Балаға мейріммен қарайтын мектеп жобасы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Жапарова Маржан Тұрсынбайқызы

"Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

Байет жалпы орта білім беретін мектеп" КММ.

Байет ауылы.

Балаға мейріммен қарайтын мектеп жобасы

«Балаға мейріммен қарайтын ауыл мектебінің жобасы»



Балаға мейріммен қарайтын мектеп жобасы





Білім беру мекемесінің ұраны: «Білген адам білімді өмір бойы іздейді»



А.Йүгінеки

«Біз қай жерде тұрғанымыз емес, қай бағытта

жылжып баратынымыз туралы...»

«Балаға мейріммен қарайтын ауыл мектебінің жобасы»

Кіріспе

«Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!»

С.А.Назарбаева


Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру, ізгілікті білім беру ортасын құру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде, өзіндік таңдау жасауына ықпал етуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.

Рухани-адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.

Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс - тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Көрнекті педагог В. Сухомлинскийдің сөзі бүгінде өзекті «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
12 жылдық білім тұжырымдамасында білім беру «мақсаты-өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі орташа өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру» - делінген.
Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы мектептерде пән ретінде оқытылуда.
Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», - депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.
Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу - адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты.

Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.
«Еліміздің күші - патшада, сәбидің күші - жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз - адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.

Біздің Екібастұз қаласындағы Байет жалпы білім беретін орта мектебінде «Өзін-өзі тану» пәні өз мәнінде берілуде. Мұғалімдер даярланып, арнайы курстардан өткен. Мектебімізде 3 мұғалім 2015-2016 о.ж. арнайы курстан өтіп сертификат алды. 2 мұғалім Алпемаш Е, Жапарова М.Т облыстық эссе сайысына қатысқан үшін сертификат алды. Облыстық «Педагогикалық шеберлік-2015» атты сайысына Жапарова М.Т қатысып жүлделі 2орынға иеленді. Өзін-өзі тану пәні бойынша өз білімін жетілдіру және тарату мақсатында «Инфоурокқа» өз жұмыстарын жариалап, сайт ашып сертификаттарға ие болды. Оқушылар қалалық «Отарқа» газетерінде шығармашылықтары жариаланды. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында, «Өзін-өзі танушы» атты үйірме 3 жыл қатарымен жұмыс істеуде. Демалыс кезінде бұл үйірменің оқушылары арнайы жоспарға сай тәрбиелік мәнімен іс-шаралар ұйымдастырады.

«Өзін-өзі тану» пәнінің арнайы жабдықталған пән кабинеті бар. Ата-аналарды, мектеп ұжымын қатыстыра отырып, «Өзін-өзі тану» кабинеті талапқа сай жабдықталды. Мұнда бағдарламаның негізгі авторы - С.А.Назарбаеваның аналық жүрегінен шыққан жылы сөзі, «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытатын негізгі құндылықтары айқын және әдемі етіп жазылған. Оқушылардың сабақ үстінде өздерін еркін ұстауларына, демалуларына да жағдайлар жасалған.
Осы аз ғана уақыттан бастап, біздер өз тәжірибемізді жинақтаудамыз. Жұмыс барысында арнайы дайындалған әдістемелік құрал-жабдықтарға жаңаша көзқараспен қарап, саралап, өз жетістігімізді қосып жұмыс жүргізудеміз.

Республикамызда 2010 жылдан бастап 20 қала мен аудан «Балаға мейріміді қала» халықаралық бастамасына қатысуда. Бұл Астана, Алматы (Алмалы ауданы), Қарағанды, Саран, Сәтпаев, Балхаш, Абай, Қарағанды облысының Осакаровка және Нұра аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Семей, Өскемен қалалары, Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалалары, Батыс Қазақстан облысының Ақсу қаласы, Қызылорда, Петропавл, Ақтөбе, Шымкент, Қостанай қалалары.

Осы жоғарыда аталған қалалардың ішінде Екібастұз қаласыда биыл 2015 жылдың қазан айында «Балаға мейріміді қала» атты атағына ие болды.

Екібастұз ауданы бойынша «Балаға мейріммен қарайтын мектеп» жобасымен бірнеше мектеп жұмыс істеуде. Солардың ішінде жалғыз ауыл мектебі біздің мектеп 3 жыл қатарымен бұл жобаны іске асырудамыз. Негізгі жобамыздың мерзімі 5 жыл.

Өзін өзі тану сабақтарда, сабақтан тыс уақыта бұл жобаны іске асыру мақсатында ,арнайы педагогикалық отряд, оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде.

Жобаның тақырыбы: «Балаға меріммен қарайтын мектеп»

Жобаның мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретуге, ұрпақ бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыру.

Жобаны іске асыратын мерзімі : 2013-2018 жж.

Жоба жетекшілері: мектеп ұжымы, ата-ана комитеті.

Жобаға қатысушылар: Қосымша білім-тәрбие беретін орталықтар.

Жобаның блогі: Өзін-өзі тану сабағы, сабақтан тыс рухани-адамгершілік тәрбие шаралары.

Арнайы тәрбие жұмысының жоспары бойынша «Балаға мейріммен қарайтын мектеп»

жобасының бір блогіна өзін-өзі тану мұғалімдері жауапты. Осы жобаға сүйеніп өзіміздің «Өзін-өзі танушы» модулдік циклограммалық жүйемізді ұсынамыз.

Осы аталған модулдік циклограммалық жүйе күнделікті сабаққа дейінгі

тәрбиелік іс-шараларды қамтып, сабақ кестесіндегі тәрбие сағатымен қорытындыланады.

Дүйсенбі: "Саяси хабарлама"модулі

Қоғамдық өмірге азаматтық көзқарасты қалыптастыру, жеке тұлғаны

Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық және саяси

өміріне белсенді қатыстыру.

Бұл модульдің жауапты жүргізушілері өзін-өзі басқару «Жас Ұлан» орталығының саяси хабарламашылары және тарих пәнінің мұғалімдері.

Бүгінгі таңда Ұлттық телеарна эфирінде әртүрлі жастағы көрермендерге арналған жаңалықтар мен ерекше ток-шоу жанрлары, ойын-сауық және танымдық бағдарламалар, қоғамдық-саяси, экономикалық хабарлар, сондай-ақ, мемлекеттік тілді дамытуға негізделген жобалар көп. Әлемнің түкпір-түкпірін қамтитын тілшілік желі жаңалықтар қызметіне елдегі және төрткүл дүниедегі барлық маңызды оқиғаларды шұғыл түрде жариялап отыр.

«Жас Ұлан» ұйымының жас хабарламашылары үнемі барлық жаналықтарды мектеп оқушыларына хабарлайды.

Балаға мейріммен қарайтын мектеп жобасыБалаға мейріммен қарайтын мектеп жобасы

Сейсенбі: "СӨС" модулі

Салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру

Бұл модульдің жауапты жүргізушілері медициналық қызмет көрсету орталығы

(медбике, психолог, наркобекет жетекшісі, СӨС үйлестіруші, денешынықтыру мұғалімдері, «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері )

2008-2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» бағдарламасын іске асыру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында Қазақстан халқына жолдауында «Егеменді еліміздің болашағы қазіргі жастар десек. Олардың денсаулығының мықты болып, шынығып өскені абзал» деген. Оның негізі осы кезден қаланатын болса, өмірге «өскелең ұрпақ келер еді» деп атап өтті. Кез-келген мемлекеттің, қоғамның басты байлығы -адам. Халықтың денсаулығы - мемлекет болашағының негізі десек, оның жақсы, қалыпты жағдайда болуы өмір сүру салтына тікелей байланысты екендігі айтпаса да түсінікті. Сондықтанда бұл маңызды мәселеге мектеп ұжымы үнемі айрықша көңіл бөліп келеді.

Мектеп оқушыларының арасында түрлі қимылды жаттығулардың түрлерін күнделікті таңертең сағат 7:45-те 1-ші сабақтын алдында өткізеді. Спорт іс-шараларына мектепте көп назары аударылады. Әр тоқсанның демалыс күндерінде Денсаулық күндерін өткізудеміз. Үзіліс кезінде мұғалімдер және оқушылар «Қара жорға», түрлі флеш моб биін билейді, тыныштық сәттерін ұйымдастырады. Сабақ кезінде физминуткалар өткізіледі. Арнайы қалалық денсаулық орталығынан мамандарды жыл сайын СӨС қалыптастыру мақсатында тақырыптық кездесуге шақырамыз.

Балаға мейріммен қарайтын мектеп жобасыБалаға мейріммен қарайтын мектеп жобасы

Балаға мейріммен қарайтын мектеп жобасыБалаға мейріммен қарайтын мектеп жобасы

Балаға мейріммен қарайтын мектеп жобасыБалаға мейріммен қарайтын мектеп жобасы



Сәрсенбі: "Жүректен жүрекке" модулі

Оқушылардың сабаққа дейінгі көңіл күйлерін көтеріп, бүгінгі күндеріне сәттілік тілеу.

Бұл модульдің жауапты жүргізушілері өзін-өзі тану мұғалімдері және психологиялық қызмет көрсету орталығы

Қорқыныш сезімінен арылуға және өз-өзіне деген сенімділікті арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар. Жетістікке бағыттау тренингі Мақсаты: «МЕН» деген ұғымның жағымды бейнесін құру, көңіл- күйді көтеру, өз-өзіне деген сенімін күшейту, оптимистік сезімді қоңдыру, эмоциялық күйзелісін түсіру, жетістікке бағдарлау.т.б тренингтарды, ойындарды оқушылар жақсы көреді.

Балаға мейріммен қарайтын мектеп жобасыБалаға мейріммен қарайтын мектеп жобасы

Балаға мейріммен қарайтын мектеп жобасы Балаға мейріммен қарайтын мектеп жобасы

Бейсенбі: "Ұлттық тағылымдар" модулі

Оқушылардың ұлттық рух пен сана - сезімін дамытып, ұлттық мәдениеті мен ұлттық тағылымдарды бойына қалыптастыру

Бұл модульдің жауапты жүргізушілері сынып жетекшілер бірлестігі

Салт - дәстүр, әдет - ғұрып халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, мәдениеттің арқауы. Ғасырдың ғасырға, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып келе жатқан ата дәстүрінің желісін үзбей халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалы, оларды көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру өркенді де өнегелі іс.

Дәстүр, салт қашан да адам қиялынан туындап, заман ағымына қарай байып, мазмұны тереңдеп отырады. Сондықтан бұған осы тұрғыдан қараған дұрыс. Әркім керектісін, көңіліне ұнағанын, көкейіне қонғанын қабылдап, іс жүзінде қолданса, оны ұлтымыздың озық салт - дәстүрлерімен байланыстырып, байытып мазмұндандыра түссе, нұр үстіне - нұр.

Балаға мейріммен қарайтын мектеп жобасыБалаға мейріммен қарайтын мектеп жобасыБалаға мейріммен қарайтын мектеп жобасы

Жұма: "Рухани-адамгершілік" модулі

Оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелей отырып, олардың

рухани жан дүниесін байыту.


Бұл модульдің жауапты жүргізушілері өзін-өзі тану бірлестігі.

Мектеп омбудсмендері «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Құқықтық мәдениет аптасы», «Сен және сенің құқықтарың», «Қамқорлық», «Мектепке жол» республикалық кампаниялар мен акцияларға қатысады, оның шеңберінде балалар-жасөспірімдер ұйымдарының көшбасшылары үшін мақсаты, міндеті, алдағы іс-шаралар жоспары баяндалатын ашық-линейка өткізу тәжірибеленеді.

"Балаға мейірімді мектеп" атты сурет, өдең, ертегі, сахналық қойылым т.б байқауы жыл сайын ұйымдастырылады.

Алақан жылуын, мейірімділікті аңсаған әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып,бақыт сыйлау борышымыз. Оқушылар түрлі іс-шаралар арқылы мейірімділік, сүйіспеншілік, сұлулық, жан жылулығы туралы нақты тәрбие алуда.

Арнайы тәрбие: «Атамекен» бағдарламасы «Саз зергері», «Ұлттық ойындар»,қазақ халқының ерлік, жауынгерлік тарихын, батырлардың өмірі, өнегесімен Ата тарихын зерттеу, зерделеу сол арқылы баланы ел Мемлекеттік белгілерді сыйлау, басқа ұлт өкілдерімен достық негізде Қазақстан Республикасының туы, Гимні, Ел таңбасымен таныстыру. «қамқорлық» акцияларын ұйымдастыру, соғыс, еңбек ардагерлерге үй шаруашылығына көмектесу т.б

Балаға мейріммен қарайтын мектеп жобасыБалаға мейріммен қарайтын мектеп жобасы





Балаға мейріммен қарайтын мектеп жобасыБалаға мейріммен қарайтын мектеп жобасыБалаға мейріммен қарайтын мектеп жобасы

Балаға мейріммен қарайтын мектеп жобасыБалаға мейріммен қарайтын мектеп жобасы

Балаға мейріммен қарайтын мектеп жобасыБалаға мейріммен қарайтын мектеп жобасы

Сенбі " Адам-Ғарыш-Әлем" модулі

" Адам-Ғарыш-Әлем" контекстінде пәнаралық байланыстарды іске асырады.Бағдарлама адам туралы білімдерді және табиғи білімдерді біріктіреді.

Курсты іске ассырудың маңызды ұстанымында психологиялық қағидасы-адам жанына үңілу,жеке тұлғалық белсенділікті ояту қағидасы болып табылады. Әр күндерінің қорытындысын, апта бойы әр пәнінің өзін-өзі тану сабағына тән адами қасиеттерді сынып сағаттарында өзін-өзі тану сабақтарында қорытындысын шығарып, балаларымызды мадақтаймыз.

Бұл модульдің жауапты жүргізушілері өзін-өзі тану және сынып жетекшілер бірлестігі.

Балаға мейріммен қарайтын мектеп жобасы Балаға мейріммен қарайтын мектеп жобасы

Мектепте «Ата-аналар үшін өзін-өзі тану мектебі» тақырыбында өзін-өзі тану пәнінің апталығы жыл сайын өткізіледі. Бұл апталық барысында ата-аналармен әр сыныпта, шағын орталықта ашық сабақтар, тренингтер, мейірімділік сабақтар өткізіліп, ата-аналардың өзін-өзі тану пәніне деген көзқарастарының, ынта-ықыластарының жоғары екендігін байқадық.
Осы іс-тәжірибемізді әріптестермен бөлісуді мақсат етіп, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ахметова Гүлнар Балтабайқызы 10 сынып оқушылары арасында өткізген «Отбасылық қарым-қатынас» тақырыбында ашық сабағын, Хавдолда Азипа «Ата-ана баламен қалай сөлескені жөн?» , Жапарова Маржан Тұрсынбайқызы «Ата-анамен байланыс-өзін-өзі танудың негізгі шарты» Алпемаш Еркенің «Отбасы жағдайында рухани-адамгершілік білім берудің әдістері» тақырыбындағы мектеп психологы тренингін ата-аналармен жүргізген жұмысын және қалалық семинарда жас мамандарға, мектептерінің мұғалімдеріне, ата-аналарға көрсеттік.

Семинарға келген әріптестер де, ата-аналар да бұл пәнге деген оң көзқарастарын білдірді. Әсіресе «өзін-өзі тану» сабағының негізі мазмұнында балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мен қанағаттандыруға, әлеуметтік дағдыларын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға арналған алуан түрлі ойындар мен жаттығуларды көріп, ризашылықтарын білдіріп, ұсыныстарын да ортаға салды.

Ауыл мектебінің тәрбиелік мүмкіндігі өте зор, олар халық менталитеттерінде: туған жерге, елге деген сүйіспеншілік, табиғатты ерекше қастерлеу, қорғау, аялау, үлкен-кішіні сыйлау, меймандостық, көңілдің ашықтылығы, адами қатынастар қауымшылдығы, отбасы мүшелері мен ағайын-туыстарға қайырымдылық, өнерді қастерлеу, ар-ұятты ұстау т.б. қасиеттерден көрінеді.

Бүгінгі күннің білім мен тәрбиесінің мақсаты-өзіндік адамгершілік құндылықты жасөспірім бойына, санасына сіңіріп, рухани дүниетанымын салауаттылыққа бағыттау

Осыдан келіп өнегелілік қасиеттердің құрылымдық жиынтығы мен негізгі жүйесі және жүзеге асыру жолдары пайда болады. Кестемен көрсетсек:

Жалпы адамзаттық құндылықтар

Қасиеттер жиынтығы

Жүзеге асыру жолдары

Дұрыс әрекет

Сұйіспеншілік

Жан тыныштығы

Ақиқат

Қиянат жасамау

Өмірге көзарас,

Дүниені тану,

шыдамдылық,

қарсыласпаулық,

өмірге белсенділік,

жоғары білімділік,

ар-ождандық, азаматтық,

елжандылық,

ұлтжандылдық, парасаттылық,

ұқыптылық,

тазалық,

имандылық, т.б.

Оқу-тәрбие үрдістері,

Факультативтік сабақтар,

Арнайы қосымша пәндер,

Сыныптан тыс шаралар,

Үйірмелер,

Ғылыми-зерттеу

жұмыстары,

Мектеп және отбасы, т.б.

Құрылым жүйесінің білімділік негізі-жасөспірім бойына өнегелілік-адамгершілік қасиеттердің біртұтас жүйесін қалыптастыру.

Дамытушылық негізі - жасөспірімдердің белсенділігін, шығармашылығын, танымдық көзқарасын жоғары біліктілікке дамыту .

Тәрбиелілік негізі - өнегелілік-адамгершілік қасиеттері арқылы ұлттық, азаматтық,әлемдік,салауаттылық,этикалық мінез құлық нормасын қалыптастырып, сале-ауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Нәтижесінде жеке тұлғаның дербес өнегелілік қасиеттері негізінде қалыптасу жүйесі пайда болады.

Жеке тұлға

Рухани мәдениет деңгейі өседі

Дүниетаным және ой-өріс деңгейі артады

Ұлттық сана-сезім деңгейі жоғарылайды

Әлеуметтік ортаны танып-білу белсенділігі артады

Шығармашылық қабілет деңгейі жоғарылайды

Олай болса, жаңа ғасырдағы мектептің көп қырлы оқу-тәрбие үрдісінде ата-баба қанында бар ерекшеліктерді ескере отырып, халқымыздың бай мұрасымен тәрбиелеу- өмір талабы.

Өйткені өнегелілік негізі- ұлт болып қалыптасқан елдің өмір бойы ой елегінен өткізген адамгершілік жиынтығы мен рухани болмыс.

Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу- қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы.Жанұялық тәрбие ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастық жүйені ғылым мен өнер ретінде жан-жақты меңгерту қажет.

Сондықтан,мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі-психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады.

Осы міндетті шешу ата-аналар жиналысы, конференциялар, үйлестіру кеңесінің шешімдері, ашық сабақтарға шақыру, отбасылық сайыстарға қатыстыру, өзін-өзі тану сабақтарың өткізу т.б шаралар арқылы жүзеге асады. Әрине,оған қатысатын тек қана «баласына жаңы ашар» ата-аналар тобы, ол әр сыныпта шамамен 15-20 процент,қалған 80-85 процент ата-ана қайда? Олардың өз балалары, мектебі туралы пікірлері қандай?

Оларды бүгінгі білім мазмұны,заманға сай бала бойындағы ерекшеліктері, мұғалімдердің талап деңгейі ойландыра ма? Міне, осы сұрақтарға жауапты өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері іске асыруда. Мектеп ата-анамен оқушылар фракциясы қатысуымен өткізілген «Қабілетті балалар және олардың ата-аналары» педагогикалық кеңесі мұғалімнің де, ата-ананың да осы бағыттағы жұмыста зәру екенін көрсетіп, алдағы жұмыстарды нақтылауға көмектеседі. Ата-аналардың бәрі педагог емес,сондықтан баланы күшпен оқытпай, ойлау қабілеттерін арттыру деңгейіне баға береді.

10% -cанасы

90% -сананың астындағы құбылыс танымдық процесі екенін біле бермейді.

Психолог Адуова Динара Сембаевнаның ата-аналарды педагогикалық, психологиялық таным негізінде серіктестікке тарту жолдарын өз мектебімізде қолдандық мысылы:

«Мен-баламның көзімін» психотренингі, яғни ата-ананың өзін-өзі баласының көмегімен ашу арқылы бірден балаға үлкен талап қоймай, психологиялық ерекшеліктеріне үлкен мән беру керек екені дәлелденді.

Тағы бір мысалы: ата-аналарға төмендегідей сұрақ қою арқылы балаға деген көзқарасының қандай дәрежеде екені талданды.

-Үйіңізге қонақ келді, сіз қандай әрекеттер жасайсыз?-деген сұрақпен кестенің 1-ші бөлімі толтырылды.

Қонақ

Бала

қарсы алу

көңіл бөлу

уақыт бөлу

жұмыстан сұрау

психологиялық көңіл күйін көтеру

бар жағдайды жасау

уақтылы тамақ

әңгімелесу

гигиеналық талап

көңіл күй

-Егер осы қонағыңыз балаңыз болса ше?- деген сұрақ арқылы талданып, мынадай қорытындыларға келді:

1. Балаға уақытты нашар бөлетінін мойындайды.

2. Проблеммалардың шығу жолдарын анықтады.

Балалармен жүргізілген психологиялық тестілердің қорытындысы таныстырылып,талданады.

Мысалы:

Мұғалім

Ата-ана

Бала

-баланың дүниетанымы

өзгерту мүмкіндіктері

-ата-аналарға талап қою

-балаларға талап қою

-ата-ана мәдениеті

-ата-ананың жан жақтылығы

-баласына уақыт бөлу

-психологиялық көңіл күйі

-дүниетанымы

-ойлау қабілетіне әрекеттер

-ата-ананың өзін тәрбиелеу

Мұғалім мен ата-анадан өнеге алу

Бұл кесте бойынша бала тәрбиесіндегі ата-ана басты рөлде екені және ата -ананың бала тәрбиесіне көңілі аз бөлетіндігі мойындалды, жауапкершілікті сезінді.

Ата-ана жұмысын былайша ұйымдастырудан қандай нәтиже алдық?

1.Ата-ана өзін мазалап жүрген сұрақтарына мұғаліммен бірге жауап таба біледі.

2.Жаттанды білім алу мен бірлесе оқудың айырмашылығын білді.

3.Психологиялық ерекшеліктері қабілеттерінің әр түрлі болатыны туралы ата-ананың әкелі өзін тануы туралы мағлұмат берілді.

4.Мектепте, педагогтарға деген сенім күшейді.

5.Тәрбие шараларын өздерінің өткізуі (тәрбие сағаттары, мұражайға бару,серуенге шығу,мерекелік тойы, сынып бөлмесін безендіру,қосымша әдебиеттер,ақпараттар әкелу)

6.Тікелей жұмысына араласуы арқылы ата-ананың педагогикалық тақырыпқа қызығушылығы оянды.

7. Ата-ананың педагогикалық жиналысқа қатысуы, белсенділік деңгейінің өсуі көрінді.

Біз болашақта Қазақстан Республикасын өркениетті, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосамыз деп үміт етіп отырған халықпыз. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: - «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деген болатын. Сондықтан сол елдердегі бар жетістіктер бізде де болуы керек, өйткені жаңа ХХІ ғасыр - бәсеке ғасыры.

Қай қоғамда, қай мемлекетте болсын, қарым - қатынас адами құндылықтар, оның ішінде адамгершілік құндылықтар қалыптастыру кез - келген мектептің міндеті болса, баланың өзін тануына, басқаны тануына, баланың болашақ дамуына «Өзін - өзі тану» пәні көп көмек береді.

  1. Құқықтық норманы сақтай білуде жасөспірімдер істері жөніндегі бөлімде

2013-2016 оқу жылында қалалық есепте, мектепшілік есепте тұрған оқушы жоқ.

  1. Оқушылардың 3 жылғы тәрбиелік деңгейін салыстырғанда өсу байқалады.

2013-2014 о.ж айқын көрінеді-74 %

көрінеді-26 %

нашар көрінеді-0 %

2014-2015ж айқын көрінеді-76 %

көрінеді-21,7 %

нашар көрінеді-0 %

2015-2016 оқу жылының зерттеу бойынша айқын көрінеді 3 %-ға көтерілген, нашар көрінетін оқушы жоқ.

Жалпы оқушылардың сабаққа деген көзқарасы мен қоғамдық жұмысқа деген белсенділігінің өсуі байқалады.





Ата-аналардың сұраныс дәрежесiн анықтау және оны жүзеге асыру.

Нысана

Көрсеткiш

Өлшем

Кезендер

2012-2013

2013-2014

2014-2015

Мектеп пен ата-аналар арасындағы байланыс дәрежесi

  1. Мектептегi баланың бiлiм алуына жасалған жағдайларға ата-ананың қанағаттануы



  1. Ата-аналардың мектеп өмiрiне араласуы








  1. Мектептегi оқу-тәрбие үрдiсiне ата-ананың қанағаттану көрсеткiшi

2.Ата-аналар жиналысына қатысқан ата-аналар санының көрсеткiшi

3.Сыныптан тыс тәрбие жұмысына араласатын ата-аналар санының көрсеткiшi

4. Өзiн-өзi басқару органдарына қатысатын ата-аналар саны:

  • Сыныптағы ата-аналар белсендiлерi



  • жалпы мектеп бойынша белсендi ата-аналар

100%

75%

68%

24

24

68%

100%

78%

79%

36

36

79%

100%

81%

81%

44

44

81%

Тәрбиелiк бағыттағы мектеп жетiстiктерi.

Тәрбие жұмысының тақырыбы мектептiң тақырыбына сәйкестендiрiлiп оқушылармен, ата-анамен, сынып жетекшiлерiмен атқарылатын жұмыс жүйесi құрылған. Оқушылардың жас ерекшелiктерiне көп көңiл бөлiнедi. Әр оқушының жеке басының психологиялық, физиологиялық ерекшелiктерiн жетiлдiру жолында мынадай жұмыстар атқарылды:

  • профилактикалық;

  • оқушының бос уақытын ұйымдастыру;

  • ата-анамен жұмыс;

  • құқылық бiлiм беру, әлеуметтiк-психологиялық жұмыс.

Осы жүйеленген жұмыстар:

  • Сынып жетекшiлердiң ұйымдастыруымен оқушының жеке басын зерттеу күнделiгiн жүргiзу арқылы;

  • Модульдiк оқыту технологиясын қолдану;

  • Сын тұрғысынан ойлау;

  • ұжымдық оқыту технологиясы;

  • ұжымдық зерттеу, әлеуметтiк өлшем тест М.Битянованың технологиясын қолдану арқылы тәрбие сабағы мен сыныптан тыс iс-шараларда, қосымша бiлiм беру арқылы жүзеге асырылады.

Ұстаздар ұжымының ата-аналармен жүргiзетiн жұмыс түрлерi төмендегiдей:

  • Ата-аналарды оқу-тәрбие жұмысына қатыстыру;

  • Ата-аналардың бала тәрбиесiндегi бiлiмiн көтеру /ата-аналар Университетi, тақырыптық кеңестер, сыныптағы iс-шаралар/

  • Мектептегi басқару жұмысына қатыстыру / «Қамқор» тобы, мектептiң ата-аналар комитетi/. Ата-аналар мен мектеп баланың оқуы мен тәрбиесiнде бiрiгiп жұмыс атқаруда. Ата-аналардың бала тәрбиесiне көбiрек көңiл бөлiп, белсендiлiктерiн арттыру үшiн арнайы дәрiгерлермен, құқық қорғау органдарымен, әскери комиссариат қызметкерлерiмен кездесу өткiзiлiп тұрады.

Осындай жұмыс жүргiзгеннiң өзiнде бала тәрбиесiне көңiл бөлмейтiн ата-аналар бар. Мұндай ата-аналармен мектеп үнемi байланыста болып, мектеп әкiмшiлiгi мен сынып жетекшiлерінiң бақылауының нәтижесiнде ғана дұрыс жолға қойылып отыр.

Жылдан жылға тәрбие жұмысының табысы да көп. Барлық сайыстар мен шығармашылық жарыстарда мектеп басқа ауылдар арасында көп жүлделі орынға ие болуда. Ол жеңістердің дәлелі алған грамоталар, бағалы сыйлықтар, алғыс хаттар. «Отан - отбасынан басталады» деген мақал бар. Демек, отбасы тәрбиесі - еліміздің негізі де тірегі десек болады.

Мектеп, ұстаз, ата-ана, оқушы бiрлесе отырып қалалық, облыстық, республикалық көлемінде жеткен жетiстiктерiмiз өте көп Екібастұз қаласының ауылдар мектептердің ішінде ең үздіктердің қатарындамыз.

Өзін-өзі тану бірлестігімен бірлесе отырып, мектеп қабырғасында өзін-өзі тану пәнін толығымен меңгерген түлегігің моділін осылай көргіміз келеді.

Ауылымызда Қарағанда-Иртыш каналы бар және тауларымыз бар соңдықтан «мектеп кеме-білім теңіз дегендей», «Өзін-өзі танушы» модулін осылай жасағады жөн көрдік...



«Өзін-өзі танушы» моделі

Балаға мейріммен қарайтын мектеп жобасы

Таудаң биік, судан мөлдір, таза мектеп түлегін шығару үшін,

біздің қойған мақсатымыз-жауапты және ерікті, әдемі тұтастай қабылдайтын және өз өмірін мәнді түсінетін еліне, халқына,Отанына қызмет етуге тырысатын

Келешек адам.

Қорыта айтқанда, «Өзін-өзі тану» бағдарламасының мазмұнында ескеріліп, көзделген эмоционалдық тұрғыдағы ауқымды жүргізілген алуан түрлі іс-әрекеттер баланың адамгершілік рухани дамуының негізін қалауға және өмірлік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл білім мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалардың бойында ең басты қажеттілік өзін-өзі дамытушылық қажеттілігін қалыптастыруы тиіс. «Өзін-өзі тану» бұл тек баланың өзін ғана танып, білуімен ғана шектеліп қоймайды, оның мазмұны тереңде. Сол себепті де «Өзін-өзі тану» сабағы бүгінгі таңда барлық адамзат үшін маңыздылығы өте зор. «Балаға меріммен қарайтын мектеп» жобасын жалғасын табуда.


Бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз,мейіріміміз сарқылмасын!





© 2010-2022