Етістіктің шақтарынан өткенді қайталау

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 7

Күні: 18.02.15 ж.

Сабақ тақырыбы:

Етістіктің шақтарынан өткенді қайталау

Жалпы мақсат:

Білімділік: Оқушылардың етістіктің шақтарынан алған білімдерін бағамдау, етістік туралы білімдерін кеңейту

Дамытушылық:Танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту

Тәрбиелік: мейрімділікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу, алған білімдерін өмірде қолдана алуға бейімдеу

Күтілетін нәтиже:

Етістіктің шақтарынан алған білімдерін кеңейтеді,танымдық,шығармашылық қабілеттері,сөздік қоры молаяды,алған білімдерін өмірде қолдана алады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

интерактивті такта, оқулық, мәтін,постер, материалдар

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер: сұрақ- жауап, кластерлермен жұмыс, кубизм, венн диаграммасы,семантикалық карта

Жеке, жұптық, топтық жұмыс


Тапсырмалар:

сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер қорғау, пиза тапсырмалары, рефлексия жасау

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма көздері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

Оқушылардың орындығының артына көк, сары,жасыл түстерді жапсырады. Әр түстің символдық белгісін айтып, сол бойынша сары-өткен шақ, көк-осы шақ, жасыл-келер шақ топтарына бөледі.

Оқушылар орындық арқалығындағы түстерге қарай топқа бөлінеді.

II Білімді тексеру кезеңі.Кластерлермен жұмыс (7 минут)-жапсыруға-3 минут, қорғауға-4 минут.

Топтық жұмыс

Мұғалім етістіктің шақтарына байланысты анықтамалар мен жасалу жолдарын(жұрнақтары) қиынды түрінде береді.

Оқушылар қиындыларды постерге дұрыс жапсырып, қорғайды.

Логикалық тапсырма

«Пиза» тапсырмасы

(10 минут)

Жеке жұмыс

Мұғалім үш топқа тапсырма береді

Оқушылар берілген мәтінді оқып,тапсырмаларын жеке-жеке орындайды.

III Сабақты бекіту кезеңі

«Кубизм» әдісі

(10 минут)

Жұптық жұмыс

«Кубизм» тәсілі тапсырмаларын ширата отырып береді.

1.Суретте. Етістіктің шақтары дегеніміз не? Ол нешеге бөлінеді?

2.Салыстыр. Осы шақ пен келер шақты, өткен шақ пен келер шақты салыстыр. (Венн диаграммасы негізінде)

3.Зертте. Абайдың 12 жолдық бір өлеңінде келер шақтық 15 етістік қолданылған. Ол ақынның қай өлеңі? Ондағы етістіктер келер шақтың қай түрі екенін анықта.

4. Қолдан. 1.Семантикалық карта.

2. Сөйлем құрап, етістікке талдау жаса( қай топқа түсуіне қарай: осы шақ- Қазақстан қазіргі уақытта, келер шақ- Қазақстан болашақта, өткен шақ- Қазақстан өткен кезеңде)

5.Дәлелде. Етістік күрделі сөз табы екенін дәлелде.

6.Талда. Астана арқылы жаңа Қазақстан өзінің жаңа отауын тікті.(Сөйлемге синтаксистік сатылай-кешенді, етістікке грамматикалық талдау жаса)

Оқушылар ширату барысында кубиктің алты қырының қай тұсы келсе, сол қырының тапсырмасын орындайды.

IYҚорытындылау

(5 минут)

Мұғалім етістіктің шақтарына байланысты сұрақтар қояды

Оқушылар етістіктің шақтарына байланысты қойылған сұрақтарға жауап береді.

V. Үйге тапсырма беру (2 мин)

Мұғалім оқушыларға үй тапсырмасының орындалуын түсіндіріп, береді.

1.Зерттеу тапсырмасы.Абайдың 12 жолдық бір өлеңінде келер шақтық 15 етістік қолданылған. Ол ақынның қай өлеңі? Ондағы етістіктер келер шақтың қай түрі екенін анықта.

2.Шығармашылық тапсырма.

«Қазақстан: кеше,бүгін, ертең» тақырыбында эссе жазу

Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне жазып алады, сұрақтары болса,қояды.


VI. Бағалау (3мин)

Мұғалім оқушылардан берілген критерийлер бойынша өздерін қалай бағалағанын сұрайды. (Өзін-өзі бағалау)

Оқушылар өздерін критерий арқылы бағалайды

VII. Рефлексия(3 м )

Мұғалім оқушыларға стикерлер таратып, сабақтан алған әсерлерін жазып беруді сұрайды

Оқушылар стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазып, «Даналық ағашына» іледі.



© 2010-2022