Урок по казахскому языку Еріндік және езулік дауысты дыбыстар

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты:Қазақ тілі
Күні
:11. 02. 2015 ж.

Сынып: 5 «Ә»

Сабақтың тақырыбы:«Еріндік және езулік дауысты дыбыстар»

Сабақтың мақсаты: а) Еріндік , езулік дауысты дыбыстардың жасалуы мен айтылуы жолдарын түсіндіру. Сабақ барысында ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Білімдерін тереңдету.

ә) ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;

б)Ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері:ойын элементтері

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,тірек сызба

Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті,экология

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

1.Оқушылармен сәлемдесу.

Мұғалім:

«Бүгінгі сабағымыздың мақсаты еріндік және езулік дауысты дыбыстарды меңгеру болып табылады.

Қазақ тілі-өз тілім,ана тілім.

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым дара тілім-деп анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді құрметтеп,бүгінгі сабағымызды бастайық.»

2. Оқушылар «Шаттық шеңберін» құрады. Осы сәтте «Сәлемдесу» ойыны. «Ал,балалар қазір біз бір ойын ойнаймыз. Бір - бірлеріңмен сәлемдесіңдер : көзбен,қаспен,баспен,қолмен,аяқпен,иықпен,өкшемен,тіземен».

3.Оқушылар құмырада тұрған түрлі-түсті гүлдерді алып,бірі екіншісіне мақтау сөздер айтып,гүлін ұсынады.

4.Қолындағы гүлдердің түсіне қарай оқушылар 4 топқа бөлінеді.

Мұғалім:«Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі мейірленеді. Шала мейір шала байқайды.Сондықтан бәріңе шын ынта-ықылас және сәттілік тілеймін».Оқушылар «Өмір ағашынан» өздерін көрсетеді.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Сөйлейтін әліппені қосып әріптерді қайталап еске түсіру арқылы қызығушылықтарын ояту.

«Аулымызды көгалдандырайық!» ойыны.Ауылдағы көше бейнеленген қағазға сұрақтарға жауап бере отырып,ағаштарды жабыстырады.Осыған байланысты қандай мақал білетіндерін сұрау.

Сұрақтары:

1.Фонетика нені зерттейді?
2. Қазақ әліпбиінде барлығы неше дыбыс бар?
3. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?
4. Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?
5. Дауысты дыбыстар нешеу? Неше түрге бөлінеді?
7. Жуан және жіңішке дауыстылар қалай жасалады?
8. Ашық және қысаң дауыстылар қалай жасалады?

9.Лексика дегеніміз не?

10.Буыннның неше түрі бар?

11.Ашық буын дегеніміз не?

12.Тұйық буын дегеніміз не?

Ойынға қатысып,сұрақтарға жауап берген оқушыларға алтын себетттен құлпынайлар беріледі.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Еріндік және езулік дауыстылар слайд арқылы көрсету.

Дауысты дыбыстардың жасалуы кезіндегі ерін мен езудің қалпына қарай олар еріндік және езулік болып бөлінеді.

Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз.Еріндік дауыстылар мыналар:о,ө,у,ұ,ү.

Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атаймыз.Езулік дауыстылар мыналар: а,ә,е,э,ы,і,и.

Ерін қатысына қарай Езулік Еріндік

Иек (жақ) қатысына қарай ашық қысаң ашық қысаң

(жасалу орнына) қарай

Тіл қатысына қарай

(жасалу орнына) қарай

Жуан а ы(и) о ү(у)

Жіңішке Ә,е і(и) е ұ(у)


Урок по казахскому языку Еріндік және езулік дауысты дыбыстарУрок по казахскому языку Еріндік және езулік дауысты дыбыстар

Урок по казахскому языку Еріндік және езулік дауысты дыбыстарУрок по казахскому языку Еріндік және езулік дауысты дыбыстарУрок по казахскому языку Еріндік және езулік дауысты дыбыстарУрок по казахскому языку Еріндік және езулік дауысты дыбыстарУрок по казахскому языку Еріндік және езулік дауысты дыбыстар
Тақтаға күннің жадынын жазып қою.


247 - жаттығу.
Төмендегі жұмбақ өлеңдердің шешуі қай дауысты дыбыстар екенін табыңдар.
Осы тәрізді жұмбақ өлең шығарып көріңдер.(Әр топ өз өлеңдерін шығарып оқиды.)

«Ауламызды қоқыстан тазартайық!» ойыны.Қоқысқа толы ауланың суреті берілген.Оқушылар интерактивті тақтада көрсетілген бұрыс сұрақтарға дұрыс жауап бере отырып,ауланы қоқыстан тазартады.

1.Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар дейміз.
2.Дауысты дыбыстар жақтың ашылуына қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді.
3.Дыбыс-әріптің жазудағы таңбасы.

4.Қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән 12 дыбыс бар.
5.Қазақ тілінде 42 дыбыс бар.
6.Ашық дауыстылар еріннің дөңгеленіп,алға қарай жылжуы арқылы жасалады.
7."У" тек қана жуан дауысты дыбыс.
9.Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және жабық деп бөлінеді.
10.Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар дейміз.

11.Езулік дауыстыларға алдында жазылған еріндік дауыстылар әсер етпейді.

12.Дауысты дыбыстар мұрынның қатысына қарай түрге бөлінеді.

Сергіту сәті:Оқушылар видеороликтен «Мен қазақпын» әніне билеп сергіту сәтін орындайды.

4топқа сөздер беріліп тақтаға фонетикалық талдау жасалады.
I топ-«Мектеп»

II топ-«Табиғат»

IIIтоп-«Отан»

IVтоп-«Еркіндік»

248-жаттығу. Өтірік өлеңдегі езуліктерді теріп жазу.

Бота отырып шіреніп,

Борсық айдап кемені.

Бытпылдықтап бір елік,

Бура мініп келеді.

Үлгерімі төмен оқушыларға жеке тапсырмалар:

«Домино» ойыны әр топтан бір,екі оқушыға ішінде адасқан әріптері бар конверт ұсынылады.

IV.«Мектебімізді гүлдендірейік!» ойыны.

Ойын шарты: Әр топ бірыңғай ашық,қысаң,езулік және еріндік дауыстылары бар есімдерді атап,гүлді, ағашты, көбелекті мектеп суретінің жанына жабыстырады.

Интерактивті тақтада сурет беріледі.Ал,төменде сол мәтінге қатысты сөздер жазылған.Әр топ мәтінге қатысты сөздерді теріп жазады.Сонымен қатар бірыңғай еріндік,езулік дауысты дыбыстар кездесетін сөздерді тауып айтады.

V.«Елімізді көркейтейік!»ойыны.

Суретте Қазақстан картасы берілген.Бірыңғай езулік немесе еріндік дауыстылардан басталатын сөздерден , әр адамның Отан,туған жерге қосар үлесі жайында сөйлемдер құрау.

-Балалар,біз бүгін сабақта не істедік?

-Біздің сабағымыз не жайлы болды?

-Сабақ сендерге ұнады ма?

-Ал,ендеше балалар өздеріңнің сабақтан қандай әсер алғандарыңды мына «Өмір ағашынан» белгілеңдер.

VI.Үйге тапсырма беру

109 бет,249-жаттығу.Ережелерді қайталау.

VII. Бағалау












Тілдің қатысына қарай

Жақтың қатысына қарай

Еріннің қатысына қарай

Жуан

Жіңішке

Ашық

Қысаң

Еріндік

Езулік

а,о,ы,ұ,у

ә,е,и,ү,і,ө,у




Қазақ тілінде неше әріп,неше дыбыс бар?

Буын ашық және жабық буын болып екіге бөлінеді

5


© 2010-2022