Көшбасшылық-тәжірибені жетілдіру құралы

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы

Сабақ мақсаты

Күтілетін нәтиже

Қамтылған модульдер мен сұрақтар

Ресурстар

Көшбасшылық- тәжірибені жетілдіру құралы

Мұғалімдер арасында біріккен іс-әрекет ұйымдастыру, қарым-қатынас іскерлігін орнату, ақпаратпен алмасу және көшбасшы атындығына сенім қалыптастыру

Мұғалімдер бірігіп жұмыс жасайды, іскерлік орнатылады, ақпаратпен алмасады және көшбасшы бола алатындығына сенім қалыптасады

«Оқуды басқару мен көшбасшылық»,

«Оқыту мен оқытуда жаңа тәсіл»,

«Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»

Презентация, ватман, суреттер, стикерлер, маркер, желім, қайшы, бейнежазба, слайд

Коучинг барысы

Кезеңдер

Бөлінетін уақыт

Коучерлердің

іс-әрекеті

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Ресурстар

Амандасу

1 мин

Коуч коучқа қатысушылармен амандасады



Ыстық алақан

2 мин

Коуч өзінен бастайды

Шеңбер құрып тұрады, комплимент айтады


Топқа бөлу: Армандастар, Атамекен, Арыс жағасында, Асыл әже \ереже құру\

4 мин

Өлең дауысын шығарыды

Мұғалімдер өлең сөздерімен топқа бөлініп отырады, ереже құрады

өлең сөздері жазылған парақтар, Өлең дауысы

Қызығушылық ояту

2 мин

Слайд. Көшбасшы

Мұғалімдер қарайды

слайд

Суреттер сөйлейді

15 мин

әр топқа фотосуреттер таратады

Топпен ақылдасып, фотосутерттермен постер жасап, қорғайды

Фотосуреттер, ватман, маркер, желім, қайшы

Тренинг

3 мин

Оқып тұрады

Мұғалімдер көздерін жұмып демалады, аяғында өз сезімдерін айтады

слайд

Сергіту сәті: караоке айту «Армандастар»

3 мин


Бейнежазбаны қосады

Мұғалімдер караоке айтады

бейнежазба

«Біз бағдарлама жүргізушіміз»: Информбюро, Айтуға оңай, Әйел бақыты, Түңгі студия

12 мин


Мұғалімдер топпен ақылдасып бағдарлама жүргізуші шығып қорғайды.


Алты қалпақ

8 мин

Қалпақтарды таратады

Алты қалпақтар өз рөлдерін сомдайды

Алты қалпақ

Рефлексия

3 мин

Стикер таратады

Стикер толтырады

стикер



Көшбасшылық- тәжірибені жетілдіру құралы


Көшбасшылық- тәжірибені жетілдіру құралы





«Көшбасшылық- тәжірибені жетілдіру құралы»

тақырыбында өткен коучинг сабаққа рефлексия


06.01.2016ж. күні «Көшбасшылық- тәжірибені жетілдіру құралы» тақырыбында коучинг сабақ өттім. Бұл жердегі мақсатым: мұғалімдер арасында біріккен іс-әрекет ұйымдастыру, қарым-қатынас іскерлігін орнату, ақпаратпен алмасу және көшбасшы атындығына сенім қалыптастыру болатын. Коучингте «Оқуды басқару мен көшбасшылық», «Оқыту мен оқытуда жаңа тәсіл», «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модульдері мен сұрақтары қамтылды. Мен коучинг сабағымды «Ыстық алақан» әдісімен мұғалімдерді шеңбер бойына тұрғызып, бір-біріне жылы лебіздерін айту арқылы бастадым. Мұғалімдерге өлең сөздері жазылған қималарды шатастырып ұсындым. Өлең сөздерімен топқа бөлініп отырды, ереже құрды. «Армандастар», «Атамекен», «Арыс жағасында», «Асыл әже» топтарына бөлінді.

Коучингке математика физика және информатика пәні мұғалімдері қатысты. Топқа бөлініп өз орындарына отырған соң интербелсенді тақтадан қызығушылықты ояту мақсатында слайд көрсетілді. Көшбасшы жайында мәлімет бердім. Суреттер сөйлейді кезеңінде әр топқа фотосуреттер таратып шықтым. Топпен ақылдасып, фотосутерттермен постер жасап, қорғады. Бұл жерде мұғалімдер өте жақсы әсер қалдырды. Мұғалімдер коучингке белсенді қатысып, өздерінің көшбасшы екендіктерін көрсетті. Әр елдің көшбасшыларына жеке тоқталып, түсіндіріп өтті. Одан кейін тренинг жүргіздім. Мұғалімдер көздерін жұмып демалады, әуенді баяулатып қою арқылы мәтін оқып шықтым. Тренинг аяғында мұғалімдер өз сезімдерін айтты. Осы жерде сергіту сәтін өткіздім. Тақтадан «Армандастар» әніне караоке айтты. «Біз бағдарлама жүргізушіміз» айдарында Информбюро, Айтуға оңай, Әйел бақыты, Түңгі студия тақырыптарына байланысты тақтадан суреттер ұсындым. Мұғалімдер топпен ақылдасып, бағдарлама жүргізуші шығып қорғады. Топпен ынтамақтастық орнады. Мұғалімдер белсенді түрде қатысып, өз ойларын, көшбасшылықтарын танытты.

Коучинг соғында кері байланыс орнату мақсатында «Алты қалпақ» әдісін қолдандым. Алты қалпақтар өз рөлдерін сомдады. «Қандай сұраққа түсінбедің?», «Қандай идея қосар едіңіз?», Бүгінге не алдың?» сұрақтары бойынша мұғалімдер стикерге өз ойларын, тілектерін жазып сурет парақшасына жапсыру арқылы рефлекция орнатты. Коучинг өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Өйткені өте қызықты, белсенді түрде өтті. Мұғалімдер жақсы әсер алғандықтарын білдіріп жатты. Мұғалімдер бірігіп жұмыс жасады, іскерлік орнатылады, ақпаратпен алмасты және көшбасшы бола алатындығына сенім қалыптасты.


© 2010-2022