Поурочный план по казахскому языку на тему зоопарк алматы

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Алматы зоопаркінде № 55. 2 тоқсан № 19.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктерді игерту.

  2. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Тақырып бойынша сөздік қорын байыту. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.

  3. Тәрбиелік:Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасай білуге бағыттау. Қоршаған ортадағы аңдар мен құстарға сүйіспеншілік ояту.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: жаңа сөздер, суреттер көрсетіп әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: жаңа сөздер, суреттер, тақта, кітап.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқу құралдарын, оқушыларды түгелдеу.

Жаңа сабаққа дайындау: *1-тапсырма, 151-бет. Сурет бойынша берілген мәтінмен жұмыс. Қисынды ойлау қабілетіне берілген мәлімет бойынша жұмыс жасап, оқушыларды нәтижелі білім алуға баулу. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

5. Жаңа сабақ: Алматы зоопаркінде.

6. Жаңа сабақты түсіндіру:

Жаңа сөздер:

Ашылған-открыт, жануар, аң, ең, хайуанаттар бағы-зоопарк, қабылан-пантера.

Дәптерлеріне күні, тақырыбын жаздырту.

*2-тапсырма, 151-бет. Тапсырмада берілген сөйлесу арқылы оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін іске қосу. Тақырып бойынша қарапайым тілмен әңгімелей білуге және сұрақтарға саналы түрде жауап беріп үйрету. Оқылым әрекетіне берілген диалогпен жазбаша тақта алдында жұмыс жасау. Жұмысты жұптық тапсырма ретінде орындау көп нәтиже береді.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрып,

Демімізді алайық.

3-тапсырма, 152-бет. Аталған тақырып бойынша «Оқы, қызық!» айдарымен берілген мәтінмен жұмыс жүргізу. Оқушылардың танымдық қабілеттерін шыңдап, тілдесімге шақыру.

4-тапсырма, 152-бет. Тақырып бойынша тапсырмада берілген жаңа сөз тіркестерінен қисынды ойлау қабілетін жандандыра отырып аяқтап жазу. Тапсырманы жазылым әрекетімен тақта алдында бекіту. Айтылым әрекетін де іске қосып, тілдесімге жетелеу.

8. Сабақты қорытындылау:

5-тапсырма, 153-бет. Өтіліп жатқан тақырып негізінде сұрақ-жауап жұмысын сыныптағы барлық оқушылармен жүргізу. Тапсырманы жеке жұмыс ретінде де өткізуге болады.

Үйге тапсырма: 6-тапсырма, 153-бет. «Сөйлем құрап үйрен» айдарымен берілген тапсырманы жұптық жұмыс түрінде орындату. Әр оқушыға жануарлар туралы айтқызу. Оқушылардың барлығын тақырып бойынша сөйлету. Тапсырманы жазылым әрекетімен ұштастыру.

Оқушылардың білімін бағалау.























© 2010-2022