Урок по казахской литературе на тему Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по казахской литературе на тему Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіУрок по казахской литературе на тему Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіУрок по казахской литературе на тему Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіУрок по казахской литературе на тему Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіУрок по казахской литературе на тему Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіУрок по казахской литературе на тему Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіПән: Қазақ әдебиеті

Топ:4ҚТӘ

Сабақтың тақырыбы: Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесі

Мақсаты:

1) білімділік: студенттердің теориялық білімдерін тәжірибе барысында айқындау, шығарманың композициясына талдау жасау;

2) дамытушылық: теориялық материалды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру, өз бетінше жұмыс істеуге, өз пікірін басқаларға жеткізе алуға төселдіру;

3) тәрбиелік: ізгі қасиеттерге баулу.

Сабақтың түрі: Білімді жалпылау және жинақтау сабағы;

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, конструкциялық жобалау әдісі;

Сабақтың формасы: жеке, жұп, топ;

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушыларын ұйымдастырып, сабаққа бейімдеу.

II. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

III Жаңа материалдың берілуі / Шығарманы талдау/.

1. Шығарманың тақырыбы мен мұратын ашуға қатысты жұмыстар:

А) Жекелей жұмыс.

Әр студент шығарманың тақырыбы мен мұратын анықтайды.

Ә) Жұптық жұмыс.

Бірлесе жұмыс барысында ойларын толықтырады.

Б) Топтық жұмыс.

Өз ойларын ортаға салып, шығарманың тақырыбы мен мұратын ашады.

2. Шығарманы конструкциялық жобалау технологиясына салу.

Тек Тақырыбы Мұраты

Б. Майлин «Шұғаның белгісі»

Композициясы Кейіпкерлер Тілі

Мәселен, шығарманың композициясы алғы сөз, шығарманың басталуы, байланысы, дамуы, шарықтау шегі, шешімі, соңғы сөзден тұрады. Студенттермен бірлесе отырып шығарманың композициясына талдау жасаймыз.

Үлгі:

Алғы сөз (пролог): екі салт атты - бірі автор, екіншісі - әңгімеші Қасымжан. Жол үстінде біріне-бірі ел, жер жайын әңгімелеп келеді.

Шығарманың басталуы (бұрма экспозиция): «Бала күнімізде анау көрінген төбенің басында талай асық ойнап едік. Ол да бір дәурен...» дей келе автор Есімбек, оның қызы Шұға туралы айтады.

Шығарманың байланысы: Әбдірахманның Есімбектің аулына алғаш келуі, оны Шұғаның тұңғыш көрген жері.

Шығарманың дамуы: Әбдірахман мен Шұғаның бір-біріне ғашықтығы; Айнабайдың Есімбекті Әбдірахманға қарсы қоюы; жалған арыз беріп, қамауға алғызуы; екі ғашықтың қоштасар жері.

Шарықтау шегі: Шұғаның қатты құса болып, ауруға шалдығуы, Есімбектің Әбдірахманды амалсыз тұтқыннан босатуы.

Шешімі: Шұғаның қайтыс болуы.

Соңғы сөз (эпилог): Шұғаның жазған хаты.

Осы ізбен студенттер шығарманың жан-жақты талдайды.

IV Бекіту кезеңі.

Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» атты шығармасы - өзінің қарапайымдылығымен, шынайылығымен, нанымдылығымен оқырманын баурап алар туынды.

V. Үйге тапсырма: І. Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылық жолы.

Қорытындылау, бағалау.





© 2010-2022