Урок по казахскому языку на тему Ы. Алтынсарин

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Грамматикалық тақырыбы : Сөйлем мүшелері

Лексикалық тақырыбы : Ы. Алтынсарин

Сабақтың мақсаты : Сөйлем мүшелерінің түрлерін меңгерту, Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен таныстыру, әңгімелерінің мазмұнымен танысып, тақырыптары мен идеясын ашу.

Көрнекілігі : интерактивті тақта, Ы. Алтынсарин туралы 3 тілде жасалған мультимедиялық әдістемелік құрал, кітап көрмесі.

Топтық міндет : Студенттер өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір- бірін тыңдайды,толықтыру арқылы мәтін мазмұнын айқындайды.

Ұйымдастыру бөлімі : Студенттерді түгендеу. Өткен сабақты қайталау барысында сұрақтар қойылады.

1. Сөйлем мүшелері дегеніміз не ?

2. Сөйлем мүшелерінің неше түрі бар ?

3. Әр сөйлем мүшелерінің анықтамасын айтып, мысал келтіріңіздер ?

Жаңа сабаққа өту : «Кел, балалар, оқылық» өлеңін тыңдау. Осы өлең жолдары өмірге келгелі бір ғасырдан аса уақыт өтті. Бірақ ол күн бүгінге дейін балаларды оқып, білім алуға шақырған ұран болып келе жатыр. Осы өлеңнің аты аталған сайын оның авторы қазақтың ұлы ағартушы , педагогы , ғалым, жазушы Ыбырай Алтынсарин есімі ойға келеді.

Ы. Алтынсарин мәтіні бойынша тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, мазмұнын айту.

2. Мәтінді орыс тіліне аудару.

3. Хронологиялық кестені толтыру.

4. Сұрақтарға жауап беру.

5. Кластер құрастыру.

Ы. Алтынсарин медалімен және төс белгісімен марапатталған ізбасарлары көрсетіледі. Ы. Алтынсарин жайлы фильм және спектакль көрсетіледі.

Одан кейін 2 топқа Ы. Алтынсариннің «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бақша ағаштары» әңгімесі беріледі. Мәтін мазмұнын қағаз бетіне түсіру арқылы талдайды.

Алтынсарин- қазақтың жарық шамы,

Ойлағаны аяулы халық қамы

Жап- жасыл жайқалатын жапыраға,

Алтынсарин- елімнің алтын бағы.

Алтынсарин- мазмұнды өмір әні,

Үлгі болып алдыңнан жолығады.

Шырт ұйқыдан оятқан бабамызды

Алтынсарин даланың қоңырауы.

Денесі оның Тобылдың жағасында

Мүсіні тұр Қостанай қаласында

Ыбырай бұлағының мөлдір суы

Шүпілдейді білімнің шарасында-деген өлең жолдарымен сабағымызды аяқтаймыз.

Үй тапсырмасы: Ы. Алтынсариннің өлеңін жаттап келу.

© 2010-2022