Урок казахского языка в 10 классе Жарнама

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы

Жарнама 10 сынып 09.02.15

Сабақтың жалпы мақсаты

Зат есім бөлімінен өтілген білімдерін еске түсіріп, пысықтау, жарнама туралы білу, әңгімелеуді үйрету.

Мемлекеттік тілде еркін сөйлеу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту; жарнама мәтіндерін құрастыруға жаттықтыру;
Ұлттық жарнама жасауға, ұлттық құндылықтарды жарнамалауға баулу.

Әдіс-тәсілдер

Блум таксономиясы, диалог,жеке жұмыс, топтық жұмыс, «Өрмекшінің торы» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Нақты жауап» айдары.

Күтілетін нәтижесі

Оқушылар жарнаманың жасалуы және ол туралы әңгімелеуді үйренеді, жаранама туралы түсінік қалыптасады. Түйінді ой қорытынды жасайды.

Уа-қыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дерек көздер, көрнекіліктер

1

2 мин

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру

«Ең жақсы тілек»

Оқушылар бір - біріне жақсы тілектер айтады.

2

2 мин

Топқа бөлу

Оқушыларды топқа бөлу арқылы алдағы сабақтың не туралы болатынын пайымдату, назарларын жаңа сабаққа қарай бағыттау

«Білгір», «Білімді», «Алғыр» деп жазылып тұрған қағазды таңдайды да, өз тобына отырады.

Топ аттары жазылған парақшалар

3

1 мин

Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру

Аты-жөні

білу

түсіну

қолдану

талдау

синтез

бағалау

1 ұпай

4 ұпай

4 ұпай

3 ұпай

1 ұпай

2 ұпай



слайд



4

5 мин

Жаңа сабақтың ашылуы

І.Білу. «Миға шабуыл» әдісі

Бейнетаспаға назар аударамыз. «Дружба» Бұл бейнетаспа не туралы? Жалпы, ақпарат құралдары дегеніміз не?

Қалыптасқан мағынасында ақпарат құралдары ұғымына не кіреді?

Олардың қызметі қандай?

Жарнама қай сөз табына жатады?

Сабақтың мақсатын анықтайық.

Оқушылар өздерінің түсініктері бойынша топтастырады.

Сабақтың мақсатын анықтайды.

Тақырып бойынша білемін,білгім келеді, білдім деген бағандарға стикерлерін іліп қояды.

Плакаттар,

маркерлер

Слайд

5

5 мин

ІІ. Түсіну Балалар сендер «жарнама» деген сөзді естігенде көз алдарыңа нені елестетесіңдер?

Жарнама қандай болу керек деп ойлайсыңдар?

Жарнаманы жасау үшін қандай болу керексіңдер?

Ал, зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?

Оқушылар топ болып тақырыпты талдайды, өз пікірлерін айтады.Жарнама, зат есім туралы, білімдерінің қай дәрежеде екенін көрсетеді.

Слайд

2 мин

ІІІ. Қолдану.Жаңа сөздермен таныстыру. Оқып шығады.Сөз тіркестерін құрастырады.

Интернеттен жарнама туралы мәлімет іздеңіздер.

Топтық жұмыс

Жарнама туралы оқиды.

Планшет, ұялы телефон

13 мин

Топтық жұмыс

Мәтінмен жұмыс.Тапсырмалар.

І топ. Мәтін құрастыру,зат есімді тәуелдеп, септеңдер

ІІ топ. Диалог құрастыру,Зат есімге морфологиялық талдау жасаңдар.

ІІІ топ. Сұрақтарға жауап беріңдер,Зат есімді тәуелдеңдер.

Топтық жұмыс

Үлестірме қағаздар

Слайд

Слайд

7

2 мин

Сергіту сәті

«Кел, билейік!»

Оқушылар бейнероликтегі би қимылдарын музыка ырғағымен жасайды

Интербелсенді тақтадан бейнеролик көрсету

5 мин

ІV. Талдау

Оқушылармен бірге сабақты талдау.

І топ. Жарнама құрастыру

ІІ топ. Сұхбат алу

ІІІ топ. Бес жолды өлең құрастыру.

Әр топ өз тапсырмаларын орындайды.

Суреттер

Слайд

3 мин

V. Синтез

«Нақты жауап» айдары:

Жарнама туралы түйінді идея.

Өз тауарыңды сатар алдында жарнама жасаушы ма едің?

Басқа қандай жолдармен сатар едің?

Жарнаманың орнына басқа не ойлап табушы едің?

«Өрмекшінің торы» әдісі бойынша қорытынды жасау

Оқушылар «Өрмекшінің торы» әдісі бойынша өз ойларын жинақтайды.

Әр топ бір-бір сөйлемнен өз идеяларын айтады.

Тоқыма жіп

3 мин

VІ. Бағалау

Бүгінгі сабақ сендерге түсінікті ме?

Түсінбеген, сендерге қиындық тудырған сұрақтар бар ма?

Блум таксономиясы бойынша бағалау парақшасын үлестіру.

Аты-жөні

бі-лу

түсі-ну

қол-дану

талдау

жи-нақтау

баға-лау

Оқушылар стикерлерді жабыстыру арқылы бүгінгі сабақты бағалайды

Бағалау шкаласы

«5»-12-15 ұпай

«4»- 9-12 ұпай

«3»-5-8 ұпай

2 мин

Кері байланыс жасау. Білемін,блгім келеді, білдім (үйрендім)

Үйге тапсырма

Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.

Оқушылар тақырыпты түсінгендері немесе түсінбеген жайлы стикер арқылы білдіртеді.


© 2010-2022