Урок самопознание на тему Алтын жүрек анамыз (9-11 класс)

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат zip
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Айтарым бар, тыңдар құлақ табылса» (Мәнерлеп оқу сайысы)

Сабақтың мақсаты: Отбасындағы ұйытқышымыз бен қамқоршымыз ананы қастерлеу;

Анаға деген махаббатымызды сөзімізбен бірге іс-әрекетімізбен көрсету;

Сүйіспеншілікті бағалай білуге тәрбиелеу;

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта, үнтаспа мен бейне баяндар;

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  2. Кешке қатысатын оқушыларды таныстырып, ортаға шақыру;

  3. Кіріспе баяндама:

Қайырлы күн құрметті оқушылар! Сіздерді шаттық шеңберін құруға ортаға шақырамын. Шеңбер бойымен жүрекшені бір - бірімізге бере отырып, көршілеріңізбен амандасып тілек айтуларыңыз сұраймын.Тілектеріңізге көп рахмет. Жүрегіміз қуанышқа толды. Ендеше сабағымызды бастайық.

Әңгімелесу
- Балалар, «Алтын жүректі», «Үлкен жүректі» деген сөздер қандай мағынада айтылады?
- «Алтын жүректі», «үлкен жүректі» адамдар деп кімдерді айтамыз?
Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашары, қадірлісі, қамқоршысы. Ақ сүтін беріп аялайтын, баласы үшін жанын да аямайтын ардақты да абзал - ана. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер балаға алдымен анадан тарайды.

Сара Алпысқызыда біздің анамыз. Ол бүкіл Қазақстан балаларына қамқоршы. Бүкіл Қазақстандық балалар ол кісіні ең бас анамыз деп атайды. Ол - балажан адам. Бала үшін қолындағы қаражатын аямайды.Жақсылық жасағанды қалайды, сәбидің риясыз күлкісін сүйеді. Сол себептен, ауру балалардың мұңын тыңдап , жетімнің зарын тыңдап, құқығын қорғайтын «Бөбек» қорының құрды.

Бүгін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні.

Сара Алпысқызы тек қана үлгілі жар, аяулы ана емес, еліне еңбегі сіңген қоғам қайраткері. Ол 1992 жылы "Бөбек" қайырымдылық қорының негізін қалаған болатын. Ұйым қызметінің басты бағыттары: ана мен баланы қорғау, нәрестелер мен балалар үйлерін қамқорлыққа алу, мектептерді қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз ету, тұрмыс дәрежесі төмен отбасынан шыққан дарынды балаларға қолдау көрсету, балалар денсаулығын сақтау ісіне жәрдемдесу. Ол жетім балаларды тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастырып, елімізде тұңғыш "SOS Киндердорф" балалар ауылының өмірге келуіне мұрындық болды. Сондай-ақ, Қазақстанда алғашқы болып жетім балаларды қорғайтын заң (Отбасылық үлгідегі балалар ауылдары және жасөспірімдер үйлері туралы) шығару бастамасын көтерді.

  • Сара Алпысқызы Софи Лореннің қолынан Ресей Қызыл Крест қоғамы тағайындаған және өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған көпжылдық қызметі үшін берілетін «Алтын жүрек» халықаралық жүлдесін алды.

  • 2010 жылы өз өмірін SOS Kinderdorf балалар қалашығының балаларына арнаған әйелдерге берілетін SOS Kinderdorf International Халықаралық қорының марапаты - «Алтын жүзікке» ие болды.

Ана
Сен бақыттысың!
Жыламағын.
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой,
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын!

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана!
Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдан иілген бесігімді... - деп Мұқағали Мақатаев жырласа ана алдында бас ию ол әрбір баланың парызы.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым.

Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,

Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,

Отанымның өзі сенен басталып.

Жауларыма жеткен жерден бітеді-деп Қадыр Мырза Әли - дің өлең жолдарымен таныстыру арқылы, біз бәрін анадан үйренеміз. Мейірімділік ана сүтімен бойымызға дару арқылы бойымызға сіңеді. Ана мейірімділігі таусылмайды, ол барлық баласына риясыз мейірімділік таныта білетін алтын жан.

Мейірімділік - ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң - сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.

Қайырымдылық керуені - Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.

Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы бәсіре т.б жөн -жоралғылар арқылы іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады.

Қайырымды, мейірімді адам- айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды.

Кішіпейілділік дегеніміз жеке адамның жұрт мойындаған тәртіпке өз еркімен бағынуы, өзінің жеке бастық керек-жарағын сол қоғамдағы халықтың материалдық жағдайына сәйкес шектеуі, барлық адамға құрметпен қарап, өзінің ғана мүдделеріне қатысы бар жекелеген адамдардың ұсақ-түйек кемшіліктеріне төзімділік көрсетуі, сонымен қатар өзінің және басқалардың жетістіктері мен кемшіліктеріне сын көзбен қарауы.

Адам - әлеуметтік тіршілік иесі. Осыдан адамның басқалар алдындағы, қоғам алдындағы, табиғат алдындағы жауапкершілігі, міндет-парызы келіп шығады. Осыны сезіну оны кішіпейіл етеді. Ондай адам өзінің артықшылықтарына пәлендей мән беріп жатпайды, өзінен-өзі солай болуға тиісті нәрсе деп қарайды. Бұл сияқты адамдар көбінесе, шынында да, айтарлықтай артықшылықтары бар адамдар, өз еркімен қоғамға, адамзатқа қызмет істеуге бел буған кісілер болып келеді.

Кішіпейілділік, қарапайымдылық адамның барлық іс-әрекетінен, қимыл-қозғалысынан, өзін ұстауынан, мінез-құлқынан, тәртібінен, сөзінен, киген киімінен де аңғарылып тұрады.

Бүгінгі біздің сайысымызға:

Қуанышев Серікболсын - 11 ә класс оқушысы

Талмурзаев Қуаныш - 11 ә класс оқушысы

Әлмұратова Гүлдана - 11 ә класс оқушысы

Сейсембаева Әсемгүл - 11 а класс оқушысы

Зайрымбетова Арайлым - 11 а класс оқушысы

Қуандықов Аққанат - 11 ә класс оқушысы

Алпамысова Айдана - 10 ә класс оқушысы

Ахетова Әсия - 10 ә класс оқушысы

Бахытжанова Перизат - 10 ә класс оқушысы


© 2010-2022