Утренник для детей на Новый год

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұрланған жаңа жыл.

Қатысушылар:

  1. Күн - ұл. 6. Тұлпар

  2. Ай - қыз. 7. Қошақан

  3. Алдаркөсе 8. Әтеш

  4. Сараң бай 9. Аяз Ата

  5. Мыстан 10. Ақшақар

Залда ата -аналар, устаздар отыр, көңілді әнмен ортаға күн мен ай шығады:

Көрініс 1: Амандасу.

Күн: Бөленді әлем әсем жырға,

Жаңғырады тау да, қыр да.

Ата ана, кішкентайлар

Қош келіпсін жаңа жылға!

Ай: Ақ кілем түскен жерімде,

Той думан бүгін елімде.

Мерекеге күн мен ай,

Келіп сәлем беруде. (күн көкірегіне қолын қойып бас изеді, ай етегін ұстап амандасты)

Күн: Балалар көңіл күйлеріңіз жақсы ма? (Иә)

Мерекені қарсы алуға дайынсындар ма? (Иә)

Аяз атадан сыйлық алуға ше? (Иә)

Ал, мыстан кемпірді жақсы көресіндер ме? (Жоқ) (күн күледі)

Ай: Күн, сен де қызықсын, мыстан кемпірді кім ұнатушы еді?!

Күн: Оның әтеші!

Ай: Күн, сен қазір болатын би жайлы тұрсын ба?

Күн: Дәл солай, кәнеки балалар бәріміз бірге балапандар биін билейік...

Балапандар биі.

Көрініс 2: Ойын ойнау сәті.

Ай: Тамаша!

Күн: Қандай ғажап...

Ай: Күн, байқадың ба? Аяз Ата мен Ақшақар кешігіп жатыр...

Күн: Дұрыс айтасын, қазір келіп қалар... Олар келгенше біз балалармен ойын ойнап тұрайық.

Ай: Қандай ойын?

Күн: Ойын май шам деп аталады.

Ай: А, иә білем. Менің сүйікті ойындарымның бірі. Балар кәне бізбен бірге қайталаймыз...

Күн: Ойын шарты. Мен Жарық десем, сіздер қолдарыңызды жаясыздар. Қараңғы десем қолдарыңызды жинап отыра қаласыздар. Күн десем күліп, түн десем қабақ түйіп, сөн десем былай(жылан биі)

Ойын ойнап болды.

Ай: Керемет. Қандай ақылды балалар...

Күн: Өздері шапшаң, әрі шапшаң екен (импровизация)

Ай: Күн, мерекемізге бәрі дайын, тек оның басты кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақар жоқ.

Күн: Дұрыс айтасын Ай, бірақ олар бізге жақындап қалған секілді, естіп тұрсын ба? Есітіп тұрсындар ма балалар?

Қарша қыздар биі басталды. Бидің аяқталуыңа қарай, Аяз Ата мен Қаршақыз шығады.

Көрініс 3: Аяз ата мен Ақшақардың келуі

Аяз Ата: Амансындар қадірменді тәттіқұмар балаларым!

Ақшақар: Армысыздар ата-аналар, ұстаздар.

Аяз Ата: Аяз ата келіп тұр,

Сендерге сәлем беріп тұр. Хохохохо!

Ақшақар: Шырша оты жанады,

Қуантып әр баланы.

Нұрын шашып маңдарға,

Жарытады қаланы.

Күн: Аяз Ата, шырша шырақтары сізді күтіп тұр.

Ай: Кәне балалар бәріміз бірге аяз атаға шырша шырақтарын жағуға көмектесейік, қайталаймыз

Сиқырлы ән ойналады.

Аяз Ата: Бір, екі, үш,

Жинап алып күш,

Жарқырасың маң,

Шырша оты жан!!! (балалар қайталап отырады)

Шырша оты жанды.

Ақшақар: Жарайсындар балалар!

Алыстан Тұлпардың Аяз Ата! Аяз ата деген дауысы естіледі.

Күн: Осы жылымыздың құтты иесін қарсы алайық.

Ай: Ер қанатты тұлпар келе жатыр...

Ақшақар: Бір жыл бойы бар кызықта, Бірге болған, бір жүрген. Бірге ренжіп , бір қуанған, Тұлпар жылына рахметімізді айтайық.

Бәріміз бірге РАХМЕТ!

Түлпар: Аяз Ата... Аяз Ата... Жаман жаңалығым бар...

Аяз Ата: Алдымен балалармен амандаспайсын ба?

Тұлпар: Жаңа жыл - туындаған жаңа армандар,

Жаңа жыл - шуылдаған жаңа ормандар,

Ал мынау - мәңгі бақи жаңа дүние,

О, сәлем жаңа жылға жиналғандар!

Аяз Ата: Ал, жануарым жаңалығыңды айт!

Тұлпар: Аяз Ата! Балаларға арналған сыйлыққа толы сыйқырлы сандықты түсі суық мыстан ұрлап кетті.

Ақшақар: Енді не істейміз?! Жаңа жылды қалай өткіземіз?

Ай: Сыйлықсыз жаңа жыл болушы ма еді?!

Күн: Жаңа жылымызды құтқаруымыз керек.

Аяз Ата: Балалар мыстанға мерекемізді ұрлатуға жол береміз бе? (Жоқ)

Демек, мыстанды іздеп табуымыз керек қой, солай ма балалар? (Иә)

Ендеше біз мыстанды іздеп, жаңа жылымызды құтарайық, ал сендер жақсы ән тыңдаңдар, жарай ма? (Иә)

Ән жаңа жыл.

Көрініс 4: Ай мен Күн, және Алдар көсе

Ай: Жаңа жылдың тағдыры не болады? Балалар көптен күткен сыйлықтарын ала алмайды ма сонда? Енді не істейміз...

Күн: Аяз Атаға көмектесуге барайық.

Ай: Жаңа жыл ағашын қайтеміз? Қонақтарды қайтеміз?

Күн: Бұл мәселеде, бізге кім көмек бере алатынын білем! Балалар, сендер Шайтанды да алдаған Алдарды білесіндер ме? (Иә)

Ол семіз жылқы мініп жүреді ме? (Жоқ)

Үлкен үйде тұрады ма? (Жоқ)

Жыртық, жыртық тон кие ме? (Иә)

Ай: Бәрекелді балалар, сендер Алдар көсені таниды екенсіндер! Ендеше оны ортамызға шақырайық...

«Мен Алдармын» әнімен бірге шықты.

Алдар: Ассаламуалейкум!

Үлкен-кіші, кәрі-жас.

Мерекеге қосқып бас.

Ән шырқайық, би билеп,

Өмір сонда тамаша!

Күн: Аманбысын Алдарым!

Қай жерлерде болдың?

Қандай қызық көрдің?

Алдар: Ойын ойнадым!

Ай: Бізге де үйретсеңші, бәріміз бірге ойнайық.

Алдар: Онда, бәріміз қайталаймыз.

Аяқпен тарсылдатып билеймыз (балалар қайталайды)

Қолды соғып, басымызды изейміз (балалар қайталайды)

Қолымызды көтереміз (балалар қайталайды)

Қолымызды түсіреміз (балалар қайталайды)

Шыршаға жақындап барамыз.Қол ұстап 1,2,3

Шыршадан алыстап кетеміз 1,2,3

Рахмет сендерге балалар!

Күн: Алдар Көсе, біз Аяз Ата мен Ақшақардың хәлін біліп келейік!

Алдар: Жарайды. Мұнда жиналған балалармен біз көңіл көтере тұрайық.

Күн мен Ай кетті

Алдар: Айтпақшы балалар сендер білесіндер ме?! Биік, биік тауларда, Алыс,алыс мекенде бір топ тәттіқұмарлар (Би жариялау керек)

Би орындалды.

Көрініс 5: Алдар көсе мен мыстан.

Алдар: Балалар Аяз Аталарыңмен Ақшақар қайда кетті? (татата) ... не, Мыстан сендерге арналған сыйлықтарды ұрлап алды, сонда кетті ме? Қап, бәлем қолыма түсе, інісін танытайын.

Ортаға мыстан шығып келді

Алдар: Әне, өзі де келе жатыр. Балалар мен қазір мыстаннан жаңа жылдық сыйлықтарымызды қайтарып алам, тек сендер маған көмектесіп тұрсаңдар болды, жарай ма? (Иә)

Мыстан: Мені кім шақырды? Ініммен таныстырғалы?

Алдар: Мен шақырдым мыстан апа! Шаршамай жүрсіз бе?

Мыстан(қуана): Жақсы! Ал, шақырғаныңа жараса келдім, інім қайда?

Алдар: Дәл алдыңызда тұрмын ғой! Қараңызшы екеуміз бір-бірімізге өте қатты ұқсаймыз, бір-бірімізден айнымаймыз. Тек сіз Мыстан апа, ал мен мыстан іні)))

Мыстан(ойлана, сенінкіремей): Шынымен де ұқсаймыз ба?

Алдар: Енді туыс болған соң ұқсаймыз да! Сенбесеңіз балалардан сұраңыз...

Мыстан: Егер сен інім болсаң, онда сен де былай істей алуың керек. (би кимылын жасады) дәлелде!

Алдар(күліп): Апа, бұл қимылды залда отырған балалар да жасай алады.

Мыстан: Мен сенбеймін, бұл тек біздің әулетке тән!

Алдар: Балалар, мыстан апамызға дәлелдеп берейік, билеп көрсетейік.

Кішігірім би.

Мыстан: Мен жалғызбын ба деп жүрсем, біз көөөөп екенбіз ғой, хехехе! Мерекені жалғастырамыз! Жаңа жыл да, сыйлықтар да, Бай ата да болады туыстарым!

Алдар: Қалайша? Бай Ата кім?

Мыстан: Алдар көсе деген кісіге алданып қала беретін аңқау, бишара бай ғой! Аяз Атаның орнын басады.

Алдар: Онда мереке болсын, Бай ата келсін! Балалар бәріміз бірге... Мереке болсын, Бай ата келсін!

Мыстан: Жарайсындар, тұра өзіме тартқан бауырларым.

Алдар: Сонда, сіз Ақшақар боласыз ба?

Мыстан: Иә, онда тұрған не бар?

Алдар: Онда, сіз қазір барып, әдеміленіп, бізді шақыруымызды күте тұрыңыздар. Бай ата екеуіңіз бірге шығасыздар.

Мыстан: Шынымен де, сыйқырлы сандықты да ала шығамыз, хехехехе!

Мыстан кетті

Алдар: Ойбай басым, бір әдемі ән тыңдап алмасақ, шаршап қалдым.

Ән

Көрініс 6: Бай Ата мен Ақшамыстан

Алдар: Балалар, жаңа жылымызды құтқару үшін, мыстан мен байды алдай тұрайық, ол уақытқа дейін Аяз Ата мен Қаршақыз да келіп қалар! Келістік пе? (Иә), онда қазір Сараң Бай мен Мыстан деп, ортамызға шақырып алайық. Жарайды ма? (Иә), Онда, қайталаймыз, Сараң Бай мен Мыстан, Сараң Бай мен Мыстан...(балалар қайталап жатыр)

Ортаға Мыстан мен Бай кіріп келді. Артынан екі адам сыйқырлы сандықты ала шықты

Бай: Осы жерге қойыңдар, босындар кете беріңдер.

Амансындар қадірменді тәттіқұмар балаларым!

Мыстан: Армысыздар ата-аналар, ұстаздар.

Бай: Бай аталарың келіп тұр,

Сендерге ... сөзі қалай еді?

Мыстан (бүйірінен түртіп): Сәлем беріп тұр! Хехехехе!

Бай: А, иә! Бай аталарың келіп тұр,

Сендерге сәлем беріп тұр, хехехехе!

Алдар: Бай Ата, сіз бізге сыйлық бересіз бе?

Мыстан: Менің туыстарымның бәріне береді

Бай: Менің бір шартым бар, менің жұмбақтарымды таба алсаңдар. Беремін.

Мыстан: Еңбек шарттыңды олай бұзба!

Алдар: Біздің әулет мықты ғой апа, саспа! Жұмбақ табу, бізге қиын болыпты ма? Пісте шақанмен тең!

Бай: Онда бастаймыз.

Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.
(Қырау)
Тікен,тікен тік пістe.
Қысы жазы бip тусте
(Шырша)

Мыстан: Көрдің бе? Менің туыстарымның барлығы да, өзім сияқты ақылдыыы ғооой!

Алдар: Апа, ақылды ғана емес, әрі өте таланттымыз. Солай ма балалар? (Иә)

Алдар мен топтағы балалар би билейді.

Көрініс 7: Аяз Ата мен Ақшақардың оралуы.


Мыстан: (Байға қарап) Көрдің бе? Айтпадым ба? Менің туыстарым жан-жақты деп...

Бай: Жарайсындар, керемет.

Алдар: Енді жаңа жылдық сыйлықтың кезегі келді! Солай ма балалар? (Балаларға көзін қысып)

Алыстан «Мыстан, мыстан» деген әтештің дауысы шығады.

Мыстан: Бұл кім ей? Балалар сендер білмейсіндер ме? (Жоқ)

Әтеш елге көрінді

Әтеш: Мыстан, мыстан!

Бай: Мынау кім болды?

Мыстан: Көріп тұрсың ғой, Әтеш! Менің әтешім!

Әтеш Мыстан мен Аспаздың орталарыңа келіп тұрды.

Мыстан: Мен саған үйді қарап отыр демедім бе, неге келдің?

Әтеш: Мыстан, саған жаман жаңалығым бар.

Мыстан: Кет ей! Айран тасып кетті ме?

Әтеш: Жоооқ!

Мыстан: Енді айтсаңшы...

Әтеш: Бәлкім жауабын балалар білетін шығар...

Алдар: Мен білетін секілдімін, балалар да біледі...

Мыстан: Жұмбақтамай айтсаңдаршы...

Бай: Иә...

Алдар: Балалар шындықты айтамыз ба? (Иә)

Әтеш: Аяз Ата, Ақшақар және Күн мен Ай келе жатыр.

Алдар: Және тағы бір шындық біз сіздің туысыңыз емеспіз!

Мыстан: Бір шикіліктің барын білгем... Қашайық!

Боран дауысы мен таяқтың тысыры естіле бастады. Мыстан мен Бай үрейленіп(шошып) қашуға ыңғайланып, сиқырлы сандықтың екі басынан ұстап көтеріп қашпақшы еді, Алдар сандықтың үстіңе отырып алды.

Мыстан: Алдар сен менің туысым емесің бе? Сандықты бізге бер... біз саған көөөөп сыйлық береміз!

Алдар: Азға қанағат!

Аяз атаның дауысы естілді: Жаңа жылдарыңмен!

Бай: Қаштық, қаштық!

Бай мен Мыстан сандықты тастап қашып кетті. Ортаға Аяз ата, Ақшақар, Күн мен Ай кіріп келді.

Алдар: Аманбысын Ата!

Күн: Айтым ғой, бізге тек Алдар ғана көмектесе алады деп

Ай: Дұрыс айтыпсын!

Алдар: Аяз Ата шаршаған боларсыздар! Ата, балалар сізге арнап бір ән сыйлайды.

Аяз ата әні

Көрініс 8: Жаңа жыл!

Ақшақар: Балалар Аяз атаға ән сыйласағ Аяз Ата балалармен бірігіп ойын ойын ойнайды. Кәне, балалар, Аяз атамен бәрігіп ойын ойнайык.

Бұрыламыз он жаққа - 1,2,3

Бұрыламыз сол жаққа - 1,2,3

Жиналамыз, карсы аламыз- 1,2,3

Содан кейін тарасамыз- 1,2,3

Отырамыз бірге де біз - 1,2,3

Ал сонан соң тұрамыз - 1,2,3

Би билейміз, ән салып,

Жаңа жылды қарсы алып.

Аяз ата: Өте тамаша, балалар!

Ал мен, Жаңа жылды көрмей тұрмын. Жаңа жыл қайдасын?

Күн: Мереке жалғасын табуда!

Ай: Ортамызға жаңа 2015-жылдың иесі, шопан атаның киесі қонған, Қошақанды шақырайық. Бәріміз бірге, Қошақан, Қошақан!

Ортаға қошақан шығады.

Қошақан: Мереке бүгін ортада,

Көңілді шаттық думан бұл.

Құтты болсын баршаға,

Жаңа жылмен жаңа күн!

Аяз ата: Балалар биді тамаша билейді, әнді керемет айтады, ойын ойнағанда өте тапқыр екен. Менің сендерге дайындаған сыйлықтарымды қарсы алыңдар!

Сиқырлы сандық ашылды.

Ақшақар: Рахмет, сізге Аяз ата!Балалар бүгінгі жаңа жылдық тамаша мереке, осы сыйлық үшін Аяз атамызға алғысымызды білдірейік.

Балалар: Рахмет!

Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Ақша қар: Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыздар!

Ай: Өтсін осылай жаңа өмірдің күндері,

Шарпымасын жүректердің мұң лебі.

Күн: Жарқылдасын жаңа жылдың дүрмегі. Жаңа жылда тілейтініміз жақсылық, бейбітшілік, баршамызға құтты болсын Жаңа жыл!

Алдар: Жаңа жылда, жаңа береке! Осындай мерекелерде жүздескенше балалар!

Жаңа жыл әні!



© 2010-2022