Доклад Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚУДЫ БАҒАЛАУ

А.С.Ашенова

Математика пәні мұғалімі, Абай ЖОББМ

Ертіс ауданы, Голубовка ауылы

Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек. Соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызды формативті бағалау үдерісінің едәуір дамуына және оны оқыту мен оқуды қолдау үшін пайдалану мүмкіндігіне ықпал етті. Аталған Бағдарлама осы еңбектерде айтылған идеяларды, сондай-ақ осы идея негізінде құралған оқыту мен оқудың стратегияларын қарастырайық.

Мұғалімдер мен балалар үшін олардың қай мақсаттарға жеткісі келетінін білу маңызды, ал ол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуді талап етеді. Сондықтан бағдарлама сыни бағалау тәсілдерін де қарастырайық.

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. (Александер, 2001)

Бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтау бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық мақсат арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Іс жүзінде бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі.

Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады. «Оқыту үшін бағалау» дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылғы зерттеу нәтижелері туралы мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания академиктерінен құралған Бағалау Реформасының Тобы автор болған осы аттас кітапша жарияланғаннан кейін белгілі болды.

Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімның немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал етуі (яғни, анықтайтын мәнге ие) мүмкін болатын шешімді қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттық мазмұн мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады.

Формативтік бағалау

  • оқуды жақсартады, оқушылардың мақсатына жылжудағы ілгерілеушілікті қадағалауға мүмкіндік береді және мұғалімге оқу үдерісін түзетуге көмектеседі, ал оқушыға - өз білімі үшін жауапкершілігінің қаншалықты жоғары екенін түсінуге септігін тигізеді;

  • бала үшін мұғалім мен сыныптастарының қолдауының қаншалықты маңызды екенін түсінуге, өзін-өзі және жолдасын бағалауға мүмкіндік береді, ал бұл оның түзетулер енгізуіне, білімін жақсартуына, өз қызметіне рефлексия өткізу сапасына ықпал етеді.

  • алған білімдер сапасына ықпал етеді.

Мұғалімдер сабақта қолданатын ФБ әдістері: өзара тексеру, жұппен немесе топта өзара бағалау, оқушылардан сауалдама алу және «Білім баспалдағымен» өрлеу, түсіндіру, ауызша бағалау, мақтау, қолдау, қолмен белгі беру, стикерлер, жұлдызшалар және тағы басқалары оң нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.

ФБ тәсілдері:

  • Жаппай сауалдама.

  • «Білемін-білгім келеді-білдім» стратегиясы.

  • Ұсынымдар.

  • Мақсатты іс-қимылдар.

Жиі кездесетін қателіктерге назар аудару. Егер оқушылардың басым бөлігі қандай да бір тапсырманы дұрыс орындамаса, өз қызметіңе өзгерістер енгізу керек, мысалы, тақырыптың қиын тұстарын зерттеуді жалғастыру, зерттеуші материалды түсінуді жақсарту үшін қосымша уақыт бөлу, оқыту әдістемесін түзету қажет.

  • Салыстыру.

Оқушыларға басқа топтың жұмысын салыстырады, айырмашылықтарын табуды, туындаған айырмашылықтарды түсіндіруді, оларды талдауды және тұжырым жасауды ұсынуы керек, ал осыдан кейін өз жұмысыңа оралып, түзетулер енгізу керек.

  • Жеке сұхбат.

Барлығы жазбаша жұмысты орындап жатқанда, оқушылармен жұмыс барысы туралы жеке сұхбат жүргізіледі.

  • Іріктемелі бағалау.

Орындалған жұмыстың тек бір бөлігі ғана тексерілетіні немесе тыңдалатыны хабарланады.

  • Нәтижелерді жинау және тіркеу.

  • Нәтижелерді талдау.

Бағалаудың маңызды кезеңдерінің бірі-жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізу. Мұғалім нәтижелерді талдай отырып, оқушылар жақсы нәтижеге жеткен тақырыптарды, мақсаттар мен міндеттерді және ары қарай жақсартуды талап ететін сәттерді, сондай-ақ оқыту формаларының артықшылықтары мен кемшіліктерін, оларды жетілдірудің ықтимал жолдарын анықтай алады.

Бағалаудың мақсаты неде?

Әдетте бағалау мақсаты әр мұғалімнің бағалауды (тестілеуді) қандай мақсатта және кім үшін (сыныпта тестілеу жүргізу сияқты), қалай өткізуі керек екендігі туралы түсінігіне негізделеді. Бағалаудың басты мақсаттары төменде қысқаша айтылған.

  1. Оқытудың қиындықтарын анықтау. Орта мектептерде мысалы, сауаттылық және математика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайталап өткізуге болады.

  2. Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін). Мұндай кері байланыс «әсердің» бейресми бағалануынан бастап ресми жазбаша тестілерге дейін түрлендіру мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабарлама беру болып табылады.

  3. Уәж. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады. Ынталандыру ретінде тестінің немесе емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдердің ойлауын жинақтап, әрекет етуге итермелейді. Мұндай сыртқа ынталандыру оқыту үшін мадақтауға негіз болуы мүмкін, бірақ мұқият бақылау жүргізілмесе, мәжбүрлеу құралына айналуы да ықтимал.

  4. Болжау және сұраптау. Оқушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайды. Мемлекеттік емтихандық жүйенің нәтижелері, көбінесе сұраптау мақсатында, атап айтқанда бұдан арғы оқыту немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндік үшін қолданылады. Мектеп шеңберінде әдетте оқушылар топтар мен сыныптарға бөлінгенге дейінгі бағалаудың белгілі нысаны болады.

  5. Стандарттарды бақылау және орындау. Бағалау нәтижесінде біліктілік дәрежесін, ал мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша - жоғары білім алу мүмкін болады.

  6. Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау. Көптеген мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші кезекші болып табылады.

Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы

Кез келген мұғалім Оқыту үшін Бағалау неліктен оқытуды және оқуды жетілдіру проблемаларын шешудің маңызды мәселелеріне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары бағалаудың оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді және Оқыту үшін Бағалау ұғымы дегеніміз де осы болып табылады.

Бағалаудың мәні

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығын кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегеннін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл жорамал ресми тестілерден және емтихандардан бастап, мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау спектріне қатысты. Бұған қарамастан, бағалау түрлері нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді: бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән. Бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды:

  1. Бақылау;

  2. Алынған мәліметтердің интертретациясы;

  3. Бұдан арғы іс әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау.

Бақылау

Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс әрекетті, яғни, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды бақылау немесе олардың орындаған сынып және үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. Жазбаша тапсырма немесе тест жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайларда дұрыс таңдалған ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Басқа сөзбен айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтауы қажет.

Интерпретация қызығушылықты тудыратын, яғни, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай параметрлерді көбінесе өлшем деп атайды. Интерпретация көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге талпынуға болады немесе интерпретацияны логикалық тұрғыдан мінез-құлықтан шығаруға болады, мысалы, бала айтқан нәрсе оның санамен ойлауының нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты интерпретацияны кейде логикалық қорытынды деп атайды.

Оқыту үшін бағалау кезінде бақылау, интерпретация және өлшемдер оқытуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды және шешім басқа сипатта болады. ОүБ балалар оқыту үдерісінің қандай кезеңінде екенін, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады.

Қорытынды.

ОүБ - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.

Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісінің кері әсерін тигізуі мүмкін.

Оқытуды жақсартудың бес басты фактор:

  1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;

  2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.

  3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.

  4. Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

  5. Оқушылардың өздері-өздерін бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсінудің қажеттілігі.





Қолданылған әдебиеттер:

  1. Білім беру мекемесі басшыларының анықтамасы. №1 (85) 2014 «Өлшемдік бағалау», 9-бет;

  2. Үшінші (негізгі) деңгейге арналған нұсқаулық

  3. Білім беру мекемесі басшыларының анықтамасы. №5 (101) 2015 «Бағалау - сабақ нәтижелілігіне жету құралы», 35-бет;



© 2010-2022