Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б. - бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі. Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де ортақ болып келеді. Мысалы, Қожанасыр қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол "ауылы аралас, қойы қоралас", қыз алысып, қыз берісіп құда-жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Аңыз әңгімелерде көбінесе сараңдық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен әжуалап сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады.

Қожанасыр әңгімелерінде (аңызда) оғаш қылығы, аңғал мінезі әжуа-күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйін ойда үлкен тәрбие-тәлім толқыны анық байқалады; оқушы оқып күле отырып шындықты түсінеді. Осындай халық арасына кең тараған күлкілі сықақ аңыз әңгімелердің бір тобы Алдар көсе атымен байланысты туған. Көсе образы- қарапайым халықтың күлкіні сараң байларға, оның өкілдеріне қарсы жұмсау, оларды келеке-мазақ ету тілегінен туған образ. Мұны біз [["Алдар көсе мен Алаша хан","Алдар көсе мен шық бермес Шығабай", "Алдар көсе мен саудагер", т.б. аңыз әңгімелерден көреміз. Осы аттары аталған хан, бай, саудагерлерді Алдар көсе өзінің тапқырлығы, ақыл-айласының арқасында алдап соғады, ел алдында мазақ, күлкі етеді. Халық аузындағы мәтелге айналған "Жұмыртқадан жүн алатын", "Өзі тойса да, көзі тоймайтын", "Кесіп алса қан шықпайтын" шық бермес Шығайбай - сараңдықтың жиынтығы. Шығайбайдың әдеті мен ісінен сараңдық, дүниеқорлық, өзімшілдік айқын көрінеді. Оның осы мінезін жек көрген халық қапияда жол, қапылыста сөз табатын, айла-амалы мол Алдар көсені жіберіп, Шығайбайды бірнеше рет жер қаптырады. "Ұрының әйелі өзіне лайық" дегендей, оның тәрбиесіндегі үй-іші - әйелі, қызы Шығайбайдың өзі тәріздес пиғылы тар сараң жандар. Көсе үйге кіріп келгенде әйелі илеп отырған нанды, қызы үйтуге әзірлеп отырған қазды жасыра қояды. Бұл әрекеттер Шығайбайдың образын толықтыра түседі. Сараңдық пен дүниеқорлыққа жаны қас Алдар көсе табан аузында сөз тапқыштығымен өзінің жаңа ғана көргендерін әңгімеге қосып, келе жатып үлкен сары бас жылан көргенін, оны өлтіргенін тұспалдап айтып береді. "Осы айтқандарым өтірік болса, байеке сіздің астыңыздағы қазыдай тілінейін, бәйбішенің нанындай иленейін, қызыңның астындағы қаздай жұлынайын", - деп аяқ астында оларды масқара етеді. Алдар көсе ақыры байдың қызы Бізбикені алдап алып кетумен оқиға аяқталады. Ал "Алдар көсенің шайтанды алдауы" деген әңгіменің сюжеті, құрылысы басқаша болып келеді. Халық ұғымында шайтанды ешкім алдай алмайтын болса, бұл әңгімеде Алдар көсе өзінің қулығымен шайтанды да алдап кетеді. Оның өтірік өліп тірілуі, шайтанға қазы алдыруы, үлкендігін бұлдап, шайтанның мойнына мініп қамшымен сабауы, шайтандар қорқатын тікен арасына тығылып, ала қаптағы алтынды алып құтылып кетуі арқылы адам айласы шайтанды да жеңеді деген идеяны білдіреді. Алдар көсе туралы аңыздардың қай-қайсысы болмасын оны тапқырлықтың өкілі етіп және ол қандай іс-әрекет жасаса да жазғырмай, сүйікті етіп көрсетуі Алдардың ел санасынан ұнамды кейіпкер түрінде тұрақты орын алғандығын аңғартады.

Қазақ аңыздарының түрлері[өңдеу]

Топономикалық аңыздар[өңдеу]

Аңыздар тарихта шын мәнісінде болған әлдебір оқиғаларға құрылады, әрі осы оқиғалар көбіне нақты бір мекенмен, тау-таспен, өзен-көлмен баланыстырылады. Мұндай аңыздар жер-су аттарына байланысты немесе топонимикалық деп аталады. Себебі олар белгілі бір жағрафиялық нүктенің неліктен солай аталатынын түсіндіреді. Мұндай аңыздарға Бурабай, Баянауыл, Қарағанды, Жекебатыр, Шайтанкөл, Екібастұз,т.с.с. жер аттарымен байланысты аңыздар жатқызылады.

Аңыздар - халықтың ауызекі шығамашылығының ерекше жанры, оларда халық қиялы нақты жадығаттарды еркін сапырып, оқиғаларды өзінше пайымдайды.

Махаббат хикаялар[өңдеу]

Қазақ аңыздарының үлкен бір тобын ғашықтардың қайғысымен, өлімі немесе айрылысуымен аяқталатын махаббат хикаялары құрайды. Бұларға Зарина ханшайымның, Айша бибі арудың, Балқаш қыздың бастарынан өткен оқиғалары жатады.

Батырлар туралы аңыздар[өңдеу]

Қатыгез жауларға қарсы ерлікпен шайқасқан ата-бабаларымыздың қаһармандығын паш ететін батырлар жайындағы аңыздар да ауыз әдебиетінде айрықша орын алады. Бұлардың қатарына сақ патшайымы Томирис Отанын қорғау жолына өз өмірін құрбан еткен бақташы Шырақ жайындағы аңыз-әңгімелерді жатқызамыз. Бұл оқиғалардың аңызға айналу себебі сол уақыттан бері талай ықылым заман өтіп кеткендігі ғана емес, олар шын болды ма, жоқ па, ешкім дәлелдеп бере алмайтындығы.

Тарихи аңыздар[өңдеу]

Ең ақырында, тарихи деректер мен оқиғаларды халық қиялы мүлде өзгертіп жібергендіктен, ақиқаттың өзі а уақыт өте келе аңыздық сипат алған қазақ аңыздарының бір тобы бар. Моңғолдардың атақты әміршісі Шыңғыс хан, оның ұлы Жошы хан және басқалар хақындағы кейбір аңыздар бұған дәлел болып табылады.

Тарихтың терең қойнауларынан орын алып, аңызға айналған оқиғалардың өтірік-шынын тексеріп жатудың өзі ақылға сыймайтын нәрсе. Олар ойдан шығарылған уақиғалар болғандықтан да-аңыз. Бір қызығы, әдеби немесе ғылыми шығармаларда мифтік бейнелерге айналатын немесе керісінше болатын тарихи тұлғаларға ,оқиғаларға тікелей байланысты аңыздар да көптеп кездеседі. Қазақ әдебиетінде Қорқыт, Алаша хан бейнелері осындай. Олардың өмірінде шын болғандығына кейбір зерттеушілер күмәнмен қарайды. Себебі олардың есімдері тарихи шежірелерден табылмай отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта мұны дерек-құжатпен дәлелдеу қиын.



Пән: қазақ әдебиеті Сынып: 5 «Б» Өткізетін күні: 20.01.12
Сабақтың тақырыбы: Алдар көсе туралы аңыздар.
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушылардың Қожанасыр, Алдар көсе туралы білетін ақпаратттарын кеңейту. Іздендіру арқылы жаңа тақырыпты меңгеруге ықпал ету.
2) Оқушы бойында адамдық ізгі қасиеттерді қалыптастыруға, жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, адамгершілікке, адалдыққа баулуға орта құру.
3) Оқушылардың өзіңдік ізденісін, ойлау қабілетін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, сөйлеу мәдениетін дамытуға, өз пікірін ашық та еркін жеткізуге жағдай жасау.
Сабақтың міндеті:
1. Өз пікірін жеткізе білуге үйрету;
2. Шығармашылық жүмыстар арқылы дүниетанымын кеңейтуге жағдай туғызу;
3. Оқушыларды жеке, жұпта, топта жұмыс жасай білуге бағыттау.
Сабақтың түрі: ізденіс, жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың технологиясы: СТО, саралап деңгейлеп, интерактивті
Сабақтың типі:білімді жинақтау, жүйелеу сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, топтық, жекелей, жұптық, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Кітап көрмесі, суреттер, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгелдеу, сабаққа бейімдеу.
ІІ. Өткенді қайталау: Балалар, кез келген халықтың ауыз әдебиеті бар. Қазақ халқының да өз әдебиеті бар. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
Әдебиет түрлері айырмашылығы ұқсастығы
Ауыз әдебиеті Ұжымдық, көп нұсқалы, авторы жоқ Көркем туынды
Жазба әдебиеті Жеке, авторы бар, бір нұсқалы
Әдебиет түрлері айырмашылығы ұқсастығы
Ауыз әдебиеті Ұжымдық, көп нұсқалы, авторы жоқ Көркем туынды
Жазба әдебиеті Жеке, авторы бар, бір нұсқалы
- Аңыз дегеніміз не?
- Аңыздың қандай түрлері бар?
- Аңыз бен ертегінің ұқсастығы неде?
-Аңыз бен ертегінің айырмашылығы қандай ?
- Аңыз кейіпкерлері кімдер?
- Аңызда олар қандай адам болып суреттеледі?
Үй жүмысын тексеру: - Балалар, қазақ аңыз әңгімелерінде ерекше орын алатын кейіпкер -
Қожанасыр. Қожанасыр туралы көптеген қызықты аңыздар бар.Үй
жұмысы, сол аңыздардың біреуін «Қожанасырдың тойға баруы»
дайындап келу болу. Кім көрініс көрсетеді? (оқушылар шығып, көрініс
көрсетеді).
Қорытындылау, оқушыларды бағалау. - Қожанасыр қандай кейіпкер?

Жаңа тақырыпқа 1. Қазақ аңыз әңгімелерінің бір тобы - Алдар көсе атымен дайындық кезеңі: байланысты екенің сендер білесіңдер. Ол қандай адам болғаның,
қандай қулықтар жасағанның біз ол туралы аңыздардан білеміз.

2. Қызығушылықтарын ояту. (Алдар көсе туралы мультфильм қарау).
- Алдар көсе қандай адам? (көңілді, қу, ақылды)
- Мультфильм ұнады ма?
3. Жаңа сөздермен жұмыс:
Алдар көсе - безбородый обманщик
мұратына жету - добиться поставленной цели
қу жауырын - лопаточная кость без мяса
шикі ет - сырое мясо
пісіру- варить
сорлы несчастный
сүйек- кость тоқты- годовалый ягненок
суырып алу- вытащить сою- резать
қора- скотный двор таң қалу - удивляться
кедей - бедны
Жаңа тақырып: 1. Оқулықтарынды ашыңдар аңызды тыңдандар. (үнтаспадан
дауыс)

2. Шығармамен жұмыс:
а)Бір абзацтан оқып, мазмұның орысша айтып беріңдер.
в) Сұрақтарға жауап беру:
- Алдар көсе не тауып алады?
- Ол қайда келеді?
- Байдың әйеліне не дейді?
-Содан кейін не дейді?
- Байды қалай алдайды?

3. Аңызды рольмен оқу.
Алдар көсенің бірінші байдың үйіне келіп, қалай алдағаның тауып
оқыңдар.

4. Шағарманы талдау:
Шығарма кестесі:

Шығарманың аты Алдар көсе
Шығарманың авторы
Оқиға орны
Кейіпкерлері
Идеясы

Шығарманың композициялық құрылымына талдау:

Оқиғаның басталуы
Оқиғаның дамуы
Оқиғаның шиеленісуі
Оқиғаның шарықтау шегі
Оқиғаның шешімі

Динамикалық характері:

Алдар көсе ақылды тапқыр ержүрек ….

Бай надан қорқақ саран …

Кейіпкерелерді салыстыру:

Тілі мінезі Тілі мінезі

Алдар көсе Бай

Қоршаған орта іс-әрекеті Қоршаған орта іс-әрекеті

Жаңа тақырыпты (шығарманы) бекіту: Топтық жұмыс: (сұрақтарға жауап
бере отырып,мәтіннің мазмұның айту)

І-топ: - Бір күні Алдар көсе (не?) тауып алды. ІІ-топ: - Алдар көсе (қайда?)келді.
- Ол (кімнің?) үйіне келді. - Алдар (кімді?)алдайды.
-Алдар (кімді?)алдады. - Қойын (неге?) айырбастайды.
-Қу жауырының (неге?) айырбастады. -Байды (қалай?)алдайды.

ІІІ- топ. (шығармашылық). Өлеңді жалғастырыңдар.
1)Алдар көсе қу адам, 2)Алдар баймен кездескен,
Байларды ол …(алдаған). Халқы үшін … (күрескен).
3)Алдар біздің айлакер,
Алдап жүріп ол … (жеңер).

Қорытындылау: «Кубизм» әдісі арқылы.
1. Суреттеңіз: Алдар көсені суреттеңдер
2. Салыстырыңыз: Алдар көсе мен өз досыңды салыстыр.
3. Талқылаңыз: Алдар әділсіздікті жеңу үшін байды алдайды.
4. Не елестетесіңдер: Шығарманы оқығанда көз алдарында не елестетесіңдер?

Сабақтың басында қойылған проблемалық сұраққа жауап беру.
Бағалау.
Үй жұмысы: «Алдар көсе» аңызын мазмұндау.

Facebook


© 2010-2022