Ашық сабақ: Хайуанаттар бағында

Сабақтың тақырыбы: Хайуанаттар бағында. Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Хайуанаттар бағындағы жануарлар туралы мәліметтер беру. 2. Дамытушылық:Ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту. 3.Тәрбиелік: Адамгершілік пен имангершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Сабақ түрі: жаңа Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап Көрнекілігі: Суреттер мен тапсырмалар        Сабақтың барысы. Ұйымдастыр кезеңі.Сынып оқушыларын түгендеп тексеру. Сабаққа дайындықтарын қадағалау.  Сұрақтар қою арқылы, назарла...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Хайуанаттар бағында.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Хайуанаттар бағындағы жануарлар туралы мәліметтер беру.

2. Дамытушылық:Ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Адамгершілік пен имангершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Суреттер мен тапсырмалар

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыр кезеңі.Сынып оқушыларын түгендеп тексеру. Сабаққа дайындықтарын қадағалау. Сұрақтар қою арқылы, назарларын жаңа сабаққа аудару.

Сабақтың мақсаты:Хайуанаттар бағындағы жануарлар туралы түсінік беру.Хайуанаттар бағында нелер болады,кімдер көругебарады.

Кітаппен жұмыс. 1-тапсырма. Суретке қарап, кестені толтырыңдар.

Суретті тақтаға іліп қойып мұнда кімдер бар? Олар қайда барған? Онда нелер бар? Оқушыларды сөйлету.

КіМ?

Қашан?

Қайда?

Нелерді?

Не істейді?


барды

көрді

қызықтады

Оқушыларға 5 минут уақыт беру. 2-тапсырма. Жаңылтпаштарды тез, дұрыс айтуға жаттығыңдар.

Жаңылтпаштар.

1.Қапыда ит қапты,

Қатты қапты,

Қапты қапты

2. Біл,бұл- піл.

Бұл, -бір ірі піл.

3. Көп ешкі көп шөпті жейді.

Көк шөпті көп ешкі жейді.

Өз беттерінше 3-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

I I I деңгей

1.Есімдік деген не?

2.Сөйлемдерден есімдіктерді табыңдар және түрін аңықтаңдар.

Менің ұлым сенікі,

Сенің ұлың менікі.

Ер туған ұл сенікі

Бақытты біздің жердікі. (Жамбыл)

3. Суреттен үй құстарын бөліп жазыңдар.

I I деңгей

1.Есімдік туралы толық мәлімет беріңдер.

2.Сурет бойынша үй жануарлары туралы айтып беріңдер.

I деңгей

1.Есімдіктің басқа сөз таптарынан айырмашылығын көрсетіңдер.

2. Үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылықтарын айтыңдар. Салыстыра отырып , өз пікірлеріңді айтыңдар.

Сабақты қорытындылау: 1.Хайуанаттар бағына кімдер барады?

2.Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың айырмашылығы қандай?

3.Жабайы жануарлар қайда өмір сүреді?

Үй тапсырмасы: Үй жануарлары туралы шағын шығарма жазып келу.

Бағалау: Сабаққа белсен ат салысқан оқушыларды бағалау.

Сабақ аяқталды

Сау болыңдар.


© 2010-2022