Урок по самопознании Отбасы жарастығы

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін - өзі тану сабағының жоспары

А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп Мерзімі 16.11.2015

Тақырып: Отбасы жарастығы

Құндылық: Сыйластық, махаббат

  • Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірімділік

Мұғалім Даулетбақова С.Т. Сынып____5

Мақсаты : балалардың « сыйластық » , « махаббат » құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту .

Міндеттері :

- отбасы жарастығы , татулығы туралы түсінік қалыптастыру ;

- отбасында жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту ;

- өзара сыйластыққа тәрбиелеу .

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Интерактивті тақта, бейнеролик, оқулық, үнтаспа, суреттер, плакат, маркер, стикер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.

2.Үй тапсырмасын тексеру:

Сабақ барысын талдау: Жағымды күйге келтіру

3. Дәйексөз: « Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілесің »

Халық мақалы

Ой-пікірлерін ортаға салу

4.Әңгімелесу: «Ойланайық , әңгімелесейік » айдарымен берілген сұрақтар негізінде әңгіме жүргізу .

Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?

Отбасының силастығына қалай қол жеткізуге болады?

Отбасының татулығы қандай жетістіктерге жеткізеді?

Ой түйіндеу, достардың адам өмірінде алатын орнын анықтау

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс:

«Отбасы татулығы» аңыз әңгімесін оқып талдау

«Бірлік, шыдамдылық, сүйіспешілік» сөздерінің мағынасын ашу.

Пікіралысу

6.Топпен ән айту: М . Қуанышбековтың « Сен бақытты ұлансың ! » әні

7.Тапсырмасы: Оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқып талдау .

8. Жүректен жүрекке

Оқушылар сабақтан алған білімдерін қорытындылау мақсатында оқушылардың ата - аналарына арнап тілек айтумен сабақ аяқталады

Бәрі шеңберге тұрып, жақсы тілектер айтады



© 2010-2022