• Преподавателю
  • Другое
  • Презентация по казахсий язык и литературы на тему С. Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесіндегі автор ерекшелігі і

Презентация по казахсий язык и литературы на тему С. Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесіндегі автор ерекшелігі і

Раздел Другое
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: әдебиет

Сыздықова Жанна Нәбиаманқызы

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы:

С.Мұратбеков «Жусан иісі»әңгімесіндегі автор ерекшелігі

Сілтеме:

Негізгі ойды анықтау, автор ерекшелігін түсіну

Мақсаты:

Орта көлемді шығармадағы автор ерекшелігі мен көзқарасын түсінеді және шығарманың оқырманға әсерін анықтайды.

Тірек сөздер

Символ, көркемдік шешім, лиризм,оптимстік рух.

Ресурстар

С.Мұратбеков әңгімелер жинағы. «Жусан иісі» повесі.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар оқыған шығармасы бойынша автордың ерекшелігін тауып, баға береді.Деңгейлік тапсырма бойынша білімдерін сынайды.

Алдыңғы білім

Аян ертегісін аяқтап жазу.

Басы.

Қызығушылықты ояту. 3-минут

Сөз мағынасын ашу.

Топқа бөлу.Сөздер мен сөз тіркестерін құрастырып сөйлем құрау арқылы 4 топқа отырады.

1-топ. «Намыс» тобы «Жылауды әркім біледі, мықты болсаң жыламай бақ»

2-топ. «Төзім» тобы " Өз қайғысын басқаларға білдірмеу-жігіттік іс";

3-топ. «Ұшқыр қиял» тобы"Ертегі-ертеңгі үкілі үмітті жандандырады",

4-топ. «Мейірім» тобы. «Жетім көрсең, жебей жүр, сауабына қаласың»

Ортасы

Оқыту іс-әрекеттері:

Жұптық жұмыс


10 минут














Орындауға 10 минут.

Көшбасшылармен керібайланыс 5 минут.

«Даналық ағашы» Жұптық жұмыс. Тақтада алып ағаш суреті ілінген. Оқушылар өздеріне берілген тірек сөздерді пайдалана отырып,жұпта ақылдасып, жазушы шығармасының ерекшелігін стикерге жазып, тақтаға іледі.

Шығармадан қандай ерекшелік байқадыңыз?

1-жұп.Шығарманың идеясы: Соғыс кезіндегі ауыл балаларының мінез-құлқын,көңіл күйін,тұрмыс-тіршілігін суреттеу.

2-жұп.Шығарманың тілі,стилі: .Қарапайым сөздермен жазылған, тілі түсінікті, ауызекі сөйлеу стилі: Желкең қиылғырлар-ай! Соғыс аздай мына атысып ойнағанды қайдан шығардыңдар!

3-жұп.Соғыс кезіндегі балалардың ауыр еңбегі: Өгізді айдау, соқамен жер жырту,аштық, ұйықтамау.

4-жұп.Аян ертегісінің ерекшелігі: Қайғыны ұмыттырады, күлкіге бөлейді, батыл, ержүрек болуға шақырады.

5-жұп. Ұлттық құндылықтар: жетімді жылатпау, әке-отбасы тірегі, мейірім , қайырым

6-жұп. Әңгімедегі негізгі ой:Жетім Аянның тағдыр тауқыметіне шыдай білуі,жасық болмауы

7-жұп.Әңгімедегі лиризм: Көкше бір баудың биігі-ай,

8-жұп. Юморлы сөздер: Қыз алып қашқалы ақылдасып жүргеннен саумысыңдар ма, ей?!

9. Суреттердің маңызы


Презентация по казахсий язык и литературы на тему С.Мұратбеков «Жусан иісі»әңгімесіндегі автор ерекшелігі іПрезентация по казахсий язык и литературы на тему С.Мұратбеков «Жусан иісі»әңгімесіндегі автор ерекшелігі іПрезентация по казахсий язык и литературы на тему С.Мұратбеков «Жусан иісі»әңгімесіндегі автор ерекшелігі і

Символдар: пальто-әкеге деген сағыныш, жусан иісі-туған жер,балалық шаққа, досқа деген сағыныш.

Презентация по казахсий язык и литературы на тему С.Мұратбеков «Жусан иісі»әңгімесіндегі автор ерекшелігі і10.Аянның прототипі кім? Аянның прототипі Науқан Керімов қазіргі кезде Ескелді ауданының Ақын Сара ауылында тұрады. Еңбек ардагері, құрметті зейнеткер.

Жұптық жұмыстан кері байланыс ала отырып,сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылар шығарады.Мұғалім сабақтың жетістік критерийін хабарлайды: Егер оқушы ... жетті.

Әңгімедегі негізгі ойды таба алса;.

Автор ерекшелігін айта алса;

Топта деңгейлік тапсырмаларды орындай алса;

Өз көзқарасын өмірмен байланыстыра отырып, ұтымды ой айта білсе;

Презентация по казахсий язык и литературы на тему С.Мұратбеков «Жусан иісі»әңгімесіндегі автор ерекшелігі іОсы шығармадағы көркемдік шешім қандай? Жусанның иісін иіскеп көргендеріңіз бар ма? Шығарма қандай сөйлемдермен аяқталады? Оқушыдан жатқа айту сұралады.

Автор сөзі: Шындығында да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен? Ондай бала тірі болуы тиіс. Мұндай бала алдына нендей мақсат қойса да жетеді. Ал тірі болса, Жусанды төбеге бір оралмауы қалай?!

«Брейн-ринг» әдісімен топтық жұмыс орындалады.

4-топ оқушылары 3 деңгейлік тапсырмалар орындайды.Мұғалім топ басшысын сайлау үшін жасырын түрде алдын ала үстелге белгі қойып қояды. Сол оқушы көшбасшы сайланып бақылаушы ретінде жауаптың дұрыстығын байқайды және ойынды ретпен жүргізіп отырады.

3-деңгей. Әңгіме қандай сөйлеммен басталады? Алыста қалған балалық шағым...

3-деңгей. Ешкіөлмес ненің атауы? Таудың атауы

3-деңгей. Әңгімедегі ең қатал, озбыр кейіпкер кім? Тұржан

3-деңгей. Аян ұйықтарда ағасының пальтосын иіскеп жатады.Одан қандай иіс шығады? Жусанның иісі

2-деңгей.Майға бөккендей туырылып жататын не? Жер құйқасы

2-деңгей.Көкпеңбек тұлыптай болып қозғала алмай жатқан кім?Қандай көркемдегіш тәсіл қолданылып тұр? Бұл -Аян. Теңеу қолданылып тұр.

2-деңгей. Мұрты сетінемеген масақтар .Қарамен берілген сөз көркемдік тәсілдің қай түрі?

1-деңгей.Реализм деген не? Шығармадағы реализм кандай?

1-деңгей.Әңгімедегі лиризм

1-деңгей.Символ дегеніміз не? Әңгімедегі символдар?

1-деңгей.Шығармадағы оптимистік рух қандай?

Сабақтың қорытындысы

7 минут.

« Екі жақты бақылау күнделігі» әдісі бойынша оқушылар кесте толтырады.Кестеде шығармадан алған әсерлеріне үзінді келтіреді, екінші бағанға себебін жазады.

  1. Қанша қиындық көрсе де мұқалмайтын Аянның бойында қандай күш бар?

  2. Осы шығармадағы Сайын мен Аянның арасындағы достықтай достық қазіргі өмірде бар ма?

Үйге тапсырма

3-минут

Үйге тапсырма:

Оқушылар шағын жоба жазады. « Көксерек», «Жүз жылдық жара» әңгімелерімен салыстыру.

Жоба мақсатын айқындай алса;

Шығармалардағы оқиға орны мен кезеңін салыстыра аласа;

Кейіпкерлер бойындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді анықтай алса;

Шығарма жанры мен тіліндегі ұқсастықты таба алса;

Шығарма идеясындағы ортақ құндылықтарды таба алса;

Рефлексия 2 мин.

«2 аспект 1 дерек»әдісі арқылы керібайланыс жасау.

Мен үшін оңай 1 тапсырма

Мен үшін қиын 2 факт

Мен үшін маңызды 3 дерек


© 2010-2022