Коучинг: ҰБТ дайындығында АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы

«Шетпе гимназиясы»ММ











ҰБТ дайындығында

АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі













Коуч: Елеуова Ақбала Алдоңғарқызы


















22.01.2015жыл








Күні

22.01.2015ж

Сабақ тақырыбы:

ҰБТ дайындығында АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі

Жалпы мақсат:

Әріптестеріме ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы туралы түсінік беру,ҰБТ дайындығына, іс-тәжірибесіне енгізуге түрлі нысандағы ақпараттарға қол жеткізуге ықпалдастық ету.

Әр тыңдаушының түрлі тапсырманы орындау негізінде АКТ-ның түрлі амал-тәсілдерін пайдалануды үйрету;

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 110-116 б

Үлестірмелі нұсқаулық

Оқу нәтижесі

Әріптестерім ақпараттық-коммуникациялық технологияларды күрделенірек пайдалана алады,ҰБТ дайындыңына, іс-тәжірибесіне енгізуді үйренеді және түрлі нысандағы ақпараттарға қол жеткізеді.

Әр тыңдаушының түрлі тапсырманы орындау барысында АКТ-ның түрлі амал-тәсілдерді пайдаланады;

Түйінді идеялар:

Әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру; Мұғалімдерді ҰБТ дайындығында табысты жұмыс істеуге дайындау; Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау.

Сабақта қолданылатын материалдар:

А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары.

Оқыту әдістері:

Оқуды бағалау, АКТ, СТО, Диалог,Топтық жұмыс , ДЖТО, ЖЕБО

Дерек көздері:

Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары

Тапсырмалар:

Топтық тапсырма және қорғау, алты қалпақ жауаптары, кері байланыс, стикер арқылы формативті бағалау, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау;

Оқуға арналған тапсырма:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.110-116беттер

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:


І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті


(2 мин)

«Үнсіз сыйлық сыйлау»

Мұғалімдер шеңбер болып тұрады, бүгінгі күн сәтті өту үшін бір-біріне «АКТ» құрылғыларын бейнелеп үнсіз сыйлық сыйлайды.


(1 мин)



«Суреттер» арқылы топқа әдісі бойынша шағын топқа бөлу

Суреттермен бөлу түрі бойынша шағын 4 топқа бөлінеді.

«Компьютер», «Ұялы телефон», «Интернет», «Электронды оқулық»

(10 мин)

Мұғалімдердің АКТ-ны дұрыс пайдалану үшін жіті қадағалап үйренуіне жол ашу

«Әңгіме-дебат»

4 топқа бөлініп 2 топ- артықшылығын, 2топ - кемшілігін айтады.Артықшылықтар мен кемшіліктер әдісі

басқасымен салыстыру және бір қатар идеялар кемшеліктері мен артықшылықтарының тізімін жасауға нұсқау беріледі

Ақпараттық технологиялардың тиімді жақтарын түсініп, жан-жақты талқылайды.

(20 мин)

АКТ-ны үйрету арқылы оқуға ынтасын арттыру, нәтижеге жетуіне мүмкіншілік жасау, жауапкершілікті сезіндіру


«Зерттушілік әңгіме»

«Компьютер» тобы: Гиперссылка арқылы тест құрастырып, слайд жасау.

«Ұялы телефон» тобы: Берілген термин сөздердің мағынасын табу

«Интернет» тобы: Интернетті пайдалана отырып тест сұрақтарын орындау

«Электронды оқулық» тобы: 5+ электронды оқулығы арқылы тест сұрақтарына жауап беру

  1. Компьютерді тест құрастырып, 3 слайдтан тұратын презентация дайындайды

  2. Ұялы телефонды пайдалана отырып, берілген термин сөздердің мағынасын табу

  3. Интернетті пайдалана отырып тест сұрақтарына жауап береді

  4. 5+ электронды оқулығы арқылы тест сұрақтарына жауап береді

Қорытындылау

(5 мин)

«Алты қалпақ»

ҰБТ дайындығында АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі туралы түйінді ой айту

Алты қалпақты пайдалана отырып ҰБТ дайындығында АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі туралы ойларын айтады

Бағалау

ОҮБ және ОБ

Күлегештермен бағалау

Әр кезеңдерде мұғалімдер күлегештермен бағаланып отырды

Кері байланыс

(3 мин )


«Бағдаршам» стратегиясы

Бағдаршам бетіне АКТ-ның ҰБТ дайындығына пайдасын стикерлерге жазып түстеріне сәйкес жапсырады


© 2010-2022