Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: « Мектеп аруы-2016» арулар байқауы.

Мақсаты: Қыздарды 8- наурыз мерекесімен құттықтап, сайыс барысында қыздардың жақсы қасиеттерін дамытып, әсемдік сезімдерін қалыптастыру.

Көрнекілігі:Слайд,шарлар,гүлдер,мақтау қағаздары,лента,қабырға суреттері

Барысы:

Ән

1-жүргізуші:

Ана деген үш-ақ әріп тіршілік,

Тіршіліктен үлбірейді гүл шығып

Ана деген үш әріпті шырқап жүрем ән қылып

Адамзаттың жүрегінде сақталатын мәңгілік- дей отырып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған « Мектеп аруы-2016» арулар байқауын ашық деп жариялаймыз!
2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қымбатты арулар!

1-Жүргізуші:Көктемнің алғашқы мейрамы 8- наурызды барша жұрт асыға күтеді. Білесің бе,______, 8- наурыз неге аналар мейрамы болып белгіленеді?

2- жүргізуші: Әрине, білемін 1908 ж. 8-наурызда өздерінің ауыр жағдайына төзе алмаған Нью- Йорктың еңбекші аналары демонстрацияға шыққан.
Міне, осы оқиғаны есте қалдыру үшін 1910 ж. Копенгагенде өткен аналардың

2-ші халықаралық конференциясы 8- наурызды әйелдер күні деп белгілеп, оны жыл сайын атап өту туралы шешім қабылданды.

1-жүргізуші:Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

2-жүргізуші: Жарайсың, ендеше біз « Мектеп аруы-2016» арулар байқауын бастайық.Бүгінгі бойжеткен - ертеңгі ана. Дана халқымыз қыздарын қадір тұтып, аялаған, қорғап мәпелеген.


  1. жүргізуші: Ендеше, шалқып ән салайық,

Өнерпаз аруларға тамсанайық,

Аруларды құрметпен қарсы алайық,

Арулар ортаға шығады (Музыка ойнап тұрады)

(Қыздардың шығуы)

2-жүргізуші: Бірінші номерлі қатысушымыз 8 сынып оқушысы_______ . Бос уақытында би билеуді, сурет салуды және музыкалық аспаптарда ойнауды ұнатады. Болашақта маңсапты дәрігер болуды армандайды.


  1. Жүргізуші: Екінші қатысушымыз 9 сынып оқушысы ____.Сүйікті әншісі Қайрат Нұртас. Арманы қыз бала сияқты отбасын құру.Қатал, бірақ мейірімді ана болу. Екінші арманы бүкіл әлемнің бақытты болу.

Айымды достары сыпайы,әділетті,қарапайым,адамгершілігі мол адам деп санайды.Болашақта дәрігер болуды армандайды.

2- Жүргізуші: Келесі қатысушымыз 8сынып оқушысы __________. Бос уақытында кітап оқуды ұнатады. Мақсаты мектепті алтын белгіге бітіру.

1- Жүргізуші: 9 «Ә» сынып оқушысы Естай Мадинаны қарсы алыңыздар. Сурет салуды, ән айтуды ұнатады. Үнді фильмдерін сүйіп көреді. Арманы жақсы мамандық иесі болу.Таңдайтын маманы дизайнер.

2- Жүргізуші: 10 «А» сынып оқушысы Шекежанова Наргизаны қарсы алыңыздар. Ол бос уақытында тоқуды, би билеуді және сурет салғанды ұнатады.Болашақта финансист болуды армандайды. Ол өте сыпайы, мейірімді, әрі әдемі.

  1. Жүргізуші: 10 сынып оқушысы _______ қарсы алыңыздар.Назым бос уақытында би билегенді,кітап оқығанды және өлең жазғанды ұнатады. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, алға қойған мақсатына жету үшін бәрін жасайды.Арманы кем дегенде бес елді аралап шығу.

2-жүргізуші:Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне __________ орындауындағы ___әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Біздің аруларымыздың өнеріне баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1-жүргізуші: Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген .

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті 9 «Ә» сыныбының орындауындағы биіне береміз.

1-жүргізуші: 1 - сайыс «Таныстыру»

2-жүргізуші: Бұл кезеңде ару қыздарымыз өздерің таныстырады.Ұпай қойылады.

II - жүргізуші:

Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.


I - жүргізуші:

Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,

Дендеріңнің саулығы мықты болсын.

Білімменен суарған шәкірттерің,

мерекең ұстаздар құтты болсын!

Ән: «Гүл қыздар»

2-жүргізуші:2-сайыс«Өнер көрсету». Арулар бұл кезеңде өз өнерлерін ән, би, өлең, қара сөз оқумен көрсетеді.


1-жүргізуші:Ана десем сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бір адамға берсе ана мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық

Ана десем шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні
Ана деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Көктем мерекесі, Аналар мерекесі құтты болсын!
I - жүргізуші:

Арулар - аяулылар, ардақтылар

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар

Арулар - тіршілікке күре тамыр

Өмірді бір - біріне жалғап тұрар,- деп Мұқағали ақын жырлағандай «Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен» аналардың еңбектерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Аналары бақытты елдің ұрпағы да бақытты ғұмыр кешеді. Анасы жыламаған елдің баласы да жыламасы анық.

2 - жүргізуші: Қыпша бел, сұңғақ бойлы қара көзге

Жан біткен тандай қағып қарасады

Келесі кезең «Қыздарға әсемділік жарасады»


  1. Жүргізуші: ______, осы сайысымызда қыздарымыздың қолдан жасаған киім кию үлгілерін тамашалайық. (Арулар киім үлгілерін көрсетеді)

КВН 8 «А» сынып

Соңғы 4сайыс: Дефиле, қатысушы қыздарымыз кешкі көйлек сәнің көрсетеді. Көрермендер қол шапалақтап отырамыз.

2-жүргізуші:Қазылар алқасы ұпайларын санағанша алдарыңызда би. Қарсы алыңыздар!

Вальс 10 «А» сынып

1-жүргізуші: Біз қыздардың әсемдіктерін бүкіл сайыс барысында көз
алмастан көрген едік. Ендігі сөз әділ қазыларға беріледі.

Әділ - қазылар: Қатысушы аруларымызды "Инабатты ару", "Сымбатты ару" "Көркем ару", "Өнерлі ару", "Бұрымды ару" және "Мектеп аруы-2016" номинацияларымен марапатталады.

  1. "Инабатты ару" номинациясымен № аруымыз марапатталады.

  2. "Сымбатты ару" номинациясымен № аруымыз марапатталады.

  3. "Көркем ару" номинациясымен № аруымыз марапатталады.

  4. "Өнерлі ару" номинациясымен № аруымыз марапатталады.

  5. "Бұрымды ару" номинациясымен № аруымыз марапатталады.

  6. "Мектеп аруы-2016" номинациясымен № аруымыз марапатталады.

  1. жүргізуші: Қатысқандарыңызға көптен - көп рахмет! Келесі көктем мерекесіне аман жетейік, көріскенше күн жақсы болсын ағайын!

  1. Жүргізуші: Келесі кездескенше! Сау болыңыздар!

Ән «Өмір-өзен»

© 2010-2022