Cөйлеу мәдениеті 5 сынып

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 09. 2015 ж Пәні: қазақ тілі Сынып 5 « » Сабақ реті_______

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың сөйлеу мәдениеті туралы алған білімдерін

жетілдіру, оқу - танымдық бағдарлы құзыреттілігін арттыру мақсатында

ситуациялық сұрақ, дидактикалық ойындарды оқушыларға ұсыну, мәтінді дұрыс

оқып, әдемі жаза білуге үйрету.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге, дөрекі

сөздер айтпауға, адамгершілік тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушыларды жылдам ойлауға, кез - келген кедергіден

өтіп пікірін еркін білдіре білуге дағдыландыру.

4. Жаңа технология:дамыта отырып оқыту, оздыра отырып оқыту, іс-

әрекетті бағалау, тірек сызбалары және тірек конспектілері арқылы оқыту,

саралап оқыту, шоғырландырып қарқынды оқыту, деңгейлік тапсырмалар

арқылы дамыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту, жобалап оқыту

технологиясы, ақпараттық технологиялар

5. Техникалық құралдар түрлері:____________________________

Сабақтың типі: аралас сабақ, жаңа білімді игеру сабағы, оқу материалын бекіту сабағы,

қайталау сабағы, материалды қорытындылау және жүйелеу сабағы, бекіту сабағы

Сабақтың түрі: сайыс сабағы, жарыс сабағы, ойын сабағы, саяхат сабағы, әңгімелесу,

сырттай саяхат сабағы, аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Иллюстрациялық түсіндіру: Оқушыларға ақпаратты әңгімелеу, лекция,

семинар, коллоквиум, демонстрациялық жеткізу

2. Репродуктивті әдіс: Білім - білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы

білімді белсенді игерту.

3. Зерттеу әдісі: Мұғалімнің оқушыға шығармашылық тапсырма беруі,

оқушылардың өз беттерімен шешіп, мәтінмен, есептер шығару, үлестірмелі

материалдармен жұмыс.

4.Эвристикалық әдіс: Ішінара ізденгіштік әдіс,оқушылар мақсатты немесе

міндетті мұғалімнің көмегі арқылы шешу.

5. Мақсатты әдіс: Мұғалім белгілі мақсат қойып, оған жету жолын

көрсетеді, оқушылар одан әрі әрекетке көшеді.

Таным қызметін ұйымдастырудың үлгісі:

  1. Жекелік үлгі - танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады.

  2. Жан-жақтылы - барлық оқушылар үшін жалпы міндет қойылған кезде пайдаланылады.

  3. Топтық - жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады.

  4. Ұжымдық форма - ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, дамыту әрекетіне келеді.

Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы: суреттер, нақыл сөздер

Пәнаралаық байланыс: математика, дүниетану

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

  3. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру кезеңі

  4. Сабаққа мақсат қою

  5. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

  6. Жаңа сабақты қорытып, бекіту кезеңі

  7. Оқушылардың білімін бағалау

  8. Үй тапсырмасын хабарлау және орындалуы бойынша нұсқау беру кезеңі

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз!
Оқушылардың көңіл - күйлерін анықтау.
- Оқушылар, бүгінгі сабаққа қандай дайындықпен, қандай көңіл - күймен келгендерінді білу үшін мынадай балақайларды көрсетемін. Бұл балақайларды көрсеткен кезде көңіл - күйлеріміз қайсысына сәйкес келсе қолымызды көтереміз.
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінігі сабаққа барлығымыз қуанышты боп, өте жақсы дайындықпен келіппіз ғой.
III. Үй тапсырмасын сұрау
«Менің сыйлығым» тақырыбына жазған шығармаларын 5 - 6 оқушыға оқытамын.
IV. Танымдық - операционалдық кезең
Өткенді қайталап, еске түсіру
- Балалар, сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?
- Сөйлеу мәдиенеті деп - қазақ тілін дұрыс және орынды қолдану. Ата - анаң, мұғалім, құрбыларынмен сөйлескенде сөзді дұрыс, орынды қолдану керек. Өз ана тілінде де басқа тілде де дұрыс сөйлесу адамның қаншалықты мәдиенетті екенін көрсететінін жадымыздан шығармайық.
Әдеби тіл - дұрыс сөйлеудің үлгісі. Енді есімізге түсірсек мына суреттерге назар аударайық.
Ситуациялық жағдаяттар
1 - жағдаят. Көлікте орын жоқ, бір қария мінді, ол кезде сен отырғансың. Не істейсің? (Мен орнымнан тұрып, «Ата мына жерге отырыңыз» - деп, орнымды ұсынамын. )
2 - жағдаят. Көшеде бір әже ауыр сөмке көтеріп келе жатыр екен. Сен аулада ойнап жүргенсің. Не істейсің? ( «Әже маған беріңіз, сізге көмектесейін»- деп ауыр сөмкесін алып, үйіне апарып саламын.)
3 - жағдаят. Жақын досың ауырып жатыр. Сен не істейсің?(Досымның үйіне барып оның жақсы көретін кітабын апарып үйіне жағдайын білуге барам.)
Оқулықпен, дәптермен жұмыс: 57 - жаттығу. Әңгімені түсініп, мәнерлеп оқу. Түсінгендерін сұрақ қояу арқылы тексеремін.
58 - жаттығу. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқытамын.
Алдымен олардың ойын біліп алып соңында қорытамын.
«Үздік мақалшы» ойынын ойнату. Мақсаты: Оқушылардың жылдам ойлауға дағдыландыру. Есте сақтау қабілеттерін арттыруға дағдыландыру. Жүргізу ережесі: Әр қатардан бір - бір оқушыны шығарып, адамгершілік, әдептілік, сыпайылық тақырыбына білген мақалдарын айтып жарыстыру.
59 - жаттығу.Мәтінді көшіріп жазу.
«Күн нұрынның шапағы» ойынын ойнату. Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, ілтипаттыққа тәрбиелеу. Жүргізу ережесі: күннің нұры шашырап тұрған шапағына сыпайы сөздерді жазып қормен қайталаймыз.
V. Қортынды - рефлексия кезеңі. Сабақты «Әжеге көмек» ойыны арқылы қорытамын.
Мақсаты: Оқушыларды үлкенді сыйлауға, оларға көмек көрсете білуге үйрету. Сабақты оқушыларға кызыкты етіп ойын арқылы қорыту. Алған білімдерін тексеру.
Шарты: Әже құдықтан шелекке су толтырып алған. Біз әжеге көмек көрсетіп шелекті уйіне жеткізіп беруіміз керек. Ол үшін шелек артындағы сұрақтарға толық әрі нақты жауап берулерің керек. Жауап берген оқушы шелекті әженің жанына әкеліп қоя береді.

ҮІ. Сабақты қортындылау:

1) Ауызекі сөйлеу тілі және жазба тіл дегенді қалай түсінесің?

2) Ауызекі сөйлеудің өзіндік ерекшеліктерін айтыңыз.

3) Тыңдай білу әдебіне не жатады?

4. Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдаудың ерекшелігі неде?

5. Сөйлеушінің сөзіне араласып, өзара ой алмаса тыңдау, оның өзіндік мәні туралы айтыңыз?

6. Сөйлеу әдебіне не жатады?

7. Жүйелі, мәнді сөйлеудің негізгі сапалары қандай?

VІІ Оқушыларды мадақтай отырып бағалау.

VІІІ Үйге: Суретпен жұмыс, суретке қарап әңгіме құрау



© 2010-2022