Поурочное планирование по казахскому языку на тему Сарыарқа 9 класс

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 96


Күні:03.03.2016 Пәні: Қазақ тілі Сынып: 9 (В)

Тақырыбы: Диктант «Сарыарқа»

Мақсаты: 1. Білімділік - тақырып бойынша мәтінмен, сөйлесумен жұмыс жүргізу,

ауызекі сөйлеуге үйрету.

2. Дамытушылық - сөйлем құрау, қисынды ойлау қабілеттерін

Дамыту, қазақша сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік - бір- бірін сыйлау әдебін сақтауға, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: диктант

Әдіс-тәсілдер: сұрақ -жауап, мәнерлеп оқу, баяндау.

Көрнекілігі: тірек сызбалар

Сабақтың барысы:

1.

Ұйымдастыру кезеңі

А) амандасу

Ә) түгендеу

2.

Фонетикалық жаттығу

Ғ дыбысы - Оқу Оқыту Хормен оқу

3.

Тіл дамыту

Өлеңді мәнерлеп оқу

4.

Үй тапсырмасын тексеру

Диктантқа дайындық.

5.

Жаңа сабақ

Оқушы нені білу тиіс:

Жаңа тақырып бойынша сөздер мен сөз тіркестерін білу;

Лексиканы,сөздіктердің түрлерін,атқаратын қызметін білу.

Оқушы нені үйренуі қажет:

Жаңа сабаққа қатысты мәліметтерді әңгімелеуді үйрену.

Тұрақты сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс пайдалана білуді үйрену.

Диктант

Сарыарқа

Климаты құрғақ континентті. Қысы суық,Қаңтардың орташа температурасы -14°-18°с.Суық күндері -40°с.Жазы құрғақ,ыстық,шілденің орташа температурасы+35°с көтеріледі.Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-300мм. Ұсақ шоқылы тауларда ылғал молырақ түседі 370мм.Басты өзендері-Есіл,Нұра,Сарысу,Сілеті,Шідерті,Тоқырауын және т.б. Қар суымен қоректенеді. Есілде ғана тұрақты су ағыны бар. Орталық Қазақстанды тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында Ертіс-Қарағанды каналы салынған.Көл көп.Суы ащы. Тұщы көлдер- Көкшетау аймағында Бурабай, Шортанды, Қорғалжың. Қорғалжыңда қорық бар.Сарыарқа жері дала, шөлейт,шөл зоналарына кіреді. Көкшетау,Атбасар, Есіл өзендерінің бойында қара топыраққа тән өсімдіктер жамылғылары бар. Зонаның климаты қуаң,қошқыл қара қоңыр топырақ жамылғысында жусанды, бетегелі, көделі, боз өсімдіктері бар. Шөлейт зона мал жайылымына қолайлы. ( 91 сөз)

Қиын сөздер:

Аймақтық компонент

Қарабалық аймағы

Сергіту сәті

Дене жаттығулары

6.

Бекіту

Сөз тіркестерімен ауызша сөйлем құрастыру

7.

Қорытынды

ОЖСБ дайындық.

Сұрақ жауап

8.

Бағалау

Оқушыларды бағалау

9.

Үй тапсырмасын беру

Өткен тақырыпты қайталау.

Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!





© 2010-2022