Доклад на тему Абай Кунанбаеву - 170 лет

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баяндаманы дайындаған:

Енсебаева Гүлсара Тлеубековна

«А.С.Иванов атындағы

Выдриха « Жалпы білім беретін

орта мектеп - балабақша» кешені» КММ

Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі

Абай туған елім бар...

Абай - біреулер үшін - ұлы лирик, енді біреулерге - демократ, тағы біреулерге - философ. Ал көпшілігі үшін -Ұлы Абай. Абайды Еуропа, бүкіл дүние жүзі таниды. Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын оятып, береке-бірлікке шақырған. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті. Халқымыздың мына бір өлең жолдары әрдайым өз жадымда, бүгінгі докладымның тақырыбында осыған сәйкес алдым.

Абай туған елім бар,

Мұхтар туған жерім бар.

Қос қанатым бауырым,

Аман болсын ауылым - деген жолдарында халықтың қаншалықты Абайға деген сүйіспеншілігі, мейірімі, сағынышы, мәңгілік махаббаты мен мәңгілік мұңы жатыр деп те, айтуға болады. Абай - халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық идеологиямыз. Оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту - біздің, яғни мұғалімдердің парызымыз.

Абайды алғашқы тану, білім беру саласында қазақ тілі мен әдебиеті сабағының 2-сыныбынан бастап 11 сыныпқа дейін, бағдарламаға енгізілген шығармалары мектеп өмірінде болып жатқан барлық шаралардың жоспарынан түскен емес. Сонымен қоса, жыл сайын облыстық, аудандық деңгейде және мектепте өтетін Абай оқуларында оқушылар ұлы дананың шығармаларын мәнерлеп оқиды, әндерін шырқайды.

Осындан екі жыл бұрын мектеп бағдарламасына өздеріңізге мәлім «Абайтану» бағдарламасы енгізілген болатын. Бағдарламаның мақсаты - 9-11 сынып аралығындағы сыныптарға Абайды тереңдетін оқыту. Білім және ғылым министрлігінің бағдарламасы бойынша «Абайтану» бағдарламасы мектеп бағдарламасына қосымша үйірме ретінде аптасына 1 сағат бөлініп, жылына 34 сағат бекітілді. Бағдарламаға енгізілген тақырыптар Абайдың балалық шағын, табиғат лирикасын, қара сөздерін, поэмаларын терең танып, ақынның шығармаларының тәрбиелік мәнін түсіндіреді. Абайдың өмірі мен шығармашылығындағы өзекті тақырыпты танып білу үшін Құнанбай заманы мен Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігін, айырмасын жете білу маңызды.
Абайды оқып зерттеген жазушы М.Әуезовтің атап көрсеткеніндей Абай мұрасының нәр алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс, Батыс елдерінің рухани қазынасы болды. Оқи жүріп, іштей толысып жетіле жүріп ақындық өнердің қоғамдық санада зор тәрбиелік мәнін танып, жасы қырықтан асқан шақта ақындық өнерге құлай берді.
Адам болу мәселесі сонау тар қапас заманда дүниеге келген ұлы Абайды ерекше толғандырған. Міне сондықтан да ақынның ғылым, білімге шығарған өлеңдері бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан емес. "Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Ғылым таппай мақтанба", "Білімдіден шыққан сөз", Әсемпаз болма әрнеге" атты өлеңдерінің негізгі идеясы мен мақсаты - Абайдың ұрпақ тәрбиесіне арналғанын көреміз. Абайдың пікірінше, адам болу үшін оның бойынан үш фактордың болуы тиіс.

Біріншіден, баланың шыққан тегі жақсы болуы керек;

Екіншіден, оның әлеуметтік жағдайы немесе қоршаған ортасы жағымды болуы шарт;

Үшіншіден, балаға адамгершілік тұрғыдан тәрбие берілуі қажет.
Абай өз заманының перзенті ретінде сол дәуір дайындаған көлемде ұлан-ғайыр еңбек етті. Кемеңгер Абай өлеңді сөздің патшасы, сөз сарасы деп бағалады. Ол өлең құрылысы жағынан да жұп-жұмыр шығып, артық сөз, орынсыз ой қосылмай, өлеңнің бас-аяғы теп-тегіс шығуын, мазмұн мен түр бірлігін керек етеді. Сырты күміс, іші алтын болып өрнектелуін акындар алдына жаңа әдебиеттің эстетикалық мұраты ретінде ұсынды.

Абай өлеңдері бай философиялық, күрескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей - теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті. «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» - Абайдың шығармашылық мұрасындағы поэмалары да зерттеушілердің назарында. Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады.
Біз мұғалімдер басқа ұлт балаларына Абайдың елі үшін әділет жолын ұстанғаның, әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбей, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренгенің, Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өскенің, кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысып, сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқығаның, көп ізденгенің, соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай белгенің насихаттап оқушыларға үлкен тәрбиелік мәні бар жұмыстар жүргізудеміз. Өз тарапымнан жыл сайын аудан көлемінде өткізіліп отыратын Абай оқылымдарына оқушыларымды дайындап, қатыстырамын. Абайдың өлеңдері мен қарасөздерің жатқа айтқызып, Абайға деген сүйіспеншіліктерін шығармашыл жас ақын оқушылар өз өлең жолдарына қосып, өнерлерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып жүр. Бұған биылғы Ұлы Абайдың 170 жылдығы торқалы тойы қарсанында сәуір айында өткізілген Абай оқылымында екі тәрбиеленушілерімнің 1 орын алғандары дәлел. Ульянова Оксана «Көзімнің қарасы» өленің орындағаны үшін және Ибрагимов Рустам өзінің өленің оқығаны үшін марапатталды.

Ибрагимов Рустам өзінің « Абай» өлеңінде былай деп мақтан тұтады.

О, Казахстан! Отец степей и гор,

Страна народов тюркских языков.

Отчизна, Родина любимая сынами,

В своей поэзии воспетая Абаем.

Не надышаться пышностью твоих дубрав,

Незабываемым нектаром сочных трав,

Любуясь силой гордого орла,

Мы поднимаем взор свой в небеса,

И слышим песнь знакомую нам с детства

О Родине - Отчизне, вверенной в наследство,

Оставленной в наследство, как завет

Нам уважаемым акыном зрелых лет.

Осы өлеңіңің әрбір сөзін ол өзі аударды. Ал мен ұстаз ретінде аударманы құрастырып Абайдың 170 жылдығына арнап өлең шығардық. Соны сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

О, Қазақстан!

Сен мекенісің - түрік тілдес халықтардың,

Сен бабасысың - кең дала, асқар тау, жазықтардың.

Ұлы Абай арнап жазған поэзиясын,

Отаным, елім - деп соғады жүрегі ұлдарыңның.

Жазықта жұпар иісі келер жусаны мен жуасыңың,

Асқар тауда иісі аңқыр таза ауа, жасыл шалғыңның.

Аспанға көз жүгірсем көремін қалықтаған қыранымды,

Мен де соған бой түзей, ұқсап бағамын!

Бала - шақтан таныс маған әуенің,

Бабалардан қалған мұра - жеріміз бен еліміз.

Ұлы Абай өсиет қылып қалдырған,

Ұлы істі жалғастырып, ізін басар ұлымын!

Демек, менің ойымша бұндай өлең жолдарын жазу үшін жас ақын Абай шығармаларын өз ой сүзбегінен өткізіп, жүрегінің түбіне бойлатқаны анық. Қазір Рустам өзінің тағы басқа өлеңдерін қазақ тіліне аудару жұмысымен айналысуда.

Абай өлеңдерінің тақырыбы жан-жақты әлеуметтік аясы кең. Өлеңдері халықты өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін махаббат өлеңдері болып келеді. Сондықтан Абай өлеңдері XIX ғасырдағы «қазақ қоғамының айнасы» деп айтамыз, ал болашақ ұрпақты тәрбиелеу үшін оның шығармаларының орны әбден бөлек.






© 2010-2022