Сәбит Мұқанов Лашын әңгімесі

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов "Лашын" әңгімесі


Сабақтың мақсаты:

Білімділік:1.Жазушы, драматург, ақын С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, "Лашын" әңгімесінің ой-түйінінің тақырыбы мен идеясын ашу.

2.Дамытушылық: Көркем сөйлеу шеберлігін қалыптастыру, шығармашылық ізденімпаздыған арттыру. Әңгіме мазмұнын, кейіпкерлер сырын таныту.

3.Тәрбиелік: Туған жердің табиғатын сүюге, құрметтеуге, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті: а) Әңгіме мазмұнын, кейіпкерлер сырын таныту
б) Оқушылардың"аңшылық", "саятшылық" туралы қызығушылығын ояту
в) Оқушыларды жүйелі мазмұндай білуге дағдыландыру;
ІҮ. Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы
Ү. Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту
ҮІ. Әдісі: Сөз әдісі (түсіндірмелі, баяндау, талдау,топтастыру стратегиясы)
ҮІІ. Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру .Оқушыларды 4 топқа бөлу. Лашын Сұңқар.Бүркіт. Қаршыға. 4 топтың жетекшілерін сайлап, бағалау парағын беру.
2) Үй тапсырмасын сұрау: М. Әуезов "Ақын қонақтар" Көрініс қою.

Әжесі, апасы, Барлас ақын, Байкөкше ақын, бала Абай, автор.

Үй тапсырмасын бекіту: 4 топқа сұрақ тарату.

1. Жаңағы көріністен қазақ халқына тән қандай салт-дәстүрді байқадыңдар ?

2.Бала Абайдың бойындағы қандай қасиеттері өздеріңе ұнайды ?

3. Батаның қазақ тәрбиесіндегі мәні қандай ?

4.Портрет деген не ?

3. Жаңа сабақ. Сәбит Мұқанов "Өмір мектебі" романынан алынған үзінді "Лашын"

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Сабақтың эпиграфы:

Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға,
Жақсы ат пен тату жолдас - бір ғанибет.
Ыңғайлы ықшам киген аңшы адамға.

Өлең жолдарының мағынасын ашу.

1. "Құс салып, айдын көлді дабылдаттым"

2. "Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер"

3. "Бір қызық ісім екен сұм жалғанда"

Құсбегілік. Атбегілік деген не ? Оқушылар мәлімет алып келген, сол бойынша баяндап береді.

Сөздікпен жұмыс:

(1 оқушыға мәнерлетіп оқыту)

Атбегі-ат баптаушы

Құсбегі-құс баптаушы

Томаға-қыран құстың көзіне кигізетін тұмылдырық

Дегбір қалмай-шыдамсыздану

Отқа шығару-құстың жайылуы

Саңғиды-құстың саңғырығы

Дуадақ-шөл құстарының бірі

Бидайық-кішкене жыртқыш құс

Түлек-құстың түлейтін шағы

Жарғақ құлағы жастыққа тимей-күні-түні тыным көрмей жұмыс істеу.

Әңгімені жоспар бойынша оқушылардан сұраймын.
Кіріспе: Балтабай аулында.
Негізгі бөлім: Саятшылық.
1. Құсбегі Ахмет
2. Лашынның мүсіні.
3. Ахмет пен Лашынның өнері.
а) үйрек алу лашынға сөз емес.
ә) қазды алу үйректен әлдеқайда қиын екен.
б) лашынға алдырмайтын құс - дуадақ екен.
4. Шілдеде құс салу.
Қорытынды: Саятшылық - өмірдің бір қызығы.

Топтық жұмыс:

1-топ: Құсбегілікке"қатысты қандай кәсіби сөздер бар? Теріп жазу.

2-топ: Эпитетті табу

3-топ: Теңеулерді табу

Әр топтың жауабынан кейін бас бармақ әдісі арқылы бағалау.

Сергіту сәті: Құстардың таңғы дауысы арқылы от шашу жасайық.

Құс сияқты қанатымызды жаямыз.

Жеке оқушылармен жұмыс: Әрбір құстың сайрау дыбыс әртүрлі.
Олай болса, қане, ойланып көрелік:
Сұңқар саңқылдайды
Қаз...
Бүркіт шаңқылдайды
Үйрек...
Құр, кептер құрылдайды
Қарға...
Жапалақ барқылдайды
Шағала шаңқылдайды
Аққу сұңқылдайды
Тырна...
Қарлығаш шиқылдайды
Торғай...
Сауысқан шықылықтайды
Тауық қытқылдайды.

Шығармашылық жұмыс:

1-топ: Құстар-біздің досымыз. Ой-толғау.

2-топ: Өлеңді жалғастыр

3-топ: Өлеңді жалғастыр

4-топ: Өлеңді жалғастыр.

І топ
---------саятшылық,
--------саят құрып.
--------аңға шығу,
-------қандай қызық.
ІІ топ
---------ұлттық өнер,
---------ой бөлінер.
----------таза ауада,
------------жан сүйсінтер

ІІІ топ
------------Сәбит аға,
-----------кемел дана.
---------ақылшы ұстаз,
--------------Ұлы мұра .

Қорытындылау:

1-топ: С.Мұқанов кім ? Модель қорғау.

2-топ : Лашын қандай құс ? Топтастыру.

3-топ: С.Мұқанов пен М.Әуезовты салыстыру. Венн диаграммасы арқылы. Постер қорғау.

«Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалау.

Сиқырлы сандықтың сұрақтары:

1. Шығарманың авторы кім?

2. Шығармада қандай кәсіп түрі көрсетілген?

3. Шығармадағы құсбегі кім?

4. Қандай құсты алу өте оңай?

5. Лашынға алдырмайтын қандай құс?

6. Портрет деген не ?

Үйге тапсырма:

1. С.Мұқанов туралы мәлімет әкелу.

2. Құстар жөнінде мақал - мәтел, тыйым сөздер жазып келу.

3. Сурет салу.

Топ жетекшісінің бағасын тыңдау.

Смайлик арқылы сабақтан алған әсерлерін көрсету.











© 2010-2022