Баяндама Ыбырай Алтынсариннің туғанына175 жыл

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Егизбекова Р. С.

Жоғары біліктілік деңгейінің 2 санаты, екінші (негізгі) деңгей

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«№116 Тобыл орта мектебі» КММ

Тобыл кенті

Қазақстан Республикасы

Ыбырай Алтынсариннің 175- жылдығына арналған «Педагогикалық ойлардың үндестігі» туралы ойларын енгізу бойынша өз тәжірибемді көрсету.

«Халықтың кемеліне келіп өркендеу үшін,

Ең алдымен азаттық пен білім керек.»

Шоқан Уәлиханов

Әр халықты болашаққа бет алған тарихи даму жолында өшпес жұлдыздай болып есімі ерекше аталатын ірі тұлғалары болады. Соның бірі қазақ даласында өмір сүрген, қазақ халқының данасы, дара ұстазы- Ыбырай Алтынсарин. Өз заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог, қазақ балаларына білімнің кілтің ұстатып, қазақ балалары білім, ой, нәр алсын деп, жан сезімі, намысы оянсын деп, мұратқа жетсін деп, тұңғыш педагог қазақ даласында алғашқы мектеп ашатын болды. Өнер- білімнің қандай жолға апаратын, біз өзіміз қандай мақсатқа жететінімізді өз көзбен көріп паш еткен дара ұстаз.

Ыбырай Алтынсарин айтқандай,

«Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқалаған.

Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңнен бар дертіңді қашырады.

Өксіген оттай жанып жануарлар,

Өзеннен рақат тауып басылады.» ,

мұғалімде өз тәжірибесінде осы өлең жолдарын еске түсіріп енгізу тиіс. Мұғалім деген аты текке берілмейді, оны «Бала тәрбиесі бесіктен», деп тәжірибемен алмасып отыру керек тек қана, содан кейін өз жетістіктерді де, кемшіліктерді де көретін боласың. Өйткені тәжірибемен алмасып жатқанда, мұғалім өседі, биіктен көрінеді. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай

«Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қайсар жандардың аруағының алдында қашанда қарыздармыз.»

Осы Ыбырай Алтынсариннің аруағы алдында қарыздармыз, өйткені ол бізді оқуға шақырып, қазақ балалары үшін мектеп ашып, бізді біріктіріп, қараңғылықтың не екенін біліп, күн сәулесіне көз ашып, білім не екенін түсіндірді, білімнің маңыздылығы мен қажеттілігін көрсетті. Өзге ұлт өкілдеріне қарап, намыстанып, сол елдердің мәдениетінен үлгі алып, жастарды білім алуға шақырады:

«Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңдар, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегінің алдыңнан,

Іздемей- ақ табылар.»

Дүниедегі ең ескірмес мұра, сарқылмас өнер- білім деп бізге түсіндіреді. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларының өзекті тақырыбы өнер, білім, еңбек, тәрбие болды. Ол адамның жақсы және жаман қасиеттерді жас ұрпаққа ұқыптылық, адамгершілік арқылы жеткізеді. Адамгершілік қасиеттерді «Шеше мен бала», «Бір уыс мақта», «Мейірімді бала», «Әдеп», «Әділдік» деген шығармаларынан көруге болады. Ал «Байлық», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы» атты әңгімелер жастарды еңбекке баулиды. Қазақ балаларына, қазақ халқына арнап «Қазақ хрестоматиясы» атты кітапты тұңғыш рет қазақ тілінде шығарады. «Бұл кітап жасөспірімдерге ғана емес, сонымен бірге жалпы халыққа арналады», деп жазды Ыбырай. «Қазақ хрестоматиясын» оқып жатқан адам тіл жағынан, ойы терең екенін білінеді, осы кітапта педагог ой тастайтын көрінеді, көңілге назар аударып, терең де маңызды шығармалар енгізді. Өйткені сол кездегі халық ғылымға емес, өлеңге, әңгімеге жақын болған, сондықтан «Қазақ хрестоматиясын» ой- санасына негіздеп шығарған. «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде бай баласы Асанды жарлы баласы Үсенмен салыстырып суреттеп отыр. Үсен - қиыншылықтарды көрген бала, сол қиыншылықтардан шыға білген бала, көздері қорықса да, қолдары еңбекеткен. Ал Асан байдың баласы болғасын жалқау, жарлы Үсенге қарсы болды. Осы шығарма арқылы Ыбырайдың балаларға айттатын ойы еңбексүйгіштікке, қиындыққа төзе білуге, ақылдыққа, өнерге тәрбиелеу. «Әке мен бала» әңгімесіндегі басты кейіпкерлер де бір- біріне бөтен адам емес, әкесі мен баласы. Бұл әңгімеде жазушы бір ғана әкесі арқылы ата- ананың қадірін балаға тәрбиелік мәнімен көрсетеді. «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың»,- деп балаларды, жасөспірімдерді жалқаулыққа қарсы тұруға шақырады. Міне осы әңгімелерден Ыбырайдың ұстаздық тұлғасын анық көруге болады. Осы әңгімелерін бізге жеткізуге мақсат қойған,сондықтан шығармалары анық та, түсінікті де.

«... Мал- дәулеттің байлығы

Бір жұтасаң жоқ болар,

Оқымыстың байлығы

Күннен- күнге көп болар»,-

деп, мал дәулетті өнер- білімге қарсы қояды. Тіршілікте мал- мүліктен гөрі өнер- білімнің маңызы күшті деп түсіндіреді.

«Табиғат адам үшін жаралыпты,

Бар қызық табиғаттан таралыпты»,-

деп, Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай , адам мен табиғат егіз.

«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың мұны айтар тілі жоқ»

дегендей, табиғатсыз өмір сүру мүмкін емес. Табиғат- адам баласының өмір кешетін тіршілік ортасы. Табиғатқа өлең арнамаған бірде- бір ақын жоқ, соның бірі- Ыбырай. Ол табиғатқа арнап «Өзен» өлеңін жазады.Бұл өлеңнен тіршілік ететін, жомарт бейнесін көз алдымызға келтірмек болмақпыз.

«Адам досымен мықты,

Ағаш тамырымен мықты,

Жапырағымен көрікті»

Айтқандай өзен де өзінің сабдырлап бір қалыпты аңауымен, тіршіліктің көзі болып саналады. Оның адамға әкелген сый- құрметі де өлшеусіз.

«Тас таста, алтын таста сынамаққа

Сонда да аққан өзен қалыбында»,-

деген жолдарында мен өзінмен деп тасымайды, «Сен де сол сияқты бол, асып- тасыма, істеген жақсылығың үшін ешкімге міндет етпе» деген ойды көруге болады. Міне, бұл өлең адамның жақсы көңіл күйін білдіретін қарапайым өлең сияқты болып көрінгенімен де, мәні теренде жатқан, жастарға үлгі- өнеге, тәлім- тәрбие беретін қаншама ой жатыр. Сондықтан, біз бұл өлеңнен де Ыбырайдың ағартушылық, ұстаздық көзқарасын анық көреміз. Сонымен, қорытындылай келе Ыбырай Алтынсарин ізгелік отын адал жүрегінде мәңгілік із қалдырған, жарық жұлдызға айналған, өнер- білімге шақырған, қараңғы қазақ халқының көзін ашып, намысын оятып, ақындық шабытына дем беріп, жазушылық қызметіне маңыздылығын беріп, қазақ халқының жүректерінде мәңгілік із қалдырған.

«Құлагер- аттың тұлпары.

Жанына еліміздің жылқы жаққан.

Жылқыға жетпеген көз жалтаң қаққан.

Мінсең- ат, ішсең- қымыз, жесең- қазы,

Қашаннан қазақ халқы жылқы баққан.

Атты артық көрген елміз мінген татқан.

Қызық- ақ біздің бәйге қырда шапқан

Шыдарма қазақ жаны ұшып кетпей.

Аттарға шаң шығарып келе жатқан.»









Пайдаланған әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы(үзінді)

  2. Ыбырай Алтынсариннің өлең жолдары

  3. Сұлтанмахмұт Торайғыров(үзінді)

© 2010-2022