Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Жалпылауыш сөздер

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-сынып Қазақ тілі

Тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Жалпылауыш сөздер.

Мақсаты: білімділік - бірыңғай мүшелер, жалпылауыш сөздер туралы түсінік беру. Тыныс белгілерінің қойылу себебін ұғындыру; дамытушылық - сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, тілдік қорын молайту; тәрбиелік - сауаттылыққа, ізденімпаздыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа ұғым беру

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау

Сабақтың көрнекілігі: интер. тақта, кесте

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру бөлімі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;

б) оқу құралдарын тексеру, сабақ мақсатымен таныстыру

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

61-жаттығудың орындалуын тексеру, сұрақтармен пысықтау

ІІІ Жаңа сабақ

Ой шақыру

  • Бірыңғай мүше деген не?

  • Біріыңғай мүшенің арасына қандай тыныс белгі қойылады?

Мына сөйлемге назар аударайық:

Түйе, жылқы, өгіз көлік ретінде пайдаланылады, оны арбаға жегеді.

Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер бірыңғай мүше бола алады.

Бірыңғай мүшелер жалғаулықтар арқылы да, жалғаулықсыз да байланысады.

Жалғаулық шылаулар қайталанбай бір-ақ рет келсе, арасына үтір қойылмайды.

Кейде бірыңғай мүшелердің алдында немесе соңында жалпылауыш сөздер болады.

Жалпылауыш сөздер: жалпылау есімдігі

сілтеу есімдіктері

сан есімдер

М: Мінезі де, түрі де - бәрі өзім.

IV Жаттығу жұмысы

63-жаттығу. Тыныс белгілерін қою

Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ...

64-жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұндау бірыңғай мүшелері бар 1 сөйлемді жазып талдау. 1-қатар - 1-абзац. 2-қатар - 2-абзац. 3-қатар - 3-абзац.

Тапсырма: берілген сөздерді бірыңғай мүше етіп, сөйлем құра.

  1. Адалдық, достық, арлылық

  2. Атам, әжем, бауырларыммен

  3. Салт-дәстүрді, тарихымызды

  4. Астана, мен Алматы

  5. Абайдың, Шәкәрімнің, Мұхтардың

  6. Туған жерінен, өскен елінен, құрбы-құрдастарынан

V Бекіту

1.Бірыңғай мүше дегеніміз не?

2. Жалпылауыш сөздің тыныс белгілері қандай?

VI Қорыту

VII Үйге: -жаттығу

VIII Бағалау


© 2010-2022