапсырманы ұжымдық тапсырма ретінде жалғастыру. Тапсырманы жазылым әрекетімен ұштастыру.

5-тапсырма, 14-бет. Айтылым әрекетін тапсырма бойынша іске асыру. Өз атасы немесе әжесі туралы айта білуге машықтандыру.

8. Сабақты қорытындылау:

6-тапсырма, 14-бет. Теледидар туралы жұмбақты оқушылардың қисынды ойлау қабілетін жандандыру мақсатында оқылым, айтылым, жазылым әрекеттері арқылы орындату. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін жандандыру. Жатқа айту сайысымен аяқтау.

Үйге тапсырма: 7-тапсырма, 14-бет.

Оқушылардың білімін бағалау.















© 2010-2022