Конспект по казакскому языку на тема Қазақ хандығына -550 жыл

Тақырыбы: Қазақ хандығына 550 жыл Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру.Қазақ хандығы жайлы білімдерін кеңейту.Өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.Белсенді ой-өрісін, сөздік қорын, тілін, өмірге деген көзқарасын дамыту. Отаншылдыққа. бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: хандар суреті,интербелсенді тақтада слайд жұмыстары,шарлар Іс-шараның барысы. Қанатты сөз: Отан! Отан! Бәрінен биік екен, Мен сені мәңгілікке сүйіп өт...
Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тақырыбы: Қазақ хандығына 550 жыл

Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру.Қазақ хандығы жайлы білімдерін кеңейту.Өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.Белсенді ой-өрісін, сөздік қорын, тілін, өмірге деген көзқарасын дамыту. Отаншылдыққа. бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: хандар суреті,интербелсенді тақтада слайд жұмыстары,шарлар

Іс-шараның барысы.

Қанатты сөз:

Отан! Отан! Бәрінен биік екен,

Мен сені мәңгілікке сүйіп өтем.

М.Мақатаев

Жүргізуші: Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.

/Қ.Р. Әнұраны орындалады./

Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары - Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді

Рухы мен тілін жанындай сүйген,

Адамдар неге санаулы?

Ұлт үшін дәуір отына күйген,

Аталар болды алаулы.

Армандай асқар,

Жолдарға бастар,

Ісіңнен ұрпақ от алар.

Қалмайсың көштен,

Шықпайсың естен,

Тағдыры шыншыл аталар.

Олай балса барлығымыз біргелікте мына бір көрніске назар аударайық.

Жүргізуші:

1465-1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта-үмітін жүзеге асырды. Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.

Олай балса мектебіміздің 8-сынып оқушыларының жазған шығармаларына кезек берейік

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

Жүргізуші: Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты.Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.

Ғасырдың құрдасы,

Ақындар жырлаған,

Көненің сырласы

Тарихты тыңдаған.

Шежіре шертеді,

Көшесі, әр тасы,

Ғажайып ертеңі,

Жетісу алқасы.

Ежелден ел мақтаны, жыр дастаны,

Арайлы шуақ тұнған нұрлы аспаны,

Атанған жер жаннаты, Жетісуым

Ақынның өзіңменен сырлас жаны.

Жетісудың оңтүстік батысындағы Қозыбасы тауы мен Үшқоңыр жайлауы Керей ханның жайлауы болса, Елбасымыз Н.Назарбаевтың да әнге қосқан туған топырағы.

Ән «Үшқоңырым»

Жүргізуші: Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Керей мен Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқығы болды. Сол кездегі тәртіп бойынша хан тағына отырғызарда мұрагерлікпен қатар, жасының үлкендігі де ескерілген. Сондықтан таққа Керей отырды.Ал ақылдасар тірегі Жәнібек болды. Керей ханнан кейін таққа Әз-Жәнібек отырды.

Жәнібек хан боп тұрды орнын басып,

Өнері Керей ханнан тұрды асып.

Ел жігін, жердің шетін қолына алып,

Халқына әділдіктен үлгі шашып.

Не қиын мәселеге жауап тапты,

Ақылдың бітіп жатқан көзін ашып.

Ортаға мектебіміздің 9-сынып оқушыларын шақырамыз

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жүргізуші: Керей мен Жәнібектен кейінгі хандар да мемлекет іргесін нығайтып, туған халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, хандықтың туын жықпауға тырысты. Жәнібек ханның ұлы Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгілі болды. 1680-1715 жылдары хан болған Әз -Тәуке көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіретті хан болды.Тәуке ханның өзіне дейінгілерден айырмашылығы-хандықты ерекше әлеуметтік топты құрайтын билердің көмегімен өз үстемдігін нығайтты.

Аталып Тәуке хан боп ел биледі,

Айырмай жарлы, бай деп тең биледі.

Артық қайрат, тапқыр ой болғандықтан,

Ешкім деп айта алған жоқ кем биледі

Интербелсенді тақтадағы мына екінші көрніске назар аударайық

Жүргізуші: Абылай хан өз заманының көрегенді,ақылды саясаткері, даңқты батыры, өткір ойлы дарынды дипломаты болған. Ол өзінің білгір ішкі, сыртқы саясатымен Қазақ хандығын мықты да біртұтас мемлекетке айналдырды. Қазақ халқының мерейі мен рухын көтерді.

Күңіреніп ойлағанда Алаш жайын,

Жанымды орай берсе ұлы уайым,

Кеудемде күннің нұры толғандай боп

Жырлаймын алты алаштың Абылайын

Ортамызға мектебіміздің 10-сынып оқушыларын шақырамыз

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жүргізуші: Көне «Күлтегін» ескерткішінде «Елін елдікті етті, жауын бейбіт етті» деген сөздер бар екен. Осы тасқа қашалған сөздер Керей мен Жәнібек хандарға, Дінмұхаммед Қонаевқа, Елбасымыз Н.Назарбаевқа айтылғандай

Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ халқының маңайына біткен ұлы тұлға, қайталанбас аса ірі мемлекет қайраткері Д.А.Қонаев. Бүкіл әлем санасқан алып империя КСРО -дай алпауыт мемлекеттің құрамындағы Қазақстан Республикасын ширек ғасырдан астам уақыт басқарған кемеңгер басшы елі үшін, ұлты үшін артында қаншама игілікті істер қалдырды. Арманы асқақ еліміздің ұлы көшін халқымыздың ардақты перзенті, әлемге әйгілі саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жарқын болашаққа, кемел келешекке бастап келеді.

Қазақ хандығы - біздің елдігіміздің түп-тамыры.Тәуелсіз Қазақстан халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырды

Беу, азаттық, киелім орның көкте,

Мен Тәуелсіздік гүлдерін үстіп өпкем.

Еңбек пен білімі тасқындаған,

Біз жетейік сол елге күшті көппен.

Оң шапақты шадыман Тәуелсіздік,

Сен үшін біз талай жыр, әуен сыздық.

Мәңгілік Ел шырағы сөнбейтіндей

Көрінетін болайық әлем-үздік.

Мәңгілік елге жеткізетін тек қана Нұрлы жолдар екенін есімізде ұстайық!

Бабалар жазған ұлы тарихы бар,Нұрлы жолы бар менің халқым -Ұлы халық.

Ән «Атамекен»



«Манашы орта мектебі» ММ





Қазақ хандығына 550 жыл

Мектепішілік іс-шара 8-10 сыныптар арасында



Өткізген: Құттымұратова Д

Алешова C



2015жыл




© 2010-2022