Воспитательная работа на тему Менің тұңғыш президентім

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Менің тұңғыш Президентім»

1 жүргізуші: Қайырлы күн,ата-аналар,апайлар!

2 жүргізуші: Қайырлы күн,сүйікті де,сүйкімді балалар!

1жүргізуші: Бүгінгі кешіміз Елбасымыз-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады.1991 ж 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық сайлауы- өтіп,ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім.Қазақстан үшін 1 желтоқсан-мемлекеттік тарихының мерейлі күні саналуға лайықты.

2 жүргізуші: Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012ж 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет-Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды.Биыл міне,тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.Бүгінгі кешімізді Қазақстан Республикасының әнұранымен ашайық.

Әнұран.

1 жүргізуші: Балалар біздің атамыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 шілде 1940 жылы Алматы облысы,Қаскелең айданы,Шамалған ауылында туған.Әбіш пен Әлжанның шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді.Оған әке шешесі Нұрсұлтан деп ат қояды.Мектепте жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

2 жүргізуші: Бар әлемге шың таңылдық міне,біз,

Елін сүйген Ел басы деп білеміз

Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

«Алаң» тобының орындауында «Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Қазақстан»

1 жүргізуші: Ел үшін көтеріп нар жүгін де,

Сенімі нық сезілетін үнінде

Аты озған дүниедегі дәуірде

Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

Абдурахман,Әбілмәнсүр,Мерей,Альдина,Кәусар балаларыңыздың аталарына арналған жыр шумақтары мен ортаға шақырайық.

Жыр-шумақтар.

Абдурахман. Нұрсұлтан атам-Елбасы

Ел ағалары-қолбасы

Тәуелсіз елін сүйетін

Бар адам оның жолдасы.

Әбілмәнсүр. Президент болу-мәртебе

Ол Алланың қолдауы

Ел басқарған нұраға

Жол көрсетті жолдауы.

Мерей. Қазақ деген халықтың

Бағына туды нұраға

Тілейді сізге бар халық

Амандық саулық нұраға.

Альдина Нұрсұлтан атамның

Еңбегінің шегі жоқ

Бақыт тапты қазаға

Жүрегіне жағып от.

Кәусар Қазақ жерім жайнап кетті,гүлдеді

Осы күндер айтылмаған жыр еді

Осы күндер Елбасының арқасы

Мұны бар ел,бүкіл әлем біледі.

2 жүргізуші: Атамыз көп еңбек етті.Қазақстанды аяғынан нық тұрғызу үшін күні-түні еңбектенеді.1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі "Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы" заңды қабылдады. 1992 жылы 4 маусымда ел рәміздері қабылданды.

Рәміздері елдігімнің белгісі

Білу керек бала-дағы ең кіші

Рәміздер-әнұран,ту,елтаңба

Мұны дағы білу керек әр кісі.

Сахна төріне «Елтаңба» әнімен Абдурахманды шақырамыз,қабыл алыңыздар!

Ән: «Елтаңба»

1 жүргізуші: Келесі тыңдайтындарыныз Мәрленнің орындауында «Қазақстан жалауы» әні.Қошеметтеп отырайық.

1 жүргізуші: Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жарты дүние әлемін

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далаға жылап келіп,қуанған

Бұл даланы алғаш көріп қуанғам

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

«Алаң» тобының орындауында «Қазақстан» биін тамашалауға шақырамыз.

2 жүргізуші: «Ботақан» тобының орындауындағы «Біздің Отан» әнін қабыл алыңыздар.

Келесі тамашалайтыңдарыныз

Би. «Қазақ биі»

Адалдықпен аласармас үлгісі

Бір өзінен жатқаны шын таралып.

Бүгін тұңғыш Президенттің күніне

Әсем әнді шырқата бір салалық!

Полина,Мирас,Әділ балаларыңыздың орындауында «Отан» әні.Қошеметтеп отырайық.

1 жүргізуші: Азаттық пен елге қолды тосқан бақ,

Қазақ елін мойындауда дос таңдап

Елбасының еңбегімен нұрлана

Қазағымның мерейі тұр аспанда.

2 жүргізуші: Келесі тамашалайтыңдарыныз апайлардың орындауында «Қара жорға» биі

Ел үшін көтеріп нар жүгін де,

Сенімі нық сезілетін үнінде

Аты озған дүниедегі дәуірде

Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

1 жүргізуші: Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын,бүгінімізді ертеңіне жалғайтын,қазақ еліңің ертеңі,болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз.

Ел танысын тереңінен танып кең,

Шарапаты бар адамға дарып тең.

Елбасының есімі бұл тарихта

Қалар анық өшпес алтын әріппен.- дей келе бүгінгі іс-шарамызды аяқтаймыз.



© 2010-2022