Эссе Жаңа мектепке жаңашыл ұстаз

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз

ХХІ ғасыр есігін ашқан қазіргі таңда мектепте, ұстаздарға үлкен талаптар қойылуда. Ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр, тек өз ісіне берілген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұлттық қасиетіміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.

Менің өмірлік ұстанымым - «Мұғалім - мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақыл дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.» Мен бүгінгі таңда өз мамандығым бойынша 3 жыл еңбек етіп келемін. Бұл аз ба, көп пе, бірақ мен үшін биік мақсаттарға жетудегі ізденістер мен ұмытылмас қызықты жылдар. Менің өзіме қояр талабым, мақсатым жоғары.

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Қазіргі заман мұғалімі жаңа технологияны меңгеріп, қолданыста кең пайдалана білуі керек. Жаңа ғасыр мұғалімі шәкірт алдында терең білім, жан-жақты білікті тұлғасымен дараланып қадірленуі тиіс.

Менің кәсіби бағытым. Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов: «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» - дегендей оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыруда нәтижелі әдістерді коп пайдаланған дұрыс. Әр күн сабақтарымды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі ізденістемін. Кембридж курсын бітіріп келген мұғалімдердің сабақтарына жиі қатысып, жаңа әдіс - тәсілдерді үйренуге тырысамын. Оқушылардың да сабаққа қызығушылықтарын арттыру үшін сыни тұрғысынан ойлау әдісін қолданамын.Бұл әдіс оқушылардың еркін, өзіндік ойларын жеткізе білетін ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастарын қалыптастырады. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, оқушылар бір нәтижеге жету үшін топпен жұмыс ережелерін сақтаудың маңыздылығын сезінеді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастайды.

Алдағы уақыттағы жоспарым логикалық ойлау қабілеттері жақсы дамыған, шығармашылыққа жақын оқушыларымды ғылыми жобаларға дайындау. Соның бірі АмангелдіДиана аудандық «Зерде » ғылыми - шығармашылық жобаға қытысып «Алғыс хатпен» марапатталды.

Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру - бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан "Мендік" пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді. Жаңашыліс-әрекетке жетелейді.

«Жиырмасыншы ғасырдың аяғында біздің елімізде әрбір екінші адам ғылыми жұмыспен шұғылданады» . Бұл әйгілі академик О.Капицаның пікірі еді. Біз бұл жағдайды орындап жатырмыз. Өйткені біз - жаңа заманның жаңашыл - ұстаздарымыз.... «Бала бақыты - жақсы ұстаздың қолында.» деген сөз бар. . Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елге қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып қазіргі кезде жас ұрпаққа ғылыми негізде білім беру қабілеттерін ашу міндеті туындады. Яғни, білім мазмұнын жаңарту - қазіргі заман талабы.



© 2010-2022