Урок по теме Астана - бас қала 6 класс

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по теме Астана - бас қала 6 классУрок по теме Астана - бас қала 6 классУрок по теме Астана - бас қала 6 классКүні:

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Астана - бас қала.
Сабақтың мақсаты:
Астана қаласына барып әсем ғимараттарымен танысу. Елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра,оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру, біріккен сөздер туралы жаңа тақырыпты түсіндіру.
Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу,бір-біріне сыйластық сезімдерін тереңдету.
Нәтижесі:
Топта бір-бірімен бірлесе отырып жұмыс істеуді үйренеді. Сурет бойынша өз ойын жеткізіп үйренеді. Диалог арқылы сөйлеу дағдылары қалыптасады.
Дереккөздер және жабдықтар, ноутбук, оқулық, ғаламтордан алынған материалдар, ББҮ кестесі, саяхат картасы, бағалау парақтары.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу тренингі (3мин)
Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеруге, бір-біріне жақсы қарым-қатынас орнату және жақындай түсу мақсатына өткізіледі.
2.Кезекшімен мұғалім арасындағы сұхбат.

  • Қазір қандай жыл мезгілі?

  • Қазір қыс мезгілі.

  • Қыс айлары қандай?

  • Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

  • Бүгін аптаның қай күні?

  • Бүгін аптаның сәрсенбі күні.

  • Бүгін желтоқсанның нешесі?

  • Бүгін желтоқсанның үші.

  • Біз қайда тұрамыз?

  • Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

  • Біздің Президентіміз кім?

  • Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  • Біздің астанамыз қай қала?

  • Біздің астанамыз Астана қаласы.

3. Үй тапсырмасын тексеру.

Көлік түрлерін ажырату:

ҚШАҰ - ҰШАҚ

СБТВАУО - АВТОБУС

ККЛІАОВТӨ - АВТОКӨЛІК

ЕЕМК - КЕМЕ

ҚҚЙЫА - ҚАЙЫҚ

ТВАЙМРА - ТРАМВАЙ

БСУТОЛРЕЛЙ - ТРОЛЛЕЙБУС

ЗПЫОЙ - ПОЙЫЗ

4. Топқа бөлу (2 мин)
Өткен тақырып бойынша көлік түрлері арқылы топтарға бөлу.3 шағын топ болады. Топтарға көлік түрлерімен бөлемін:

1 топ - Урок по теме Астана - бас қала 6 класс

2 топ - Урок по теме Астана - бас қала 6 класс

3 топ - Урок по теме Астана - бас қала 6 класс
II. Жаңа сабақты қалыптастыру «Астанаға саяхат»(Миға шабуыл).
- Балалар бүгін біздің сабағымыз ерекше ол саяхат сабағы .
Елордамызға саяхатқа ғамыз.
-Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
- Карта.
-Дұрыс ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.
- Балалар бір-біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер?
(Топтар бір-біріне сәттілік тілейді.)
Сабағымыз саяхат болғандықтан біз сендермен көптеген аялдамаларға тоқтаймыз, түрлі тапсырмалар орындаймыз.
Сол себепті мен өзіме әр топтан көмекшілер тағайындаймын. Ол көмекшілер алдарындағы бағалау парағына өз қатарларындағы оқушылардың жауаптарын бағалап отырады.

Бағалау критерийлері

  1. Қате жоқ «5»

  2. 1 қате «4»

  3. 2 қате «3»

  4. 2 ден көп «0»

«5» - 25-24 балл

«4» - 20-23 балл

«3» - 15-19 балл

«2» - 14-0 балл

Саяхат картасы.
1.Вокзал.
2.Бәйтерек.
3.Пирамида.
4.Ақ Орда.
5.Думан.
6.Ханшатыр.
1- Аялдама «Вокзал». Астана вокзалы туралы қысқаша мәлімет беремін.

Урок по теме Астана - бас қала 6 класс

Жаңа сөздермен танысу аялдамасы. Алдымен жаңа сөздерді тыңдайды. Содан кейін тізбектеп оқиды және сөз тіркесін және сөйлемдер құрайды.
Ғимарат - здание
Аялдама - остановка
Көрікті - красивый
Жаға - берег

Құқық - право

Орталық-центр
Ойын-сауық орталығы- развлекательный центр
(Сөз тізбегі Сөз тіркесі тізбегі сөйлем тізбегі)
2- Аялдама. «Бәйтерек» . «Бәйтерек туралы қысқаша мәлімет беремін».

Урок по теме Астана - бас қала 6 класс

  1. Тапсырма: Мәтінді оқып, орыс тіліне аударады.
    Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы - Астана.
    Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан .
    Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы,Парламент үйі, "Интерконтиненталь" қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған.
    Қаланың ортасында бес жұлдызды "Алатау" қонақ үйі салынды.
    Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.
    Қала тұрғындарының саны 518 мың адам. Астана - болашағы үлкен қала.
    2. Тапсырма. Сұрақтарға жауап беру. «Дұрыс-бұрыс әдісі»

1. Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы Алматы.

-

2. Астана Есәл өзенінің бойында орналасқан.

+

3. Парламент үйінің артында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған.

-

4. Астана қаласында 150 ден астам ұлт өкілдері тұрады.

-

5. Қаланың ортасында бес жұлдызды «Алатау» қонақ үйі салынды.

+

6. Қала тұрғындарының саны 618 мың адам.

-

Астана - болашағы үлкен қала.

+


3 - Аялдама «Пирамида». Пирамида туралы қысқаша мәлімет беремін.

Урок по теме Астана - бас қала 6 класс
Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1, 5 мың орынға арналған опера залы, жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.
Тапсырма. Пирамиданың қызметкерлері бізге тапсырма дайндаған екен. Ендеше балалар тапсыпрмаға көшейік. Сөздерді қазақ тіліне аударып,сөз тіркесін тап.

новая столица ғимараттар

расположен қонақтар

промышленность орналасқан

здания жаңа астана

гости кәсіпорын
4 - Аялдама. « Ақ орда». Ақорда туралы қысқаша мәлімет беремін.

Урок по теме Астана - бас қала 6 класс

Ақ Орда» Қ. Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш. м құрайды. Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты, ҚР министрліктер үйі орналасқан.
Тапсырма. Адасқан сөздерді орнына қой. Яғни әр топқа тапсырманы кесте түрінде таратамын. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып жазып отырады.

1 топ Астана, орналасқан, қаласы, Солтүстік, аймағында.
Өзеннің, Есіл, Ол, Сарыарқа, бойында, орналасқан.
2 топ Астана, қаласы, бас, Қазақстанның, Тәуелсіз.
Өзгерді, танымастай, Аз уақыттың, ішінде,қала.
3 топ Астана, үлкен, қала, болашағы.
Парламент, үйінің, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, қойылған,е скерткіштері.
Тапсырманы орындау барысында оқушыларды мадақтап, қолпаштап отырамын.
Дұрыс құрылған сөйлемдерді орыс тіліне аударып отырамыз.
5 - Аялдама «Думан» . Думан» ойын-сауық орталығы туралы қысқаша мәлімет беремін.

Урок по теме Астана - бас қала 6 класс
«Думан» ойын - сауық орталағы Елорданың сол жағалауында салынған. 3д кинотеатры, «Джунгли» аттракционы, боулинг, көп функционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан» ересектердің де, балалардың да сүйікті демалыс орны.
Енді келесі аялдамаға өту үшін сендерге «Думан» ойын - сауық орталығы да тапсырма ойластырып қойыпты.
Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР


Біріккен сөздер


Асқазан, тасбақа, бәйтерек, шекара, баспасөз, өнеркәсіп, шаңсорғыш, теміржолшы, фотосурет, тоғызқұмалақ.

Қос сөздер

Қып-қызыл, тау-тау, биік-биік

Қысқарған сөздер

ҚР, БҰҰ, ЖШС, ТМД

6 - Аялдама «Хан шатыры» . «Хан шатыры» туралы қысқаша мәлімет беремін.

Урок по теме Астана - бас қала 6 класс
Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын - сауық орталығы. 200 дей мертлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кино театрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындар өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады.
Міне біз соңғы аялдамаға да келіп жеттік. Ендеше, «Хан шатыры» аялдамасының тапсырмасын орындап көрейік.
Тапсырма. Берілген сөздер қандай күрделі сөздердің түріне жатады.

Асқазан, ҚР, қып-қызыл, тасбақа, бәйтерек, БҰҰ, шекара, ЖШС, баспасөз, өнеркәсіп, шаңсорғыш, тау-тау, биік- биік,теміржолшы, фотосурет,ТМД, тоғызқұмалақ.

Топтық жұмыс. «Пазлы» ойынын ойнайды.
Әр топқа қағаз беремін. «Пазлы» жинайды.

Толтырып болғасын, менің көмекшілерім кәнеки БАҒАЛАУ ПАРАҚТАРЫН толтырайық. Әр көмекшім дауыстап оқып шығады.
Үй тапсырмасын беру. Шағын эссе жазып келу. «Астана - арман қала».
Ал енді балалар қаламызға қайту үшін, әрі бүгінгі келген қонақтарымызға арнап Қайрат Нұртас ағамыздың «Астана» атты әнін тындайық. (Ноутбуктан музыка қосып қоямын).





Урок по теме Астана - бас қала 6 класс





Бағалау парағы. 1 топ

Тапсырмалар

балл

  1. Сөз тіркестерін құру.


  1. Мәтінмен жұмыс.


  1. Сөз тіркестерін табу.

Адасқан сөздерді орнына қою.


  1. Жаңа тақырыптың тапсырмасы

Барлығы:



Бағалау парағы. 2 топ

Тапсырмалар

балл

  1. Сөз тіркестерін құру.


  1. Мәтінмен жұмыс.


  1. Сөз тіркестерін табу.


  1. Адасқан сөздерді орнына қою.


  1. Жаңа тақырыптың тапсырмасы

Барлығы:

Бағалау парағы. 3 топ

Тапсырмалар

балл

  1. Сөз тіркестерін құру.


  1. Мәтінмен жұмыс.


  1. Сөз тіркестерін табу.


  1. Адасқан сөздерді орнына қою.


  1. Жаңа тақырыптың тапсырмасы

Барлығы:



© 2010-2022