«Ұстаз - мектеп жүрегі»

« Ұстаз - мектеп жүрегі»Ұстаздар мейрамына арналған  мерекелік шара 1.      Пролог.  Сахнада ескі үлгідегі мектеп партасы және бутафор портфель тұрады.  Оқушылар мектеп сөмкесін асынып шығып, сабақ үстіндегі сәттен тақырыптық көрініс көрсетеді. Мұғалима балаларға сабақ өткізіп жатқан сәті, оқушылар арасынан кішкентай қыз партаға отырып ұйықтап қалады. Балалар бутафор портфельді көтере алмай әрең кулиса сыртына алып кетеді. Сабақ аяқталып балалар сыныптан шығып жатқанда мұғалима кішкентай оқушы ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« Ұстаз - мектеп жүрегі»« Ұстаз - мектеп жүрегі» Ұстаздар мейрамына арналған мерекелік шара

  1. Пролог.

Сахнада ескі үлгідегі мектеп партасы және бутафор портфель тұрады. Оқушылар мектеп сөмкесін асынып шығып, сабақ үстіндегі сәттен тақырыптық көрініс көрсетеді. Мұғалима балаларға сабақ өткізіп жатқан сәті, оқушылар арасынан кішкентай қыз партаға отырып ұйықтап қалады. Балалар бутафор портфельді көтере алмай әрең кулиса сыртына алып кетеді. Сабақ аяқталып балалар сыныптан шығып жатқанда мұғалима кішкентай оқушы қызды қолынан жетектеп алып шығады.

  1. Диктор даусы:

Күнделік пен жанында жүр қаламы

Кітап, дәптер, парта, тақта сабағы

Шәкірттері портфельдерін асынған

Осы емес пе ұстаздардың қалауы!

Сахнаға жүргізушілер шығады.

І жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.

ІІ жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы -

І жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі - Ұстаз.

ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың Шолпан
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

І жүргізуші: Иә, Мұрат.
Ұрпақ тәрбиесі - ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

І жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.

І, ІІ жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз

І жүргізуші: А. Байтұрсынов « Әуелі мектепке керегі мұғалім. Ол мектептің жаны» деді..Ал сол мұғалімнің білгенін тоқыта білетін мектептегі сан салалы істерді тындыруға әрқайсысын рет ретімен жұмсап, ортақшыл жұмысқа ұршықтай үйірілте алатын бір адам бар. Ол мектеп басшысы. Олай болса мектеп басшысы Сейлханов Берік Дүйсенғалиұлына сөз береміз. Рахмет, ағай!

Хор: « Алғашқы ұстазыма» 5«ә» класс
І жүргізуші: «Мектеп - білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, Мұрат менің ойымша, кез - келген адам ұстаз бола алмайды.
ІІ жүргізуші: Олай ойлауыңның себебі неде?
І жүргізуші: Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез - келген адамға қона бермейді.
ІІ жүргізуші: Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.

1-Жүргізуші: Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! Алдарыңызда « Ұстазым менің » әнімен 3«а» класс оқушысы Найра

І жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
ІІ жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.

БИ: 3 «а» класс оқушыс Дильназ ( үнді биі)
І жүргізуші: Мұрат, ұстаздық ету - уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау - деген екен ғұлама ағаларымыз.
ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың, Шолпан
Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.
І жүргізуші: Олай болса қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

3 «а» класс оқушылары (Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында шарлары бар)

ІІ жүргізуші: : Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің , 3 «а» класс қыздарының орындауындағы биді тамашалаңыздар..

Би: Манго

І -жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.

9 «а» класс оқушыларының квн командасын қарсы алыңыздар

ІІ жүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам - дей келе ендігі мерекелік құттықтау әнімен 5«ә» класс оқушылары Боранбаева Жұлдыз бен Боранбаева Құндызды қарсы алыңыздар.

І -жүргізуші:

Ендігі кезекті ұстаздар еңбегіне берілген құрмет - марапаттау рәсімімен жалғастырамыз. Ортаға Кәсіподақ ұйымының хатшысы және «НұрОтан» бастауыш партиясы ұйымының төрайымы Шайхина Алтын Жамиовнаны шақырамыз.

ІІ жүргізуші: Білім сеуіп зейіннің тереңіне,

Қуанатын білімді өреніне,

Алғыс пенен құрметтеп басын иіп,

Қол соғады бар әлем мұғалімге.

Қол соғайық, кәнекей мұғалімге!

БИ: 5 «ә» класс қыздары

1-жүргізуші: Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар - дей келе, Оқу ісінің орынбасары Еспанова Л.Х және тәрбие ісінің орынбасары Н.Б Құдайбергеновке сөз беріледі.

2-жүрг. Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана. Ана туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаз-аналар!

«Мама» әнімен Алдабергенова Арайлым.

1-жүргізуші: Ұлылықтың мықтылығы ағашынан,

Қызымыздың күштілігі сабасынан,

Бишінің биші болып атануы,

Үйреткен, тәлім берген ұстазынан, - дей келе 9 «а» класының ұл, қыздарының биін тамашалаңыздар.

Би: Флешмоб

ІІ жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым ата - анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.
І жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын !

Ортада 3 «а» класс, 5 «ә» класс және 9 «а» класс оқушыларының бүгінгі Ұстаздар күніне арнап шығарған флешмобты қабыл алыңыздар.


ІІ-Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

/Көңілді күй, сахнадаоқушылар ұстаздарға біркелкі бас иеді/






Т.Жүргенов атындағы орта мектеп








мерекелік кеш






Өткізген: 3 «а» класс

5 «ә» класс

9 «а» класс

















03.10.2014 ж

© 2010-2022