Поурочный план 0 класс Дауысты дыбыс

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық.Дауыссыз дыбыстар

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: сауат ашу жұмысына даярлық жүргізу. Сауат ашуға арналған "Сауат ашу. Әліппе - дөптер" оқу құралымен таныстыру. Дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру. Дыбыстар мен әріптердің айырмашылығын меңгерту.Дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде түсінік беру.

2.Тәрбиелік:Белсенді қызығушылығын дамыту, имандылыққа тәрбиелеу. Сөйлеу мен қарым-қатынас мәдениетін үйрету. Баланың рухани өсуіне басшылық жасау.

3.Дамутышылық : Баланың ойлай білу және өзіндік пікір айту қабілетін дамыту

Әдіс-тәсілдер: ойын, көрнекілік, сөздік, практикалық.

Көрнекілігі: ойыншықтар, компьютер. "Сауат ашу. Әліппе - дәптер".

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Ұстаз сабақты ойыннан бастайды. Үрленген шарды балаларға кезекпен лақтырады, шарды ұстаған бала атын айтады. Шар жарылғанша ойын жалғаса береді.

"Пах", деп, жарылған шардың дыбысы естіледі.

Тәрбиеші: балалар назарын өзіне аударып, олардан не естігенін сұрайды.

- Дыбыс естідік, - деп жауап береді.

- Дұрыс, сендер дыбыс естідіңдер. Бірақ дыбыстар әр түрлі болады.

Әтеш: "Ку-ка-ре-ку" - деп шақырады, сиыр: "Мө-ө-ө" деп мөңірейді, ешкі: "Мө-ө" - деп маңырайды, қаз: "Ға-ға-ға" - деп қаңқылдайды т.с.с.

Дыбыстарды айтамыз, естиміз.

Тәрбиешімен бірге балалар әтеш секілді, сиыр секілді, қаз секілді дауыстар шығарып, дыбыстарды қайталап айтады.

Ұстаз: Егер А - А - десек, оны ұзақ созып айтуға болады, дауысымыз еркін шығады. Қане, бәріміз қосылып "А" дыбысын қайталап айтып көрейікші.

Балалар. "А-а-а-а" деп қайталайды.

Ұстаз: А дыбысын ауызды ашып, әндетіп те, созып та, айғайлап та айта аламыз. Аузымызда тіл, тіс ешнәрсе кедергі жасамайды. Дәл осылайша айтылатын дыбыстарды дауысты дыбыс дейміз. Дауысты дыбыстарды қызыл текшемен белгілейміз.



© 2010-2022