Күнделікті сабақ жоспары Менің заттарым (1 сынып)

Күні: Сынып: 1Сабақтың тақырыбы: Менің заттарым? 154 бетСабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, тілдесім әрекеттерін жандандыру. Ол мақсатта түрлі әдістерді қолдану. Олардың оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі меңгерту. Дамытушылық. Тақырып бойынша оқушылардың сауатты оқу, сөйлеу, жазу дағдыларын дамыту. Тәрбиелік. Оқушыларды сабақ барысында тәртіптілікке, бір-біріне көмек қолын беруге даярлыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-ж...
Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 13.04.15ж.

Сынып: 1

Сабақтың тақырыбы: Менің заттарым? 154 бет

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, тілдесім әрекеттерін жандандыру. Ол мақсатта түрлі әдістерді қолдану. Олардың оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі меңгерту.

Дамытушылық. Тақырып бойынша оқушылардың сауатты оқу, сөйлеу, жазу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік. Оқушыларды сабақ барысында тәртіптілікке, бір-біріне көмек қолын беруге даярлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, диалог, аудару.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылармен амандасу;

- түгендеу;

- үйге берілген сөздерді тексеру:

Бояу - краска,

Қылқалам - кисточка,

Сурет үйірмесі - кружок рисования

Сурет дәптері - тетрадь для рисования, альбом

Сатып алдың - купил (-а)

Мен сатып алдым - я купил (-а)

Сен сатып алдың - ты купил (-а)

Көйлек- платье

Жейде - рубашка

Шалбар - штаны

Етік- сапоги

Туфли - туфли

- назарларын жаңа сабаққа аудару.

ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

Бүгін біз сабақта оқу құралдарын еске түсіреміз. Кім не сатып алды? Сұрағына жауап береміз.

ІІІ. Сөздік жұмысын жүргізу:

Менің заттарым - мои вещи

Ал енді балалар оқу құралдарын еске түсірейік: Дәптер, қарындаш, кітап, қалам, өшіргіш, сызғыш.

Черный карандаш, зеленая тетрадь, красивая книга, красная ручка, хороший ластик, длинная линейка.

ІV. Жаңа сабақ.

А) Кәне, балалар мына суреттерга қарап кім не сатып алды? деген сұраққа жауап беріңдер.(суреттерге қарап, жауап береді).Жұптық жұмыс жүргізу. Әркім өз жұбынының не сатып алғанын айтады.

Ә) Оқылым әрекетіне берілген диалогпен жұмыс жасау. Оқылым әрекетін жұптық жұмыс ретінде жалғастыру. Соңынан тапсырмаға ұқсас диалог жасату. Оқушыларды саналы тілдесімге тарту.

- Сәлем, Инга!

- Сәлем, Шолпан!

- Сен қайда барасың?

- Мен кітап дүкеніне барамын.

- Не сатып аласың?

- Дәптер, қалам, қарындаш, өшіргіш, сызғыш сатып аламын.

- Сау бол, Инга!

- Сау бол, Шолпан!

Б) Аударма жұмысын дұрыс жасауларына көмек беру.

Бұл не? (Что это?) - Это книга. (Бұл кітап)

Бұл не? (Что это?) - Это тетрадь. (Бұл дәптер)

Бұл не? (Что это?) - Это ручка. (Бұл қалам)

Бұл не? (Что это?) - Это линейка. (Бұл сызғыш)

В) Үлгі бойынша сөйлем құратып үйрету. Әр оқушыға жеке-жеке тапсырма беру. Сауатты жұмыс жасауларын қадағалау.

1. Қарындаш.

2. Екі қарындаш.

3. Екі әдемі қарындаш.

4. Екі әдемі, қызыл қарындаш.


  1. Қалам.

  2. Үш қалам.

  3. Үш әдемі қалам.

  4. Үш әдемі, жасыл қалам.


  1. Кітап.

  2. Төрт кітап.

  3. Төрт жаңа кітап.

  4. Төрт жаңа, көк кітап.

V. Сабақты бекіту.

Сен не сатып алдың? Мен ......., ........... сатып алдым. (купил (-а))

Мен (киім түрлері) сатып алдым.

Сен не сатып аласың? Мен ........,......... сатып аламын. (куплю)

Мен (киім түрлері) сатып аламын.

VІ. Үйге тапсырма: 154 бет 1-тапсырма оқу.

© 2010-2022