5сынып. сабақ жоспары. Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрлері

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі

  2. Сыныбы: 5 Тексерілді

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: І

Сабақтың тақырыбы: Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрлері

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың әдеби тіл және оның түрлері бойынша алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

  2. Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке, достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту.

Сабақтың типі: бекіту

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау,жаттығу, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Әдеби тіл туралы түсінік.

  2. 7,8-жаттығулардың орындалуын тексеру.

ІІІ. Бекіту сабағын өткізу.

  1. Оқулықпен жұмыс.

9-жаттығу

«Сөз» қай жерде қандай мағынада қолданылып тұрғанын айтыңдар.

ауыс тура

  1. Жиналыста Марат сөз алды. 2. Сөз соңында айтарымыз-елдің,

ауыс ауыс

халықтың бірлігі. 3.Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел. 4. Сөз сүйектен

ауыс ауыс

өтеді, таяқ еттен өтеді. 5. Сөз қуған пәлеге жолығады. 6. Өлең-сөздің

тура

патшасы, сөз сарасы. 7. Көркем сөз- көрікті ойдың жемісі. 9. Жақсының

ауыс

соңынан сөз ереді.

10-жаттығу

Қалай ойлайсыңдар, сөйлеу түрлерінің (ауызша сөйлеу, жазбаша сөйлеу) қайсысы бұрын шыққан?

Өздеріңнің тілді үйрену тәжірибелеріңді ескере отырып жауап беріңдер.

Үлгі: Меніңше, ең әуелі… сөйлеу пайда болған да, содан кейін… сөйлеу шыққан. Себебі…

11-жаттығу

Өзің жазған шығарманы ата-анаңа оқып бердің делік. Осы жерде сен сөйлеудің қай түрін қолдандың? Неге?

12-жаттығу

Телехабардағы диктор сөзін тыңдағанда, «Ұлан» газетінде жарияланған мақалаларды оқығанда, біз тілдің қай формасын қабылдаймыз? Ойыңды дәлелде.

ІV. Үй тапсырмасын беру:

  1. 14-жаттығу. Қосымша 10 тыйым сөз жазу.

  2. «Менің сүйікті кітабым» тақырыбына шығарма жазу.

V. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VI. Сабақтың аяқталуы.


© 2010-2022