Ертеңгілік: Құтты болсын жаңа жыл

Раздел Другое
Класс 13 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Викторовка ауылы

«Айгөлек»б\б

Ертеңгілік




«Құтты болсын жаңа жыл»

Ертеңгілік: Құтты болсын жаңа жыл





Өтізген: Буршахбай.А


2015 - 2016 оқу жылы

Құтты болсын, Жаңа жыл!


Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Қоян, Клоун,Аққала, балалар, ата - аналар..
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығындар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайсын. Басталады, басталады, жаңа жылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі - екіден кіреді)

Жүргізуші: Амансын ба халайық?
Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейік
Көңілімізді көтерейік
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұжымдар, ата - аналар! Сәлеметсіздерме, балалар. Сендер бүгін, сәнді иініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде ормандағы аңда, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсыалуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән: «Тоғайда туды жас шырша»
Жүргізуші:Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар:Шырша!
Жүргізуші:Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кімбізге шыршаға арналған тақпақтарын кім айтып береді екен?
Санжар:
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойын шығын балалар,
Шыршаға әсеміліпті.
Марғұлан:
Әсем шырша сәнденген,
Өзаңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.
Алмас:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұржараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Жүргізуші:Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар! (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бір деңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз.Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады.)
Клоун:Амансыңдарма, балалар! Иә, бұл менмің. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы

алайыншы, сендер мен бірге қызықты ойынды ойнайыншы!

Ертеңгілік: Құтты болсын жаңа жыл



Ойын: «Қар лақтыру»(дөңгеленген қағаздарды қатысушы балалардың алдына қояды және шелекті оларға қарсы қояды қарды шелекке дәлдеп лақтырады).

Жүргізүші: Балалар бізге енді кім жетіспейді.(Ақ қала)

Ертеңгілік: Құтты болсын жаңа жыл

Олай болса кәне жұмбақ шешіп көрейік.

Жасыл ине киімім

Жайлаймын тау биігін

Жаңа жылды тойласан

Төріндемін үйінің

(Шырша)

Шелек қалпақ басымда

Сәбіз екен танауы

Қыста қардан туатын

Тауып көрші сен осы

(Аққала)

Тоңғақты таниды

Беті қолын қариды

(Аяз)

Қыста ғана болады

Ұстасаң, қолың тонады

(Қар)
Жүргізуші:Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетіспейді?
Балалар:Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші:Кәне, ондаАязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар:Аязата, Аязата (деп 2 ретайтқанда, есікашылады да, Қоян кіріп келеді.)
Қоян:Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарын ды жыртып жатырсыңдар?!
Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсын? Әдепті адам алдымен амандасады дегенді,білмейсіңбе?
Қоян:Білсем бұйырмасын!
Жүргізуші:Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?
Қоян:Жоқ.
Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? БізАязатаны шақырып едік қой?!
Қоян:Ал, менімерекеге неге шақырмайсындар? Аязата сендерге бәрі бір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха - ха - ха (деп секіреді)
Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсызс қандай жаңа жыл келмек?
Қоян: Ә, бәлем, солайма екен! (осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Қоян тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата - аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды )
Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.
Жүргізуші:Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!
Балалар: Аязата, Ақшақар!

Ертеңгілік: Құтты болсын жаңа жыл
Аязата:Естіп жатырмын, естіп жатырмын,
Келе жатырмын, келе жатырмын
Жаңа жылдарыңмен,
Жаңа жылдарыңмен!
Балаларым, балғыным,
Өмір гүлім, шаоғыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің ден - саулығың.
Амансың ба, ұлдармын,
Аппақ ару қыздарым?
Мен сендерге әкелген,
Құтты болсын жылдарың!!!
Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздеріміз бен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуантбізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар:Қуант бізді,таңырқат шамдарыңды жарқырат. (қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды.
Аязата:Балалар, менің қарша қызым қайда жүрекен, кім тауып береді екен маған?
Аррайан:
Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
Ортадатұр Ақшақар,
Көптен күтіп сағынып.
Марғұлан:
Жүзімізг екүлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Аязата:Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтар дан кейін кідір емес. Клоун балам, сыйлықтарын берейік тақпа қайтқан балаларға.
Жүргізуші: Аязата, мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді?
Ертегідей орманнан
Көктей өтіп келеді.
Сұңқар бойлы бірсұлу
Табынаршы, атыкім?
Балалар:Ақшақар! (музыкаменАқша қаркіреді)
Ақшақар:Сәлеметсыңдарма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім - ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлушырша!

Жүргізүші: Ақшақардың құрметіне бір ән айтып берейік.

Би: «Ұлпа қарлар»

Ертеңгілік: Құтты болсын жаңа жыл

Ән: «Шырша жыры»

Ақшақар:

Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар! Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр....
Балалар:Жаңа жыл!
Ақшақар:Қызыл мұрын, ақ мұртты білсеңатын тез ата, келедібізге.....
Балалар:Аяз ата!
Ақшақар:Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі....
Балалар:Әдемі!
Ақшақар:Көңілсіз бір бала жоқ, ойын - күлкі таралсын.
Құтты болсын....
Балалар:Жаңа жыл! (3 рет)
Би: «Фексики»

Ертеңгілік: Құтты болсын жаңа жыл

Ән: «Аяз ата»

Би: «Флешмоп»

Ертеңгілік: Құтты болсын жаңа жыл


Аязата: Бәрекелді, ал, енді балалар тақпақтарын айтып берсін.
Марғұлан::

Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Амир:
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Тамерлан:
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Ертеңгілік: Құтты болсын жаңа жыл

Асанәлі:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Антон:
Дед Мороз пришел на праздник

В красной шубе, в валенках

И в мешке принес подарки

Для детишек маленьких

Клоун: би билетеді.

Радмир:

Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр,

Тақпақ айтқан балаға

Сыйлықтарын беріп тұр

Жасмина:

Аяз ата келіп тұр
Сыйлықтармен өзі тұр
Ап аппақ мұрты бар
Өзі қатты тонып тұр

Мақсим:
Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.
Шынғыс:
Аяз ата қандайсын

80 дегі шалдайсын

Өтірік сақал тағып ап

Неге бізді алдайсын
Жансая:
Қандай әсем шартарап!
Шаттық күйге бөлеп тұр.
Кәмпиттерін арқалап,
Аяз ата келіп тұр.

Аррайан:
Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны

Оралама ол енді

Айтар едім өлеңді

Жылдамырақ келсе екен

Бізге ойыншық берсе екен

Ертеңгілік: Құтты болсын жаңа жыл

Люда:

Тамаша сый алып

Келді Аяз атамыз

Шаттанып қуанып

Шырқап ән айтамыз

Алмас:

Келіңдер, келіңдер

Тақпақ айтып беріндер

Жомарт Аяз атадан

Сыйлық алып көріндер

Никита:

Наша елка высока

Наша елка велика

Выше мамы, выше папы

Достает до потолка

Злата:

Это кто в мешке принес

Шишки и хлопушки

Это добрый Дед мороз

Дарит нам игрушки

Нұрәлі:

Аяз -ата ақ сақалды,

Ақ таяқты паң ата,

Асып өтіп асқар тауды

Жеттің бізге таң ата

Алмас:

Қайда қызық думан болса,

Аязата сонда болды.

Балалармен бірге ойнап

Балалармен бірге қонды.

Ата - аналар мен ойнау

Ойын: «Түймелерді түймелеу»
Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз «Жаңа жыл!» әнін жақсылап айтып жіберейік, Аязатамызбен Ақшақарымызбен, Жаңа жыл бар, Клоун бәріміз!
Ән: «Жаңа жыл!»
Аязата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.
Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.
Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Аязата:
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.
Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар, балалар

Жүргізүші:Бүгінгі біздің Құтты болсын, Жаңа жыл атты ертеңгілігіміз аяқталды .Жаңа жылдарыңыз құтты болсын,денсаулықтарыныз мықта болсын, жұмыста табыстарыныз табысты болсын!

Ертеңгілік: Құтты болсын жаңа жыл










© 2010-2022