Ашық тәрбие сағаты Жігіт сұлтаны 5 сынып

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық тәрбие сағаты 5 сынып

«Ж і г і т с ұ л т а ны»

Мақсаты: Оқушылардың ұлыстың ұлы күні - Наурыз туралы білімдерің кеңейту, қазақ халқымыздың әдеп-ғұрпы, мәдениеті туралы толық мәлімет беру. оқушылардың туған еліне, тілі мен дініне, ұлттық мідениеті мен салт - дәстүріне деген патриоттық сезімін арттыру.

Көрнекіліктер: Кең зал мен сахна ұлттық нақышта безендірілген, Ұлыстың ұлы күніне арналған плакаттар «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!, «Наурыз күні қазаның ортаймасын, ел той тойласын».

Өткізілетін түрі: сайыс.

Барысы:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күніне орай өткізіліп отырған «Жігіт сұлтаны» атты ашық тәрбие сағатымызды тамашалаңыздар!

1 жүргізуші: - Армысың, көрермен қауым, қонақ жандар,

Бүгінде бар өнерді тамашалар!

«Ұлыстың ұлы күніне» кеп отырған

Ақ ниетті, пәк пейілді замандастар!

2 жүргізуші: - Жақсылық күтіп тілеген

Жерім мен елдің бағына.

Ақ қарға аунап түлеген,

Ақ Наурыз келді тағы да!

1 жүргізуші: - Гүлдерді төгіп алқызыл,

Нөсерден жасыл жыр құрап,

Наурызым келді, Наурызым!

Үстінен уыз бұрқырап!

2 жүргізуші: - Наурыз тойы құтты болсын,

Ел ырысы құтқа толсын!

Бақыт әкеп Ұлыс күні,

Бұзылмай ел тыныштығы,

Бақыт құсы баққа қонсын!

(Шаттық биін билеп Наурыз ортаға шығады)

2 жүргүзіші: Салт - дәстүрді сақтайық,

Шымылдықты ашайық,

Жөн - жоралғы бойынша

Наурыз тойға «құтты» деп,

Той шашуын шашайық!

(Әжелер шығып шашу шашады. Ортаға Жиренше шешен шығып, көпшілікке

тағзым жасайды)

Жиренше: Көргенде қуанасың таза ауаны,

Құлаққа естілгендей жаз әуені.

Жыл сайын тойланатын мәңги бақи

Наурызың құтты болсын, Қазақ елі!

(Жиренше Наурызды таққа отырғызады)

1 жүргізуші: Қазақпыз қыз өсірген іңкәр қылып,

Қазақпыз ұл өсірген шырқап жүріп.

Қазақпыз құс та салып ат жаратқан,

Сайысқа түскен және тұлпар мініп.

2 жүргізуші: Жалғастырған мұраны,

Ел жұртының қорғаны,

Сегіз қырлы, бір сырлы,

Қазақтың сұлтан ұлдары!

1 жүргізуші: «Жүзден жүйрік, мыннаң тұлпар» дегендей, сайыста бағын сынап, жарысып көретін серілерімізді ортаға шақырамыз.

- Кем емеспіз игі дәстүр санаттан,

Дос жүректе жаз дидарлы таң атқан.

Сыр мен сымбат жарасады жігітке,

Ортаға шық Базарбекұлы Арман.

- Көктем келер күллі халық сағынған,

Жер бусанып, сылдырап бұлақ ағылған.

«Жігіт сұлтаны» өмірдің мәңгі жалғасы,

Көрейікші, сынға түссін Мұхаметқалиұлы Олжас.

- Кім тоқтатар мына зымыран уақытты,

Перзентімен өсетін ел бақытты.

Сыныпта көп небір саңлақ өнерлі,

Тынысын ел , жауқазын ұл Қайратұлы Ақылғазы.

- Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Ата жолын жалғайық,

Серікбол Нұрлыбекұлын шақырайық.

- Білдіргенде азаматқа ел сенім,

Еңсесі оның көтерілер деседі.

Қол шапалақ болсын қауым, сіздерден,

Шыққан кезде Нурланұлы Ануары.

- Ел мен ердің мәңгі жалғас тағдыры,

Танылады бүгін жігіттердің алғыры.

Сына өзінді, білімінді аяма,

Ортаға шық, Талғатұлы Тимуры.

- Жігіттер көп көңілі ояу, көзі ашық,

Бүгін сайыс, дүлділ болсан оза шық.

«Өнерліге - өріс кең» - дейді қазақ,

Данияржан таныт ойдың тазасын.

- О, жігіттер неткен бәрің сымбатты ең,

Ару көктем сендер деп бір еліткен.

Семейімді ата жұртқа санайтын,

Сөз тындайық Дәулеттен.

- Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ.

Ел намысын қорғамақ,

Олжасымыз шықсын ортаға.

- Цицерондай шешен боп,

Ескендірдей бекем боп.

Атымтайдай жомарт боп,

Ортаға шықсын Александр.

2 жүргізуші: Ал, серілер, сынға сәт!

1 жүргізуші: Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі тапқыр алар.

Кім өнерлі, кім тапқыр, шешу қиын,

Қазылар алқасы болмаса, нақ сыналар.

- Қазылар алқасымен таныстырып шығайын!

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2 жүргізуші: Бірінші сайыс «Тегін білмеген - тексіз».

Жөн сұрасып отырады жүрген жерде,

Бабамыздың салты ғой ол бұл кезде.

Ал енді серілер ортамызда,

Өздерін таныстырар осы жерде.

1 жүргізуші: Екінші сайыс «Мақал-мәтел» сайысы.

Мақал-мәтел сайысына кез келді,

Мақалменен тәнтті етеміз сіздерді.

Мақал деген сөз мәйегі емес пе,

Зейін қойып тыңдаңыздар біздерді.

(Оқушылар кезектеп мақал айтады)

(Ән айтылады. ________________________)

2 жүргізуші: Келесі сайыс «Көңілі ояу, көзі ашық» деп аталады.

Сұрақтарға жауап береді.

- Қазақтын дауылпаз , жауынгер ақыны кім? (Махамбет Өтемісұлы)

- Қазақ халқының салт - дәстүрлерін ата. (Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, тойбастар)

- Қазақша ай аттарының аталуын айт. (қантар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қараша, желтоқсан)

- Аттын ер - тұрмандарына нелер жатады? (жүген, әшкілік, ертоқым, үзеңгі, аткөрпе, қамшы)

- Қазақ халқының тарихында қандай хандар өткен?(Абылай, Әбілқайыр, Тауке, Жәңгір)

- Қазақ батырларын ата. (Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай)

- Қазақ билерін ата.(Каздауысты Қазыбек, Төле би, Әйтеке би)

- Жеті атаны талдап бер. (Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)

- 5 асыл мен 5 дұшпанды ата. (5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау) (5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

- Ұлттық ойындардың түрлерін атап шық. (Ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи, сақина салу)

1 жүргізуші: Келесі сайысымыз «Өнерліге өріс кең» өнер сайысы. Жігіттер кезекпе өнерлерін көрсетеді.

- Әнші, биші, ақынбыз

Елім тапқан жарасым.

Думандатып жатырмыз,

Қазағымның даласын.

2 жүргізуші: Ендігі сайысымыз «Адамды адам еткен-еңбек».

Жігіттеріміз ағашқа шеге қағады. Бұл сайыста шегені түзу, дүрыс қағуы есептеледі.

1 жүргізуші: Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян қолтық алыспай,- демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстағы өнерлерін көрейік.

(Салмақ тасын көтеру)

(Қазақ биі. ________________________)

1 жүргізуші: Келесі сайысымыз «Бата беру» сайысы.

- Сұрасан бата берейін,

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін!

2 жүргізуші: Сайысымызды қорытындылауға сөз кезегін қазылар алқасына берейік.

1 жүргізуші: Құтты болсын Наурыз той,

Құлпырып тұр қыр мен ой.

Күн мен түні тенеледі,

Жер шуаққа кенеледі.

2 жүргізуші: Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Қайда барсан жол болсын!

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін!

Бәле жала жерге енсін,

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектері көк болсын!

Қайғы уайым жоқ болсын,

Қуаныштарын көп болсын!

Семей қаласы

№ 36 ЖОББМ

Бейнелеу өнері мұғалімі Г.З.Ахметова

© 2010-2022